Қазақстан • 27 Қараша, 2018

Алматыда «Мен кәсіпкермін» VIII қалалық бизнес-экономикалық ойны өтті

828 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студент  жастардың  кәсіпкерлік дағдылары мен әлеуетін дамыту мақсатында Халықаралық Бизнес Академиясы  колледжі және ALMA University базасында Алматы қаласы колледждерінің  студенттері арасында «Мен-кәсіпкермін» атты  VІІІ қалалық бизнес- экономикалық ойнын өткізді. 

Алматыда «Мен кәсіпкермін» VIII қалалық бизнес-экономикалық ойны өтті

Іс-шара Алматы қаласының Білім басқармасының, Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы», Алматы қаласындағы колледждер қауымдастығы, «Рухани Жаңғыру» жобалық бюросының қолдауымен өтті.

Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінің директоры Альфия Хисматуллина, Алматы қаласындағы колледждер қауымдастығының президенті Жантілеу Азисханов, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин, Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің менеджері Г.Т.Джумадуллаева, ҚР Әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі жастар даму қорының президенті Р.Гасанов, «Атамекен» ғылыми-өндірістік кәсіпорнында спорт дүкенінің және «Korean Medical Travel» компаниясының негізін қалаушы, Алматы қаласының іскер әйелдері кеңесінің мүшесі, Іскерлік басқарудың докторы, «ID Group» компаниясының директоры Г.Шакирова, «Жаңа Ұрпақ» республикалық көшбасшылық мектебінің бас директоры А.Абжанов, «Шығармашылық шешімдер агенттігі «SHAIKH»ЖШС директоры Ш.Қазыбек, сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясы колледжінің студенттері және кәсіпкер ата-аналар клубының мүшелері қатысты.

 «Мен кәсіпкермін» атты  VІІІ қалалық іскерлік экономикалық ойынының конкурсына келесі салалар бойынша 120-дан астам жоба ұсынылды: өндіріс (30 жоба), қызметтер (33 жоба), экология және туризм (31 жоба), әлеуметтік кәсіпкерлік, білім және ғылым (31 жоба).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен сертификаттар берілді. Сонымен қатар, демеушілер айрықша жобаларды бағалы жүлделер мен сертификаттармен марапаттады.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ