Президент • 30 Қараша, 2018

Цахилгаан Дагба: Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекеттің тарихын жасап жатыр

287 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Цахилгаан Дагба: Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекеттің тарихын жасап жатыр

Менің Қазақ еліне ат басын бұрғандағы басты мақ­сатым – Қазақстанда құрыл­ған Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығы мен Әлем моңғолдары конгресі бір-біріне мүдделес құрылым болғандықтан осы тарапта атқарылып жатқан істермен танысу. Осы орайда әуелі айтпағым: Қазақстан – дүние жүзіне тарап кеткен қандастарын жинап жат­қан аз елдің бірі. Бұл нені білдіреді? Сөз жоқ, бұл оқиға болашақта қуатты, әлеуеті зор ұлыстың іргетасын қалау­ға жасалып жатқан ұмты­лыс. Қуатты, әлеуеті зор ел болу үшін оның экономика­сы, мәдениеті дамыған, ха­лық­аралық аренадағы саяси салмағы нық болуы тиіс. Қазір­гі таңда Қазақстан осы үрдістен табылып отырған Орталық Азия­дағы көшбасшы мемлекетке айналып үлгерді. 

Одан кейін өз басым Нұрсұлтан Әбішұлына жаһан­дық гео­саясатта орны бар ерек­­­ше тұлға ретінде және жеке адамдық қабілетіне зор құр­­метпен қараймын. Соның бір себебін айтайын: ел ордасы Астананы алып қараңыз, бұл шаһар кезінде Кеңес ода­ғын астықпен қамту мақсатын жүк­теген шағын орталық еді ғой. Бүгін қандай? Жеке бір мем­­­­лекеттің бет-бейнесін дү­ние жү­зіне айшықтайтын ірі мегаполиске айналып үлге­ріпті. Ең ғаламаты, бұл небәрі 20 жылдың ішінде атқарылды. 

Бұлардан басқа мені таң­ғал­­дырған тағы бір керемет іс – Нұрсұлтан Назарбаев өткен 2017 жылы бар-жоғы екі са­ғат­тың ішінде әлем қазақтары бас қосқан құрылтайды өткізе оты­рып, оның басшылық құра­­мын өзгертті. Сонымен қатар бұған дейін атқарылған іске баға беріп, алда атқарылар қыруар шаруаны жоспарлап үлгерді. Қараңыз, сол мезет­те-ақ Президент тарапынан міндеттелген жұмыстар ерте­ңін­де атқарушы билік тарапы­нан дереу қолға алынып, тиісті шаралар қабылданып жатты. Міне, бұл нағыз ел бас­қару­ға лайық тұлғаның қолы­нан келетін шаруа. 

Жалпы әріден алып қара­сақ, қазақ пен моңғол түп-тұқияны бір тамырдан тарайтын халық. Ол жайлы менің жазған кітабым бар. Яғни біз б.з.д. ІV ғасырда өмір сүр­ген көшпелі Ғұн тайпалар ода­ғы­ның ұрпағымыз. Тарих­та Мөде деген аса қуатты би­леуші болды. Мөде ханның әске­ри әлеуеті туралы көне қытай тарихшылары таңдана, там­сана баяндайды. Яки тарихы­мыз тереңдеген сайын тегіміз тоғысады. Бертінде тек тілдік тұрғыдан арамыз алыс­тағаны болмаса, көне көш­пенділер мәдениеті мен тұрмысының жұрнағы сақ­талған жұрт қазақ пен моңғол ғана. Осы орайда есте болатын дүние – бүгінгі Қазақстан ерте дәуірдегі ғұн мен сақтар­дың, орта ғасырдағы үлкен ұлыс Алтын орда мен Ақ ор­­да­­ның тікелей мұрагері. Осы ұғым-түсінік тұрғысынан қара­­сақ, Қазақстан елінің мем­ле­кет­­шілдік тамыры тереңде жатыр. 

Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаев жоғарыдағы байыр­ғы тарихи сабақтастық­ты сақ­тай отырып, «Ұлы дала ұр­пақтары» немесе «Мәңгілік ел» идеясын ауқымды идео­логияға айналдыра білді және дәуірге сай Қазақстан Рес­пуб­ликасын өмірге әкелді. Назарбаевтың алысты бол­жай алатын көрегендігін айтар болсам, ең бірінші ойға оралатыны мемлекет астанасын өте дұрыс таңдай алуы және әлемдік дең­гейдегі қала салуы. Біз оған тәнтіміз. Одан кейінгі үлкен ісі – алыс-жақын көрші елдермен тек достас­тық, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ұм­ты­­лысы. Бұл дегені­міз – біздің ата-бабаларымыз көп айтатын «көр­шімен тату болсаң – бейбіт өмір сүресің» дейтін қағи­даты­ның көрінісі іспетті. 

Өздерін демократиямен тыныс ашып жүрміз дей­тін біздің елдің бәзбір саяси са­рап­шылары тарапынан «Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ жыл ел басқаруда...» дейтін пікірлер айтылып қалады. Бірақ олар Нұрекеңнің дәуір­ге татитын еңбегін білмейді. Нақты­рақ айтқанда, көшпенді баба­ларымыздың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару» дейтін ұғымы осында орындалып жатқанын білмеген адамның пікірі екені анық. Ең бастысы жеке ел болып, дамудың дара жолына түскен мемлекет өзіне тән, ұлттық ерекшелігі мен территориялық орналасу ретіне қарай ең қо­лайлы жолды таңдауы тиіс. Нұрсұлтан Әбішұлы осы ретте қазақ­стандық жолды дұ­рыс таңдады. Бұлай болуы – өз тарихында тар жол тай­ғақ кешуді көп көрген қазақ халқының бағы демеуден бас­қа айтар жоқ.

Төртіншіден, әлемдік жа­һан­дану негізін зерттеуші­лер адам капиталы немесе адами ой-сана қуаты дегенді ал­ға тартып жүр. Бұл бүгінгі заманауи тұрғыдан қоғам­ды дамытудың локомативіне ай­­­­­на­л­уы тиіс құбылыс. Осы тұр­­ғы­дан бажайлап қара­ған­да Қазақ­­станда адам капи­­талын қалыптастыруға ба­сым­дық бе­рілген. Бұған бір мысал, ел­дегі «Болашақ» бағдар­ла­масының нәтиже бере бастауы.

Бесіншіден, қандай да бір мем­лекеттің негізгі ұстыны – ше­­ка­расы. Кеңес одағы құ­ла­ған тұста Қазақстан дәл осы мәселемен бетпе-бет қал­ды және Нұрсұлтан Назар­баевтың бе­делі мен саяси сұңғы­ла­лы­ғының арқасында бұл өте сәтті шешілді. Осы тұрғыдан па­йымдағанда болашақ ұрпақ Қазақ­стан Президентіне осы ісі үшін рахмет айтады. Өз басым Моңғолия атынан Қытай елін­­де сегіз жыл төтенше және өкі­­лет­ті елші қызметін ат­қар­дым. Дәл осы тұста Қазақ­­стан бас­­шы­сы қытайлық әріп­тес­тері­нің тілін тауып, шекара мә­се­лесін тиянақтады. Сіздер білсеңіздер, Қазақстан көрші Қытай елімен шекара дауын 100 пайыз шешкен жалғыз мемлекет. 

Сөзімді түйіндеп айтар бол­сам, Нұрсұлтан Әбішұлы қытай халқының ұлы реформа­то­ры Дэн Сяопин, син­га­пур­­­­лық Ли Куан Ю, үнділік Ма­хат­­­ма Ганди, түрік Кемал Ата­­­түрік сияқты ірі қай­рат­кер. Өйт­кені бұлар әлем­дік тә­­жі­­ри­беде жаңадан мем­ле­кет­­тік ор­натқан, сол мем­ле­кет­ті жаңа са­тыға көтеріп, ел­дің гүл­­де­нуіне ұйыт­қы болды. Сол се­­кіл­­­ді Қазақ­стан Рес­пуб­­ли­ка­сы­­ның Прези­денті Нұрсұлтан Назар­баев жаңа мем­лекеттің тың та­рихын жасап жатқан тұлға. 

Жазып алған 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»