Аймақтар • 06 Қараша, 2018

Жарты миллион тоннаға жуық ақ күріш жиналды

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің биылғы 9 айдағы негізгі жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.  

Жарты миллион тоннаға жуық ақ күріш жиналды

Аймақ басшысы сөзін өңір экономикасына әсер еткен ма­ ңыз­ды мәселелерден бастады. Шикізаттық емес секторды дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру басты міндет екендігін баса айтты.

– Желтоқсан айында Қазақ­стан-Қытай ынтымақ­тастығы бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан тампонажды цемент зауытын мерзімінен бұрын іске қосамыз. 26 қазанда «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы бас­талды, – деді облыс әкімі.

Су тапшылығы мен ауа райы­ның қолайсыздығына қара­мас­тан, «күріштің отаны» атанып кеткен өңірде күріш шаруа­шы­лы­ғы агроөнеркәсіптік кешен­нің жетекші саласы болып қала береді. Мәселен, биыл 473 мың тонна өнім жиналған.

Айта кетейік, 2018 жыл­дың басында облыста өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтар саны – 97 538 болса, 9 айдың ішінде олардың саны 62 мың адамға қысқарды. Тағы бір айта кететін жайт, шағын және орта бизнес саласында 14 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар өңірде сумен қамтамасыз ету және газбен жабдықтау мәселелері шеші­­­мін табуда. Қазіргі таңда өңір халқының 95%-ы орта­лық­­­­тан­­дырылған сумен қамта­ма­­­с­ыз етілген, 63%-ы табиғи газ­­­ды тұтынады. Өткен жылы Қызыл­­орда қаласы мен 7 аудан ор­­та­­­лы­ғының 4-уі газдан­ды­рыл­­ды. 2017 жылы Бай­қоңыр қа­ла­­сына газ берілді. Биыл қал­ған үш ауданға, атап айт­­қан­да, Қармақшы, Сырдария және Жалағаш аудандарына газ жет­кізі­летін болады. 2019 жылы ауыл­дық елді мекендердегі газ желі­­сі­нің құрылысы жүргізіледі. Соны­мен 2020 жылға қарай облыс тұр­ғын­дарын көгілдір отынмен қам­тамасыз ету деңгейін 95%-ға жеткізу міндеті қойылып отыр.

Қарлығаш ҚҰРАМЫС,

«Егемен Қазақстан