Саясат • 30 Қазан, 2018

Қазақстан мен Ресей арасындағы іс-шаралар жоспары бекітілді

153 реткөрсетілді

Қазан қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның XX отырысы өтті. Қазақстан тарапынан тең төраға – бірінші вице-премьер Асқар Мамин, ресейлік тараптан Үкімет төрағасының бірінші орынбасары Антон Силуанов қатысты.

Отырыс барысында сау­да-экономикалық ынтымақ­тастық, отын-энергетикалық кешен, атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, білім беру және ғылым, ақпараттық технологиялар мен бұқаралық коммуникация, мәдениет, туризм, аймақаралық жә­не шекара маңындағы ынты­мақтастық, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өзара іс-қимылдарындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстан бірінші вице-премьері А.Мамин мемле­кет­аралық қатынастардың барлық деңгейінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың табысты екенін атап өтті.

Екі ел арасындағы өзара сау­да-саттықтың едәуір ұлғай­ғаны байқалды, бұл көрсет­кіш 34,1%-ға өсіп, $17,5 млрд-қа жетті. Өзара сауда көр­сет­кіш­терінің оң серпіні сау­да ай­налымын $20 млрд-қа жеткі­зуге мүмкіндік беріп отыр. Ресей Қазақстанның негіз­гі инвестициялық серіктес­терінің бірі, соңғы 12 жыл (2005–2017 жж.) ішінде инвестициялар ағымы $12 млрд құ­рады. Ресейден елімізге тіке­лей инвестициялар ағы­мы 2018 жылдың І жарты жыл­дығында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге — $821 млн дейін артты. Жалпы сомасы $3,6 млрд болатын, 12 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 50 инвестициялық жоба қар­қынды іске асырылып жатыр.

Отырыс барысын­да Қазақ­стан мен Ресей­дің екі­жақты өзара ынтымақ­тастығының басты бағыттарының бірі аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы болып табылатыны атап өтілді.

Үкіметаралық комис­сия­ның XX отырысының қоры­тын­дысы бойынша ҮАК тең төрағалары Асқар Ма­мин мен Антон Силуанов Қа­зақ­стан – Ресей Үкіметаралық ко­­миссиясының XX отыры­сы­ның хаттамасына қол қойды.

Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Пре­мьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Татар­стан Республикасының Пре­зи­денті Рустам Минни­хановпен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Татарстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастың барлық саласы, оның ішінде сауда-экономика саласы бойынша қарқынды ынтымақтастықты атап өтті, экономикалық және инвестициялық байланыстарды арттыруға мүдделі екендерін танытты.

2017 жылдың қоры­тын­дысы бойынша сыртқы сауда айналымы 1,7 есеге артып, $700 млн-нан асқан. 2018 жылдың I жарты жылдығының қорытындысы бойынша өзара сауда айналымының көрсеткіші 67%-ға артып, $400 млн-ға жуық болды. Биылдың өзінде өзара сауда айналымы көлемін $1 млрд-қа дейін жеткізу мүмкіндігі бар.

Асқар Мамин мен Рустам Мин­ниханов машина жасау, кө­лік пен логистика, мұ­най хи­миясы, АӨК, АТ-техно­ло­­гиялар, шағын авиация жә­не т.б. салаларда ынтымақ­тас­­тық­ты дамыту керектігін атап өтті.

Қазақстан бірінші вице-премьері А.Мамин мен Та­тар­стан Президенті Р.Минниханов екі ел арасындағы ынты­мақ­тастықты дамыту бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:33

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:26

Күлкі керуені № 2

Руханият • Бүгін, 10:27

Қылқаламның ұшында – Қарағанды

Руханият • Бүгін, 09:48

«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды

Руханият • Бүгін, 09:11

Қазақ дастарқанынан дәм татты

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ұқсас жаңалықтар