Спорт • 10 Желтоқсан, 2018

Александр Журавский Мұхаммед Рабииден жеңілді

145 реткөрсетілді

Францияның Леваллуа-Перре қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде бірінші орта салмақта күш сынасқан қазақстандық Александр Журавский марокколық Мұхаммед Рабииден жеңілді.  

Сегіз раундтық бәсеке барысында осы күнге дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген  Рабиидің басымдығы байқалды. Жерлесімізге қарағанда ол әлдеқайда ширақ қимылдап, көбірек соққы жұмсады. Мұхамеддтің техникалық және тактикалық тұрғыдан да мықты екені көрінді. Жекпе-жек аяқталған бетте төрешілердің барлығы да жеңісті бірауыздан Марокко боксшысына берді.

Естеріңізге сала кетейк, 2015 жылы Дохада өткен әлем чемпионатының финалында дәл осы боксшы біздің Данияр Елеусіновтен басым түсіп, бас жүлдені олжалаған болатын. 2016 жылы Рио де Жанейрода алауы тұтанған Олимпия ойындарының жартылай финалында Мұхаммед Рабии өзбекстандық Шахрам Гиясовқа ұтылды. Ал өзбектің өрені финалда біздің Данияр Елеусіновке есе жіберді.  

Осы сәтсіздіктен кейін Александр Журавский бірінші орта салмақтағы BoxRec рейтингінде бірден 49 сатыға төмендеп, қазіргі кезде 223 орынды қанағат тұтуда. Ал Мұхаммед Рабии болса, 12 сатыға жоғарлап, 62 орынға жайғасты. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ақ халатты абзал жан

Қоғам • Бүгін, 15:14

Қоғамға белсенді жастар керек

Аймақтар • Бүгін, 15:14

«Жас жалын» топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:59

Қапастағы қолөнер

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Турнирдің финалына шықты

Спорт • Бүгін, 09:49

Халық алдында есеп берді

Қоғам • Бүгін, 09:45

Тұңғыш рет топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:40

Қаламгерлерді қуантты

Руханият • Бүгін, 09:37

Қарсыластардың осалы жоқ

Қысқы спорт • Бүгін, 09:29

Ерлік есеппен жасалмайды

Қоғам • Бүгін, 09:27

Жазғы универсиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Ортақ міндет – Отанға адал қызмет

Қазақстан • Бүгін, 09:15

«Құланнан» өрген құлындар

Аймақтар • Бүгін, 09:14

1 жылдағы белестер

Қазақстан • Бүгін, 08:48

Түркістанның түлеуі

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Шектен шыққан шиеленіс

Әлем • Бүгін, 08:33

Ұқсас жаңалықтар