Аймақтар • 27 Қараша, 2018

Қарағандыда екі мұз айдыны ашылады

567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандыда екі мұз айдыны ашылады

Жақын арада Қарағандыда ашық аспан астындағы екі бірдей мұз айдыны саламатты өмір салтын серік еткендер үшін пайдалануға беріледі. Оның бірі «Шахтер» стадионының жанынан ашылса, екіншісі орталық саябақтағы қатқан көлдің үстінде орын теппекші. Сонымен қатар, бұл жерде қармен жүретін көліктерді де жалға алу мүмкіндігі қарастырылатын болады.  

Ал қазір қала тұрғындары мен қонақтары облыс орталығындағы «Ақжолтай» және «Doszhan Sport» мұз айдындарында коньки тебе алады. Бұл нысандардағы ақылы қызмет қолжетімді. Мысалы, конькиді бір сағатқа жалға алу орта есеппен 600 теңге болса, мұзда сырғанау 1000 теңгенің мұғдарында.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024