Футбол • 10 Желтоқсан, 2018

Әлемнің ең үздік футзалшылары анықталды

83 реткөрсетілді

Футзалдан UMBRO Futsal Awards-2018 жүлдесінен үміткерлер қатары толықтай анықталды. Ал солардың арасынан кімнің үздік шығатыны таяу күндері белгілі болады.

Біз бұған дейін «Әлемнің ең үздік қақпашысы» аталымы бойынша үміткерлер тізімінде Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының мүшесі Игитаның барын жазған едік. Күні кеше Дуглас Жуниор мен Хоссейн Тайебидің де мықтылар санатына қосылғаны мәлім болды. Олардың екеуі де «Қайраттың» ойыншылары. Мәселен, 1988 жылы Бразилияда туып-өскен Дуглас Жуниор біраз уақыт өз елінде және Чехияда өнер көрсетті. 2015 жылы алматылық клубпен келісімшартқа отырды. Қазақстанның азаматтығын қабылдап, көптеген байрақты бәсекелерде ұлттық командамыздың намысын абыройлы қорғады. Амплуасы – қорғаушы. Сол кезден бері 30 рет алаңға шыққан ол 27 мәрте нысананы дәл көздеді.

Хоссейн Тайеби де 30 жаста. Ол Иранның тумасы. Биылғы Азия чемпионатында өз елінің ұлттық командасы сапында Азия чемпионы атанған шабуылшы сол жарыстың мергендер көшін бастады. 

Жоғарыда есімдері аталған ойыншылардан бөлек, «Umbro futsal awards-2018» жүлдесінен үміткерлер қатарында «Қайраттың» бас бапкері Пауло Рикардо Кака да бар.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Бүгін, 10:33

Сипаты бөлек «сыпайылық»

Руханият • Бүгін, 10:07

«Құныскерей» – құнды еңбек

Руханият • Бүгін, 09:53

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Ұқсас жаңалықтар