Қазақстан • 23 Қараша, 2018

Әулиеатаға сирек кездесетін әупілдек келді

1533 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әупілдек құсы негізінен көлбұқалар туысы болып есептеледі. Олар өзендер мен көлдерді және қалың қамыс арасын мекендейді. Қазақстанда құстың бұл түрі кездеспегенімен, мамандар әупілдектің еліміз арқылы ұшып өтетінін айтады.  

 Әулиеатаға сирек кездесетін әупілдек келді

Жалпы, әупілдек ұғымы хал­қымызға жат емес. «Қамы­сы Әупілдектің мүше-мү­ше, сар­ғайдым осынау көлдің суын іше. Қос қанат құсқа біт­кен, маған бітсе, барар ем­­ қалқажанға әлденеше» деп­­ басталатын халық әні­ де­ бар. Жақында ғана әупіл­­дек­ құстың Әулиеата өңірі­не­ оқыстан келгені жайлы хабар естідік. Қызықты хабар көпшілікке де таңсық көрінгені рас.

Тараз қаласындағы «Фе­никс» қонақ­үйінің ауласына белгісіз құс келіп қона­ды. Бұл туралы алғашқы ақпаратты қо­на­қ­үй иесі А.Маралова елі­­­­міз­дің Ауыл шаруа­шылы­ғы­­ министрлігіне қарас­ты­ Ор­ман шаруашылығы жә­не­ жа­нуар­­лар дүниесі коми­те­­тінің баспасөз хат­шы­сы­­ С.Ділдахметовке жет­кі­­­­зе­­­ді. Нәтижесінде Жам­­­был­ облыстық орман­ ша­­­руа­­шылығы және жануар­лар дүниесі аумақтық инспекциясы жануарлар дү­ние­сі және аңшылық ша­руа­­шылығы бөлімінің ма­манда­ры Ж.Дүйсенбаева, С.Мінтұрғанов, Тараз қала­лық ветеринария қыз­меті инспекциясының бас ма­ма­ны А.Сүгірбаев жедел әрекетке көшіп, аталған құс­­тың Ресей мемлекетінің «Қы­зыл кітабына» енген әупіл­дек екенін анық­таған. Тараз қалалық ветеринария қызметі инспекциясының мә­ліметінше, әупілдек үй жануарлары дәрігерінің кли­ни­калық тексеруінен өткізілген. Тексеру нәтижесінде жабайы құстан ешқандай ауру бел­­гілері табылмаған. 

С.Мінтұрғановтың айтуынша, құстың қанаттары жә­не аяқтары сау. Сондықтан құс­тың өз бетінше ұша алатын­дығы туралы анықтама да­йын­далған. «Үлкен құс тір­шілік ортасына қайта жі­берілді. Қа­зақстанда бұл құс ме­кендемейді. Тек біз­дің мем­лекетіміз арқылы ұшып өтеді», дейді ол.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы