- Бұрынғы орындарға қаланың шағын аудандарынан жету қиын болатын, қазір жәрмеңкеміз қайта оралды. Әрбір шағын ауданға тең қашықтықта орналасқан.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, оған 90 тоннадан астам өнім әкелінген.
Жәрмеңке өткізуді өз мүдделері үшін талас-тартысқа айналдырғандар жәрмеңкенің ерекшелігін енді түсінген шығар.
Жалпы, жәрмеңке 2015 жылға дейін облыс орталығындағы «Квазар» сауда үйінің маңайында өтіп келді.
2016 жылы қалалық әкімдік жәрмеңкені «Квазар» сауда үйінің қасынан «Қан тапсыру орталығы» мен «Жедел-жәрдем» стансасына жақын жердегі кең алаң аулаға ауыстырды.
2016 жылы қыста жәрмеңкеге «Ертіс ырысы» деген атау беріліп, облыс орталығының оңтүстік шетіне қарай Торговая көшесі, 4/1 шағын айналым аумағына ауысты.
Былтыр «Ертіс ырысы» жәрмеңкесі Суворов көшесі,11 үй мекен жайындағы жабық жердегі ғимаратқа көшіп барды.
Қала әкімдігі, облыстық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармалары және «Gold Plaza» ЖШС деген бірлесіп меморандумға қол қойып үлгерді.
Қала әкімдігі «ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ашық алаңда өткізілмейді. Сауда алаңын 5 жыл мерзімге өтеусіз пайдалану үшін кәсіпкермен келісімге отырдық» деп хабарлады.
Жәрмеңкені жабық жерде өтеді деп бір, күн сайын өткіземіз деп екінші рет қателесті. Енді қалалық әкімдік «Gold Plaza» серіктестігімен келісімдерін үзген де болар?
Жәрмеңкенің жабық ғимаратқа көшуіне қала тұрғындары наразылық білдірген-ді.
Сол кездегі қала басшылығы жабық коммуналдық базар мен жәрмеңкенің айырмасын білмейтінін байқатып қалды.
Облыс орталығында азық-түлік, көкөніс, картоп саудалайтын басқа да жабық коммуналдық базарлар да, әлеуметтік дүкендер де, шағын базарлар да жеткілікті еді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР