27 Қараша, 2018

Юрий Пя: Бүгінгі жастардың мүмкіндігі көп

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан NurOtan Talks шарасында еліміздің үздік кардиохирургі, Қазақстанның Еңбек ері Юрий Пя отандық кардиохирургия жайын әңгімелеп берді.

Юрий Пя: Бүгінгі жастардың мүмкіндігі көп

«Астана – жалынды жастар қаласы. Астанаға келмес бұрын 10 жыл шетелде жұмыс істедім. 2003 жылдың 13 қаңтары Елбасымен алғашқы кездесуімде кардиохирургия саласын дамытуымыз керегін айтқан болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы жаңадан құрылатын кардиохирургия орталығына маман керегін айтты. Сол кезде Астанаға қайтып келуге бел будым», дейді Юрий Пя.

Кардиохирургия орталығында 2012 жылы алғашқы ота жасалды. Бұл – еліміздің кардиохирургиясындағы елеулі оқиға, жаңа серпіліс.

Сонымен қатар ол кардиохирургия орталығының қызметкерлерімен мақтанатынын айтты.  Орталықтың жас дәрігерлері халықаралық форумдарда сөз алып, Қазақстан атын шарықтатып жүрген көрінеді. Еліміздің үздік хирургі жастардың мүмкіндігі көп екенін, білім алудан, үйренуден қашпай, алға ұмтылу керегін айтты.