Қазақ химия-технологиялық институты құрамында аталған кафедра өз уақытында аса өзекті болып табылған халық шаруашылығын химияландыру саясатын іске асыру мақсатында 1962 жылы ұйымдастырылды. Кафедраны сол кезден 1974 жылға дейін білікті маман, ұлағатты ұстаз, т.ғ.к., доцент Адеб Сейтмагзымұлы Сейтмагзымов басқарды. Іргелі Ленинград технологиялық институтының түлегі кафедраны қалыптастыруда, оның түлек-терінің Одақ көлеміндегі салалық өндірістерде, еліміздегі Шымкент, Тараз, Ақтөбе, т.б. қалаларындағы химия кәсіпорындарында білікті мамандар болып танылып, жетекшілік деңгейлеріне көтерілулеріне, олардың қатарынан педагог, ғалымдар дайындалып шығуына үлкен еңбек сіңірді.
1962-1974 жылдар аралығында кафедраны 1000-нан астам түлек бітіріп шықты, олардың 38-і қызыл диплом иегерлері болды. Осы кезең елеулілері қатарында: А.Демегенов, К.Закиева, Ш.Кемпиров, Г.Матухнов, С.Сандыбаев, И.Фролов, Г.Гильманова, Г.Мурзагараев, А.Рябков, А.Салыбаев, А.Шолахов, В.Ким, Г.Байгалина, Н.Бекметова, Ш.Таңатарова, У.Орынбаев, Т.Омарқұлов, Ю.Мамин, В.Бишимбаев, М.Беймұратов, О.Тұрдалиев, В.Летягин, Б.Бекбергенов, Ү.Бестереков, З.Ким, А.Дауылбаев, М.Сахиев, Ю.Шкарупа, В.Бочаров, К.Досыбекова, Р.Джакпарова, К.Мурзалин, С.Кривуля, А.Кириченко, С.Құттықадамов, С.Аманқұлов, К.Байжанов, Б.Маймур, А.Медеубеков, В.Сайфутдинов, В.Гармаш, К.Адиходжаева, В.Колесниченко, С.Жарқынбеков, А.Асауов, Б.Ахметжанов, Л.Тищенко, К.Айболаева, С.Сражиев және т.б. бар.
1974-1976 жылдарда кафедра жетекшілігіне жас ғылым кандидаты, бүгінде баршаға танымал ғалым, іскер жетекші, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Уәлихан Бишімбаев келді. Аталған кезеңде кафедра жетістіктері еселене түсіп, жаңа жетекші өз ұстазының бастамаларын ұтымды нәтижелей білді. Осы кезең түлектері арасынан біліктілігімен, іскерлігімен ерекшеленгендер қатарында: Х.Сарманов, Г.Көшербекова, М.Жекеев, В.Рожичнер, А.Нұрлыбекова және т.б. бар.
1976-1991 жылдар аралығында кафедра құрамы мен оның түлектерін мамандандыру бағыттарына толықтырулар мен заман талабына сәйкес қажетті өзгерістер енгізіліп отырды. Осы кезеңде кафедраға жетекшілікті кәсіби мамандар, дарынды педагогтар, ғылым кандидаттары мен докторлары Ким Лин Зу, Галина Попова, Орынтай Тілеуқұлов, Виктор Шевко жемісті атқара білді. Кафедра қабырғасынан бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарымен қатар, электрхимиялық және электр- термиялық үдерістер технологиясы мамандықтары бойынша дайындалған түлектер салалық өндірістер мен кәсіпорындардың мамандарға қажеттілігін қанағаттандырып, Қазақ химия-технология институтының педагог-ғалымдары қатарын толықтырып отырды.
Түлектер: Е.Семашко, Т.Исаев, З.Айнабекова, Г.Сидорова, А.Есімова, Р.Рүстембекова, Е.Шахабаев, А.Кокушева, Р.Нысанбаева, К.Шимановская, В.Головко, Г.Емелькина, А.Есімов, Б.Сабиев, О.Белозерцева, Г.Елқондиева, В.Ким, С.Назарбекова, А.Погорелова, А.Қадыров, В.Маркин, Л.Гусаковская, Н.Бөлтеков, Н.Боритченко, Д.Наурызбаев, В.Легкодумова, Е.Васюк, К.Құттықадамов, Н.Куликова, М.Шайхисламов, Б.Дәуренбекова, Ш.Есімова, М.Искандиров, В.Макарова, Т.Тұрдалиев, Б.Дүйсенбина, Р.Бижнова, Р. Ожакаева, Ш.Тоғызбаева, Р.Хамитова, Ш.Тасыбаева, К.Омарова, М.Мүсіркепов, М.Еспембетова, Р.Масақбаев, К.Монастырева, Г.Бажимова, А.Батыров, Д.Харламова, М.Кисикова, Г.Керімжанова, Н.Есентаев, Ж.Сейдалиева, Г.Казахова, Г.Миргамбаева, О.Сәрсенбаева, Г.Сиқымбаева, Г.Бекмұратова, Е.Оңғарбаев, Р.Байгарин, А.Демегенова, Е.Чикризова, С.Жұлдызбаева, Ж.Жанмулдаева, Г.Ақмуразаева.
1991-2005 жылдары кафедрада түлектерді мамандандыру бағыттары әрі қарай кеңейтіле түсті. «Жаңа жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы», «Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптау», «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» мамандықтары мен мамандандырулар бойынша талапкерлер қабылданып, жоғары білікті кәсіби мамандар дайындау іске асырылды. Нәтижесінде кафедраның салалық өндірістермен кәсіби, ғылыми, іс-тәжірибелік байланыстары артып, нығая түсті. Кафедра қабырғасында ғылым кандидаттары мен докторларын дайындау тиянақты және жоғары нәтижелі жолға қойылды. Кафедраның алыс және жақын шетелдердің жетекші оқу орындарымен және олардың танымал мамандарымен ғылыми, шығармашылық, оқу-әдістемелік, біліктілікті арттыру және т.б. бағыттардағы байланыстары нығайып, жемісті нәтижеленіп отырды. Осы кезеңде кафедраға жетекшілік міндетін т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі Шаяхмет Молдабеков абыройлы атқара білді. Түлектер: А.Ажиметова, Г.Каратаева, К.Жартыбаев, А.Қадірбаева, С.Ермеков, А.Болысбек, Ш.Қожахметов, А.Золин, Е.Кочеров және т.б.
2005-2006 жылдары кафедраны т.ғ.д., профессор Біржан Шәкіров басқарды да, әрі қарай декан қызметіне ауысып, технология факультетінің университет көлемінде алдыңғы қатардан көрінуіне елеулі үлес қосты, жоғары нәтижелі, жемісті еңбек етті.
2006-2011 жылдары кафедра деңгейінде мамандандыру бағыттары қатары жаңа «Металлургия», «Нанотехнология», «Ядролық химиялық технология», «Мембраналық технология» мамандықтарымен және мамандандырулармен толықтырылды. Кафедра мамандықтары мен мамандандырулары халықаралық ASIIN (Германия) аккредиттеу агенттігімен аккредиттелді, кафедраның материалдық-техникалық базасы нығайтылып, кафедра құрамында жаңа, заманауи талаптарға сай оқу-ғылыми зерттеулік зертханалар ашылды, ЖОО-ға магистратура және PhD-докторантура бағдарламалары бойынша білім беру лицензиялары алынып, ғылыми-педагогикалық мамандар дайындалды, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы инновациялық және тәуекелді жобаларға қатысуға қамту бағыттары бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары іске асырылды. Осы кезеңде «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы ОҚМУ техникалық мамандықтары арасында үздік деп танылып, Білім және ғылым министрлігінің ұлттық рейтингісі нәтижесі бойынша 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бірінші орынды иеленді, кафедраның Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық институты, Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университеті, Иванов мемлекеттік химия-технологиялық университеті, М.Ұлықбек атындағы Өзбек ұлттық университеті, Бийск технологиялық институты, Тәжікстан тау металлургиялық институты және т.б. мекемелермен халықаралық ғылыми-шығармашылық байланыстары және ынтымақтастығы нығая түсті. Осы кезеңде кафедраға кафедра түлектерінің бірі т.ғ.д., профессор Үйлесбек Бестереков жетекшілік етті. Түлектер: М.Жылқыбаев, Ғ.Қамбарова, А.Тілеуова, Қ.Жұманов, А.Ибраев, Н.Сағындықова, А.Тасболтаева, А.Ерубай, Ғ.Сержанов, Е.Төреқұлов, А.Мылтықбаев, Ж.Алтыбаев, Б.Мырзахметова, С.Жұманова, А.Тұрымбетов, М.Мурадова, Ж.Жоланова және т.б.
2011-2016 жылдары кафедрада оның түлектері т.ғд., профессорлар Мәлік Жекеев, Құрманбек Жантасов, т.ғ.к., доценттер Еркебұлан Кочеров, Мұрат Айтуреев жетекшілік етті. Аталған кезеңде кафедра жетістіктері жалғастырылып, кафедрада мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша магистранттарды мемлекеттік гранттар арқылы дайындауға мүмкіндік ашылды. Кафедраның ғылыми іс-әрекеттері нәтижелері халықаралық деңгейде танылып, кафедра профессорлары Ү.Бестерековтің және М.Жекеевтің жетекшіліктерімен НАТО Ғылыми комитетінің «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы бойынша халықаралық «Орталық Азияда судың трансшекаралық ластануын бағалау» гранттық жобасымен «Су гармониясы – кәсіпкерлікті, инновацияны, зерттеу мен білімді интеграциялау» халықаралық білім беру жобалары орындалды. Түлектер: А.Қыдыралиева, А.Түменбаев, Н.Смайл және т.б.
2017 жылдан бері кафедраға жетекшілік міндеті Санкт-Петербург технология институтының түлегі т.ғ.к., доцент Галина Сейтмагзимоваға жүктелді. Кафедрада химиялық технологияның бакалаврларымен қатар, мемлекттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша ғылым магистрларын мемлекеттік гранттар арқылы дайындау жалғастырылуда, ҚР БжҒМ гранттары бойынша ғылыми педагогика магистрлары мен технологияның PhD докторлары дайындалуда. Түлектер: Е.Плужникова, В.Ярочкина, Б.Айтөре, А.Тұрдықұл, С.Балқыбек, Т.Искакова және т.б.
Бүгінде кафедрада көпсалалы оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік, шығармашылық тәлім-тәрбие жұмыстары нәтижелі жалғастырылуда. Кафедра ұжымы университетіміздің жетістіктерінің еселене беруіне, мерейі асқақтай беруіне, болашақта ұлттық университет деңгейінен көрінуіне атсалысуға дайын және қабілетті.
Айдарбек БОЛЫСБЕК,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
«Химиялық инженерия және биотехнология»
жоғары мектебінің деканы
ШЫМКЕНТ