Қазақстан • 27 Қараша, 2018

Ольга Довгун нысана көздеуден Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Белгілі спортшы, білікті маман Ольга Довгун нысана көздеуден Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері болып тағайындалды.

Ольга Довгун нысана көздеуден Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды

Бұл есім жанкүйерлермен жақсы таныс. 48 жастағы Шымкент қаласының тумасы талай байрақты бәсекеде ел намысын абыройлы қорғап, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Атап айтсақ, 2002 және 2006 жылдары әлем чемпионы атанды. Азия ойындарында 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді олжалады. Құрлық біріншілігінде талай мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, көптеген халықаралық додаларда даярланады. 2000-2012 жылдар аралығында төрт бірдей Олимпия ойындарына қатысты. 2004 жылы Афиныдағы жарыста Ольга төртінші орынға табан тіреді. Үлкен спорттағы еңбегі еленген Довгун «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде спорттың бұл түрінің даму барысы елімізде біраз бәсеңдеп қалды. Енді Ольга Довгундай майталман маман сол олқылықтың орнын толтыруға барынша күш салады деген үміттенеміз.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»