Парламент • 30 Қазан, 2018

Мәжілістің бюро отырысын өткізді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Мәжілістің бюро отырысын өткізді

Онда депутаттар «2019 – 2021 жылдарға арналған рес­пуб­ликалық бюджет туралы» заң жобасын талқылайды. Ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы негізінде және Бюджет кодексіне сәйкес еліміздің 2019 – 2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сай әзірленген. 

Сонымен қатар жалпы отырыста депутаттар назарына «Қа­зақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы ұсынылатын болады. 

Жалпы отырыста басқа да заң жобаларын қарау жоспарлануда.