Президент • 27 Қараша, 2018

Елбасы мақаласы жайлы пікірлер

896 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Елбасы мақаласы жайлы пікірлер

Арнайы жобаларға жол ашады

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақ­а­ла­сымен танысып шыққан бетте-ақ көңілімді ерекше бір қуаныш кернеді. Айтулы жобаның көңілге қонымды тұстары да, болашаққа артар жауапкершілігі мен салмағы да зор екен. Қазақтың басынан кешкен тарихын өнер, оның ішінде кино тілінде салмақ­тап сараптауға, танып зерделеуге бағытталған жарқын бастама­лар­дың жаршысы болады деген үміт маған осындай керемет көңіл күй, сенім сыйлады. 

Елбасының бұл бағалы ойлары нағыз дер шағында айтылды деп ойлаймын. Өйткені күні кеше ғана мәресіне жеткен ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі аясында Якутия, Башқұртстан, Қырғызстан секілді елдердің кино мамандарымен кездесіп, шығармашылық пікір алмасып, тарихи көркем туындылар түсіру бағытында келелі әңгіме құрған болатынбыз. Сонда­ғы айтылған ұсыныстар мен идея­лар Елбасының аталған кезек­ті бағдарламалық мақаласында жан-жақты әрі терең қамтылып, ойымыздың үстінен дөп түсіп отыр. Мәселен, бүгінде біз Мәдениет және спорт министрлігінің қол­дауы­мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясынд­а түсірілген «Қазақ елі»  киноэпо­пеясының «Алтын тақ» деп аталатын екінші бөлімін аяқтап, фильм дәл қазіргі уақытта өңделіп, жал­пыхалық­тық кинопрокатқа шы­ғаруға бағытталған ауқымды жұ­мыс­­­тар жа­­­салып жатыр. Алла жазса, 15 жел­­­тоқсан күні қалың көре­р­мен ал­­дын­да туындымыздың тұ­сауын ке­сіп, талғампаз киносүйер қауым­­ды қуантамыз деп ойлаймын. Зама­­науи талаптарға сай түсірілген экшн бағытындағы жақсы бір ди­на­ми­калы көркем туынды көп­ші­­лік көрер­меннің де көңілінен шыға­­ды деп сенеміз. Осы мақсат пен бағыт­та шамамыз жеткенше тал­­­май, тын­бай іздендік. Үлкен жұм­ыс­тар ат­қа­рылды. Нәтижесіне фильм­нің тұсау­кесерінде куә боласыздар. 

Міне, бұл да болса Елбасының аталған үндеуіне білдіріп жатқан қолдауымыз деп ойлаймын. Әрине, «Қазақ хандығымен» ізденісіміз тәмамдалмайды. Алда тағы да көп­теген ауқымды жоспарларымыз бар. Мәселен, болашақта Қасым ханның тұлғалық, азаматтық, ел тарихы жолындағы ерліктері жан-жақты қамтылатын тағы бір жақ­сы туындыны Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырсақ деген ойымыз бар. Сондай-ақ Алтын Орда мен Ақ Орда тарихын, ондағы халықты бас­қарған қазақ хандарының қаһар­лы жылдардағы қайраткерлік, ба­тыр­лық болмысын баяндайтын және бірнеше жобаны қолға алу да шы­ғар­машылық жоспарымызға еніп үлгерді. Қазақтың тарихы қандай бай болса, ондағы оқиғалар да сондай шытырман һәм қызық. Нағыз кино тіліне сұранып тұрған сюжеттер жетерлік. Сондықтан да тек талмай, тынбай ізденіп, жақсы дүниелер тудыра беру керек. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының айтулы жобасы толықтай мүмкіндік беріп, кең жол ашады деп ойлаймын. 

Бүгінде Қазақстан түркі тілдес ел­дердің ішіндегі киноөндірісі да­мып, жетекші орында көрі­ніп жүр­ген көшбасшы мемле­кет­­тер­дің қатары­на қосыл­ды. Осы қар­қыны­мыз­ды жоғалт­пай, алдағы уақытта да сапа­лы жұ­мыстарымызбен кө­рер­­мен­дерімізге рухани қуаныш сыйлаймыз деп сенемін. Мәселен, тек отандық киномамандармен ғана шектелмей, келешекте шетел­дік ірі компаниялармен бірлесіп, арғы тарихымыз, түбі бір ортақ тамырымыз жайында ауқымды жобаларды қолға алуды ойластырып отырмыз. Жақында ғана Бірік­кен Еуропа ұйымындағы Венгрия мем­лекетінің мамандарымен кез­десіп, серіктесіп жұмыс істеуге бағытталған ұсыныстар ортаға тасталды. Нақты келісімшартқа қол қойып үлгермесек те, бірлесіп кино түсіруге бағытталған алғашқы қадам жасалды. Бұл да болса тәуел­сіз мемлекетіміздің отандық кино­мамандардың шығармашылық ізденісіне жол ашып отырған тама­ша мүмкіндіктерінің бірі. Елбасы­мыздың айтулы бағдарламалық мақа­ласында айтылған ұсыныстар мен келелі ойлар енді тек сөз күйін­де қалмай, болашақта үлкен-үлкен ауқымды, шынайы жобаларға айналып кете алса – бұл ұлтымыздың ру­хани әлемі үшін теңдессіз олжа болар еді. Осы мақсаттарға сай қызмет етіп, Елбасы жүктеген идеялар мен ұсыныстарды Отанымыздың бір ұлтжанды азаматы ретінде жүзеге асыруға үлесімді қоса алсам, мен үшін бұл үлкен мәртебе. Ақиқатын айту керек, төл тарихымыздың алдында әрқайсымыздың өтелмейтін ғұмырлық һәм азаматтық парызымыз бар. Сол қарыз бен парызды өтейтін заман енді туды. 

Рүстем ӘБДІРАШ,

кинорежиссер 

Цифрлы форматқа көшіру маңызды

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақстандықтардың тарихи санасын жаңғырту мәселесін жаңаша қарастырады. Мақалада Елбасы «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – елдің табысты болуының кепілі», деп атап өтті. Н.Назарбаев тари­хы­мыздың көп қырлы екенін ескере отырып, оған оң көз­қарас танытуға шақырады. Бағ­дар­ламалық мақалада атқа міну мәдениеті, Ұлы даланың ежелгі металлургия саласы, аң стилі­нің өнері, Алтайда түркі әлемі­нің пайда болуы, Ұлы Жібек жолы сынды Дала тарихы мен мәде­ниетінің жеті қырына тоқталады.

Мен оның тарихты ұғыну мен тану мәселесін қалай қарастырғанына назар аударғым келеді. Ең алдымен Елбасы «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жүзеге асыруды ұсынды. Оның шеңберінде бүкіл әлем бойынша Ұлы даланың мұрағаттық деректері жиналып, цифрлы форматқа көшіріледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту саябағын ашуды, еліміздің тарихи кезең­дерін қамтитын «Ұлы дала тұлға­лары» атты ғылыми-көпшіл­ік серияларын шығаруды және 2019 жылы Астанада Түрколог­тардың дүниежүзілік конгресін өткізуді ұсынды.

Мақаланың тағы бір маңыз­ды мәселесі ретінде Елбасы­­ның  бүкіл қоғамды тарихты жаңаша қы­ры­нан тануға шақыруын атап өтуге болады. Қазіргі зама­науи тех­нологияның мүмкін­дік­­­терін қолдану арқылы тарих дерек­терін цифрландыруға шақы­ра­тыны қуантады. Бұл арқылы ел тұр­ғындары ғана емес, әлем ха­лық­тары да Ұлы дала­ның жеті қырын кеңі­рек тани алады. Мем­лекет басшысы­ның жаңа көз­қарасқа толы мақа­ла­сы оқыр­манды терең ойға жетелейді. 

Бигелді ҒАБДУЛЛИН,

Қазақ «ПЕН» клубының президенті