25 Сәуір, 2012

Тамырластық тіні

296 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Тамырластық тіні

Астана қаласының Қазіргі заманғы өнер мұражайында Қа­зақ­стан-Венгрия дипломатиялық байланыстарының 20 жылдығына орай­лас­тырылған шара өтті. Шара аясында Марат Тұқ­сайытовтың, Жұмахмет Мырзахметовтің, Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың көрмесі ұйымдастырылды. Вен­грия­ның Қазақстандағы Елшілігі ұйытқы болған бұл көрмеге Венгрия Респуб­ли­касының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Имре Ласлоцки, тәуелсіз Қа­зақ­станның тұңғыш Сыртқы істер министрі, Қазақстанның Венгриядағы бұрынғы елшісі Төлеутай Сүлейменов, мұражайдың директоры Нелли Шиврина қатысты.

 

Астана қаласының Қазіргі заманғы өнер мұражайында Қа­зақ­стан-Венгрия дипломатиялық байланыстарының 20 жылдығына орай­лас­тырылған шара өтті. Шара аясында Марат Тұқ­сайытовтың, Жұмахмет Мырзахметовтің, Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың көрмесі ұйымдастырылды. Вен­грия­ның Қазақстандағы Елшілігі ұйытқы болған бұл көрмеге Венгрия Респуб­ли­касының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Имре Ласлоцки, тәуелсіз Қа­зақ­станның тұңғыш Сыртқы істер министрі, Қазақстанның Венгриядағы бұрынғы елшісі Төлеутай Сүлейменов, мұражайдың директоры Нелли Шиврина қатысты.

 

Көрме аясында сөз алған Венгрияның Қа­зақстандағы Төтенше жә­не өкілетті елшісі Имре Ласлоцки екі елді жақындастыратын тарихи тамырластыққа тоқтала келе, бүгінде Венгрияның Қазақ­станды аймақтағы тұрақты мемлекет деп танитынын атап өтті. «Біздің халықтарымызды, ең біріншіден, қыпшақтар байланыстырады. ХІІІ ғасырда қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Қазақстаннан Венгрияға келіп, Еуропаның қақ ортасын мекендегені белгілі. Яғни, Венгрияда қыпшақтардың, ал Қазақстанда мадиярлардың ұрпақтары тұрады. Қазіргі таңда Венгрияда қыпшақтардың 200 мыңға жуық ұрпағы бар. Олар ежелгі қазақ руы – қыпшақтармен мә­дени және этностық тұрғыдан жақын екен­діктерін сезінеді. Бұл Қазақстан-Венгрия ара­­сындағы тарихи тамырластығымыз уақыт өте келе тіпті де тереңдей түсетінін айғақ­тай­ды», деген елші ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи және мәдени байланыстарды үзбей дамыту қос мемлекет арасындағы диплом­а­тия­ның ең басым міндеті мен межесі екенін тілге тиек етті. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов те әң­гі­­ме ауанын екі елді біріктіретін туыстық, тарихи байланыстарға, Венгрия мен Қа­зақ­станның дипломатиялық әріптестігіне бұрды. «Екі халықтың сындарлы саяси үнқа­ты­суы­ның арқасында екіжақты ынты­мақ­тастық жоғары деңгейге көтерілді», деді Т.Сүлейменов.

Ал көрмені ұйымдастыру идеясын ұсын­ған өнертанушы Мария Жұмағұлова өз ойын: «Венгр халқы мен қазақ халқының арасында туысқандық байланыс бар. Сол се­бепті, біз бүгін үш қыпшақ-суретшінің көрмесін ұй­ым­дастырдық. Сол арқылы қазақ сурет­шілерінің өнерін танытуды, олардың әр­қай­сысының өзіне тән ерекшеліктерін көрсетуді мақсат тұттық», деп түй­індеді.

Көрмеге туындылары қойылған қыл­­­қалам шеберлерінің ізденіс-иі­рімі, суретшілік мәнері әр түрлі. Мә­се­лен, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­раткері Марат Тұқ­­­сайытов – фи­гуралық ком­по­зи­ция­лар­­­­дың, пейзаж бен пор­­­т­­ре­т­тің, на­тюрморттың ше­бері ретінде та­ныл­ған суретші-мо­ну­мен­талист. Ол Қа­­зіргі заманғы өнер мұражайына «Бас­талуы және со­ңы», «Ескі үйдің жанында», «Месхетинка», «Ауыл әуе­ні», «Күн батар алдында», «Ошаған», «Жазғы күн» сынды жеті картинасын сыйға тартқан екен. Бүгінде оның шығармашылық жұмыс­тары Германия, Венгрия, Ресей, АҚШ, Нор­вегияның жеке коллекцияларында сақталып­ты.

Алматы қаласынан келген Жұмахмет Мырзахметов Отанға сүйіс­пен­шілігін, туған өлке табиғатының сан алу­ан­дығы мен сұ­лулығын кескіндемелік туындылары арқылы жеткізуді мақсат тұтатын танымал сурет­шілердің қатарынан. Бұл орайда, Қа­зақстан Суретшілер одағының мүшесі, өнер­танушы Гүлнәр Жұбаниязованың: «Ол өзінің шы­ғармаларындағы нәзік табиғат әуендері ар­қылы туған жерінің тыныс-тіршілігін дәл­ме-дәл жеткізеді, осылай туған халқының жай-күй сезімдерін, оның тарихы мен бүгінін жырлайды. Суретші табиғатқа сәйкес келетін және туындыларына жаңа өң беретін түс-бояуларды пайдалануда асқан шеберлік танытады. Оның барлық жұмыстарына еркін ойлау мәнері мен қырағы бақылаулық қасиет­тері тән», деген пікірі суретші шығар­ма­шы­лығына оның шын шеберлігін мойындау арқылы берілген баға болса керек.

 Ал Павлодар өңірінен келген Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың туындыларынан көшпелі мәдениеттің тарихы мен ұлттық мәдени дәстүрлердің қазіргі заманғы жаңа үні се­зілетіндей көрінді. «Менің көрмеге қойылған суреттерімнің негізгі өзегі – қазақы, дәстүрлі тақырыптар. Бұл «Парыз», «Сонар», «Сарын», «Толғау», «Күй», «Әсем әуен», «Барып қайт» сынды шығармаларымнан көрінеді. Осындай туындыларым арқылы өзіміздің тарихымыздан, өмір салтымыздан сыр шерт­кім келді», дейді Қабдыл-Ғалым Қаржасов бізбен әңгімесінде.

Қазіргі заманғы өнер мұражайындағы суретшілер көрмесінде үш қылқалам шеберінің жеке жинақ­та­рынан және мұражай қорынан 30-дан астам кес­кін­демелік туынды қойы­лыпты.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.