Әдебиет • 30 Қазан, 2018

Мағжан рухы және жаңа ғасыр жастары

1267 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Өткен жұмада елорданың жетекші оқу орны – Назарбаев Университеттің «Рухани жаңғыру» мәдени орталығында түркі әлеміне ортақ ұлы ақын, Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Мағжан рухы және ХХІ ғасыр жас­тары» атты әдеби-танымдық кеш өтті. 

Мағжан рухы және жаңа ғасыр жастары

Жастардың Мағжан Жұмабаев шығармашылығын түсініп, оқуға деген қызығушылығын ояту және ақын шығармаларына бүгінгі көз­қарас тұрғысынан қарап баға беру, студенттер мен­ ғалымдардың ара­­сын­да жанды диалог орнату­ды мақсат тұтқан іс-шараға Назар­баев Университеттің вице-пре­зиденті Хадиша Дайырова, об­лыс­тық «Солтүстік Қазақстан» қо­ғамдық-саяси газетінің директоры Жарасбай Сүлейменов, Ал­маты қаласындағы Қазақ­стан-Британ техникалық уни­верситетінің профессоры, ға­лым Жанар Қорабекқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің профессоры Ғалиябану Кертаева және бас қаланың өзге де жоғары оқу орын­дарынан оқытушылар мен студенттер қатысты.

Назарбаев Университет – әлемдік стандартқа сай жаратылыстану мен медицина бағытында білім алатын студенттерді тек салалық дамытумен шектелмей, жастарды рухани кемелдендіру, ұлтымыздың тарихы мен дәстүрін тел еміп өскен патриот азамат етіп тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан еліміздегі маңдайалды жоғары оқу орын­дарының бірі. 2010 жылы ірге­сі қаланғаннан бері үздіксіз ұйым­дастырылып келе жатқан мә­дени, рухани кештер соның айғағы. Атап айтар болсақ, өткен жылы «Жыр – семсер, күй – құдірет, өлең – өрнек» ат­ты қа­зақтың біртуар қайраткер тұл­ғалары: Махамбет Өтемісұлы, Құр­манғазы Сағырбайұлы жә­не Фариза Оңғарсынованы ес­ке алуға арналған әдеби-сазды кеш­ке куә болсақ, биыл Ш.Айт­матов­тың 90 жылдығына орай «Алаш­тың Айтматовы» тақы­рыбында және бір мазмұнды шара ұйым­дастырылды. «Мағжан рухы және ХХІ ғасыр жастары» – осы бір тағы­лымды да үлгілі үрдістің заң­ды жалғасы.

– Абай десе, ойымызға тұтас қазақ оралады. Яғни, Абай – қазақтың өзі болса, Мағжан – сол ұлы даланың рух туы. Сон­дықтан да бұл кештің ұлтымыз үшін орны да, тағылымы да зор. Мағ­жан мерейтойын ұлықтау шарасы жыл басында Түркияның Анкара қаласынан бастау алып, Әзер­байжан мен Македония елдерінде жал­ғасты. Анкарада ақынға ес­керт­кіш ашылды. Мұның бар­­лығы дүлдүл дарынның ұлы­лығын, күллі түркі әлеміне ор­тақ қайраткер тұлға екенін әйгі­лейді. Біз де осы бір тамаша үрдісті үзбей, еліміздің болашақ көшбасшылары тәрбиеленіп жатқан жоғары оқу орны – Назар­баев Университетте жалғас­тырғымыз келді. Еліміздің кемел келешегі – өрімтал жастар кім­дерді ардақтап, құрмет тұту керек деген мәселеге қазірден бас­тап көңіл бөлсек дейміз. Біздің мақ­сатымыз – балаларымызды өзіміздің тарихымыз бен салт-дәстүрімізден, ұлтымыздың ұлы тұлғаларын танудан алыс­татпау. Адам қанша білімді болса да өз ұлтының болмысы мен төл тарихын білмесе, ол адамның елі үшін еміреніп, Отанына жан жүрегімен қызмет етуі мүмкін емес. Осы себепті де жастарымызды тек жаратылыс­тану саласымен ғана шектемей, рухани кемелдендіруге, жан-жақты, интел­лектуал адам болып ер же­туіне барынша басымдық беріп, сол үшін аянбай жұмыс істеп жатырмыз, – дейді кешті ұйымдастырушы, Назарбаев Уни­верситет  жанындағы «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының директоры Гүлтас Құрманбай. 

Тағылымды кеш аясында белгілі журналист Жарасбай Сү­­­­лей­­меновтің жетекшілігімен «Асыл кітап» баспасында жарық көр­ген «Мағжан Жұмабаев» эн­ци­клопедиясының тұсауы ке­сіл­ді. Парасат-пайымы, ой-са­насы бүкіл түркі әлеміне нұрын шашқан ұлтымыздың ұлы тұл­ғасы, ірі қоғам қайраткері Мағ­жан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық қызметіне арнал­­ған айтулы еңбекте ақын­ның өскен ортасына, соңына қал­ырған әдеби-мәдени мұра­сына, қоғамдық қызметіне қатыс­ты мол әрі тың деректер кеңінен қам­тылыпты. 

Әдеби-сазды танымдық шара­ның тағы бір елеулі сәті – кеш аясында Назарбаев Уни­вер­ситетте бір айдан бері өтіп жат­қан «Мағжан оқулары» конкур­сы мен «Мағжантану» ғылыми жобалар байқауының жеңім­паздарының есімі жария­ланып, ар­найы дипломдармен марапат­талды. «Мағжан оқу­лары» бойын­ша 1-орын Назерке Леске бұйыр­са, 2-және 3-орынды Мәдина Өт­ке­лова мен Саян Қатренов бө­лісті. Ал «Мағжантану» жоба­­­сы­­ның жеңімпаздары сарапшылар алқасының шешімімен, тө­­мен­дегі реттілік бойынша қо­­­ры­­тындыланды: 1-орынды Бек­­­­­­сұлтан Қазыбай, 2-орынды­ Шың­ғыс Айдынов, 3-орынды Дина Түлекова еншіледі. Ал қазылар алқасының арнайы сыйлығы университет студенті Дәурен Биназаровқа табысталды.­ Тағы­лым мен танымдық мәні егіз өріл­ген әдеби кешті Назар­баев Уни­верситеттің сту­­дент­­тері қазақ және ағыл­шын тілін­де қойылған «Мен жас­тарға сенемін» атты әдеби-компо­зициялық сахналық көрі­ніс­пен түйіндеді. 

Біз кезінде ұлы ақынның өзі жырлап өткен, жастардың бо­йынан отансүйгіштік сезімді анық сезіндік.

Назерке ЖҰМАБАЙ, 
«Егемен Қазақстан»