Қазақстан • 19 Қараша, 2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

194 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында бірқатар министрлер мен әкімдердің энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамаларын тыңдау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев әрбір өнім бірлігіне энергия тұтынуды төмендету алгоритмдерін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

Мемлекет басшысы еліміздің энергия сыйымдылығын төмендету қажеттігін белгілеген болатын.

Бүгінгі таңда өнеркәсіп салаларының энергия сыйымдылығын төмендету бойынша тек жалпы деректер бар. Бұл тетік оны қадағалау процесін: әрбір өнімді өндіру барысында энергияны тұтыну төмендеді ме, немесе тек өндіру төмендеп, соның салдарынан энергия таратушыларды тұтыну азайды ма, оны бақылауды қиындатады.

Осыған байланысты Премьер-Министр Инвестициялар және даму министрлігіне әрбір өнім бірлігіне энергияны тұтынуды төмендету алгортимін әзірлеуді тапсырды (болат, алюминий, көмір т.с.с. тоннасына).

Сонымен қатар мемлекеттік энергетика тізілімінде 5198 субъектіден тек 710-ы заңды тұлға, ал қалғандары квазимемлекеттік сектор, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорындағы компаниялар екенін ескере отырып, олар энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарды жолға қоюы тиіс.  

Б.Сағынтаев өңірлердің әкімдеріне инвесторлармен және энергия сыйымдылықты кәсіпорындармен жұмысты жандандыруды тапсырды, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары мен энергия үнемдеуді насихаттау назардан тыс қалмауы керек.

Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, өңірлерде энергия үнемдеу саласында жалпы сомасы 9,7 млрд теңгеден асатын сомаға 4 МЖӘ жобасы (Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстарында) іске асырылып жатыр. 4 МЖӘ жобасына қол қойылу үстінде, 10 МЖӘ жобасы бойынша құжаттамаларды әзірлеу және серіктестер іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқа облыстарда энергия үнемдеу саласындағы МЖӘ жобалары жүзеге асырылып жатқан жоқ.