30 Мамыр, 2012

1979-дың «шырғалаңы»

1292 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

1979-дың «шырғалаңы»

Үшінші онжылдығының ше­рулішежіре­сін бастаған тәттілігіта­лас­сыз Тәуелсіз­дігіміз төбеденсалбырап түсе қалған жоқБұлТәуел­сіз­дік халық санасындакө­мес­кі­­лен­бе­ген ірілі-ұсақтыұлт-азаттық көте­ріліс­теріндешымырланыпұлан дала ұлдарының ұлышайқас­та­рында шыңдалғанАл солха­лық қозға­лыс­тарының бар­лы­ғыныңбір­дей ұрпаққа ұлағат болар тарихибағасы беріліптолық шынайы ше­жіресіжасалды маӘрине жоқАзаттықжолын­дағы күрес та­ри­хыныңақ­таң­дақ тұс­тарының бірі – 1979 жылыЦелиноград облы­сы­ның орталы­ғын­даболған «Ақмола көте­рілісі» болатын.Сол тарихи ақтаңдақтың орнынтанымал журналист-жазушы,мемле­кет­тік қауіп­сіз­дік коми­те­тінің бұрынғы қыз­мет­кері АмантайКәкен толықтыр­ған сияқты.

 

Үшінші онжылдығының ше­рулішежіре­сін бастаған тәттілігіта­лас­сыз Тәуелсіз­дігіміз төбеденсалбырап түсе қалған жоқБұлТәуел­сіз­дік халық санасындакө­мес­кі­­лен­бе­ген ірілі-ұсақтыұлт-азаттық көте­ріліс­теріндешымырланыпұлан дала ұлдарының ұлышайқас­та­рында шыңдалғанАл солха­лық қозға­лыс­тарының бар­лы­ғыныңбір­дей ұрпаққа ұлағат болар тарихибағасы беріліптолық шынайы ше­жіресіжасалды маӘрине жоқАзаттықжолын­дағы күрес та­ри­хыныңақ­таң­дақ тұс­тарының бірі – 1979 жылыЦелиноград облы­сы­ның орталы­ғын­даболған «Ақмола көте­рілісі» болатын.Сол тарихи ақтаңдақтың орнынтанымал журналист-жазушы,мемле­кет­тік қауіп­сіз­дік коми­те­тінің бұрынғы қыз­мет­кері АмантайКәкен толықтыр­ған сияқты.

Міне, менің алдымда Амантай Кәкеннің «Шырғалаң немесе тағы да неміс автономиясы туралы» атты салмақты кітабы жатыр. Автор бұл еңбегіне «деректі толғам» деген айдар тағыпты. Мен бұл жиырма баспа табақтан тұратын, тарихи деректер мен құжаттардан құрал­ған шығарманы шынайы ғылыми-зерттеу еңбек дер едім. Ақиқатын­да бұл кітапты оқып шығу маған оңай болған жоқ. Төрт күнге со­зыл­ған сол оқиғаның бел ортасында жүрген адам ретінде «Шыр­ға­лаңды» бір толғаныс, бір кү­дікпен қолға алдым. Бұрын 1979 жылғы «Ақмола көтерілісі» хақын­да мер­зімді басылымдарда аракідік тиіп-қашты мақалалар жарық көр­гені болмаса, «түкірігі жерге түс­пей тұрған» тоталитарлық импе­рия­ның шешіміне қарсы шыққан халықтық қозғалысты жан-жақты зерттеген мұндай сүбелі дүние жоқ болатын. Жастық жігер жетегімен белсене араласып, одан кейінгі өмірімнің өрнегіне өзіндік із қалдырған бұл оқиға туралы мен содан бергі өткен отыз жылдан астам уақытта бірде-бір рет қалам тартып көрмеппін. Ол әрине, жазу қолдан келме­ген­діктен емес. Елі­міздің, жеріміздің болашақ тұтас­тығына шын мәнінде темірқазық болған сол бір ұлы оқиғаның мән-мағынасын ашып, киелі нәтижесін ұлт санасына са­ли­қалы сапада сіңдіре аламын ба деген жауап­кершілік тоқтамы еді.

Амантай Кәкен осы бір толға­ныстың да, күпті көңіл күдіктің де шымылдығын сырып тастағандай болды. «Шырғалаң» шын мәнінде тақырыптың толғақты түйіндерін терең пайымдаған, оқиғаға әділ баға беру мақсатында айтар ойды тарихи құжаттармен тиянақтаған, авторлық әсіре баяндауларға бармай пікірлердің бәрін тірнектеп жи­наған деректермен түйіндеген толымды дүние екен. Кітап негі­зінен «Тағдырға мойын ұсынбай», «Мемлекеттілік үшін күрес», «Целиноград көтерілісінен соң», «Құ­жаттар. Мақалалар. Естелік­тер» атты толымды-толымды төрт тараудан тұрады. Автордың бұл кітапты жазуға жан-жақты ізденіс, тыңғы­лықты дайындықпен келгені ал­ғаш­қы тараудан-ақ айқын танылады. Онда Ресей империясының аума­ғына немістердің алғаш қо­ныстану кезеңі – ХІІ ғасырдың соңынан бастап, 1924 жылдың 20 ақпанында Кеңестік халық комис­сарларының декреті бойынша Еділ жағалауында неміс автономиялы республикасының құрылуына дей­ін­гі ресейлік немістердің тарихи шежіресі кеңінен көрініс тапқан. Амантай Кәкен тарихшыларға тән нақтылық тәсілмен құжаттық де­рек­­терді молынан пайдалана отырып, империя құрамындағы неміс хал­қы­ның республикалық құры­лымға бі­ріккенге дейінгі бірнеше ғасырлық шежіресін шебер баяндайды.

Міне, осылай бір орталыққа шо­ғырланып, ұйып отырған ұлт, тұтас бір автономиялы республи­ка­ның халқы КСРО Жоғарғы Кеңе­сінің 1941 жылғы 28 тамыз­дағы жарлығымен 24 сағатта депортацияланып, мылтықтың күші­мен жер аударылды. Еділ жаға­лауынан күш­теп көшірілген 497 841 неміс аза­маттарының 420 мың­нан астамы Қазақстанға айдалды.

1920-1932 жылдардағы ақси­рақ аштықтан жалпы санының 75 пайызын жоғалтып, сталиндік қу-ғын-сүргіннен тұралай селдіре­ген қазақ халқы жағдайының мүшкіл­ді­гіне қарамастан табиғи кеңқол­тық, адал­дығының арқасын­да жа­лаңаш-жалпы ашық аспан астында ұй­лыққан халықтарды баспана­сы­ның бір бұрышына паналатып, жар­ты нанын бөлісті. ХХ ға­сыр­дың бі­рінші жартысындағы ұлы нәубетті бастан өткерген ха­лықтар тағдыр­лас, мұңдас еді. Қазақ хал­қы­ның сол бір сұрапыл да ауыр жыл­дардағы зор адамгер­шілік қа­сиет­терін, асқан бауырмал­дылы­ғын Қа­зақстанға зорлықпен қоныс­танды­рылған барлық ха­лық­тар, оның ішінде немістер де барынша сезі­ніп, шексіз құрметпен еске алып, ешқашан ұмытқан емес.

Қазақ халқының сол бір ауыр тарихи кезеңдердегі асқан адами бау­­ырмалдылығына деген шынайы құр­мет сезімі 1979 жылғы «Ақмо­ла кө­те­рілісі» кезінде немістер тарапынан айрықша сезілді. КОКП Ор­талық комитеті Саяси бюросы­ның Қазақ КСР-нің құрамында Неміс автономиялы облысын құру туралы шешімін бірен-сараң болмаса, не­гізінен қазақстандық не­містердің басым көпшілігі қолда­ған жоқ. Сол кезде Целиноград қаласындағы Ке­ңес­тер үйінің жетінші қабатында «Фройншафт» газетінің журна­лис­терімен көрші тұрып, қоян-қолтық араласып жүргенде оған талай рет куә бол­дық. Бұл туралы Амантай Кәкен «Шырғалаң» кітабында былай дейді: «Бұдан соң мәскеуліктер немістің билік басында жүрген азаматтары – Краснознамен ау­дандық партия комитетінің бірінші хатшысы А.Браунмен, кеңшар директорлары А.Риммермен, Д.Бурбахпен сөй­лесу үшін ауданға жү­ріп кетті. Кейін олармен сұхбаттас­қан неміс басшылары: «Қазақстан­нан автономия сұ­ра­ғанымыз жоқ. Бізге жан­дарың ашыса, Еділ жаға­лауындағы рес­пуб­ликамыздың шаңырағын қай­та кө­те­ріңдер, ал мұндағы жағ­дайымыз жақ­сы» деген тұрғыда жауап бергенін айтты».

Сонымен Қазақстанда неміс автономиялы облысының құрыла­тын­­­дығы шындыққа айналды. «Шыр­­ғалаң» атты кітапта бұл мәселе бұл­тартпайтын тарихи құ­жаттар­мен дә­лелденеді. Кітапта Саяси бюро мү­­ше­сі Ю.Андропов баста­ған комис­сия­ның 1978 жылы тамызда мәсе­лені жан-жақты зерттеп, дайындаған құжаты, КОКП Саяси бюросының қаулысы, автономия туралы ереже түпнұсқада берілген. Сонымен бірге Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі прези­диумы­ның Неміс автономиялы облысын құру туралы жарлығының, КСРО Жоғарғы Кеңесі президиу­мының жарлығының, Қазақ КСР-нің осы мәселеге байланысты шығарған ар­найы заңының жобалары жария­лан­ған. Маусым айында Ерейментау қаласына Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші хат­шысы А.Коркин бастаған арнайы комиссия келіп, болашақ авто­номия­ның аумағы мен басшы кадр­ларына дейін белгілеген. Аман­­тай Кәкен нақты құжаттармен айқын­дағандай, Неміс автономиялы облы­сының ор­талығы Ерейментау қала­сы болып белгіленіп, оның құра­мына қазіргі Қарағанды, Көкшетау, Павлодар жә­не Целиноград облыс­тарының құра­мын­дағы бес аудан­ның аумағы бе­ріл­ген. Сонда Неміс автономиялы облы­сы­ның жалпы көлемі 46 мың шаршы шақырым, халқы 202 мың адам болып белгі­ленген. Болашақ Неміс автономиялы облысының бі­рінші басшы­лы­ғына А.Браун және А.Риммер та­ғайындалатын болыпты. Бәрі жан-жақты ше­шілген, ке­лісілген. Тек енді Бас хатшы, КСРО Жоғарғы Кеңесі президиумының төр­ағасы Л.Бреж­невтің жарлыққа қол қою мәселесі ғана қалған.

Бірақ тарихта тұңғыш рет жарты әлемді жетпіс жыл бойы «ашса алақанында, жұмса жұдырығын­да» ұстаған қызыл империяның бұй­ры­ғы орындалмай қалды. Оны орын­датпаған халық тегеуріні, 1979 жылы 16-19 маусым күндері Целиноград қаласында болған халық көте­рілісі еді. Бұған дейін 1979 жылғы Целиноград оқиғасын тілге тиек еткендер «студент жас­тардың қар­сылығы» деген мә­селемен шекте­ліп келген. Амантай Кәкен өзінің осы бір тарихи сүбелі еңбегінде оны бүкілхалықтық қоз­ғалыс дең­гейіне көтеріп, «Егемен Қазақстан» газетінде жария­лан­ған арқалы ақын, марқұм Хамит Ерғалиевтің мақаласынан алынған «Ақмола кө­терілісі» деген пікір­мен түйіндейді.

Азаттық аңсаған халқымыздың тәуелсіздік шежіресіндегі 1979 жыл­ғы «Ақмола көтерілісінің» тарихи маңызын қысқа қайырыммен айтып жеткізуге болмас. Ойлап қара­ңызшы, «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» КОКП ОК Саяси бюросының сол шешімі жүзеге асып, Қазақстан аумағында Неміс автономиялы республикасы құры­лып кетсе, не болатын еді? Онда бүгінгі біртұтас Қазақстан Респуб­ликасын көз алдымызға елесте­ту­дің өзі мүмкін емес. Автор «Шы­р­ғалаң» атты еңбегінде бұл мәселені былай түйіндейді: «1979 жылы не­міс­тер автономия алса, онан соңғы кезек ұйғыр мен кәрістікі еді. Олар да бұл мәселені күн тәртібіне шы­ғаруға әзір болатын. Сөйтіп, Қазақ елі бір басында бәленбай автономиясы бар, соның салдарынан қан­ды қырғынның ошағына айналып отырған қазіргі Кавказия, яғни Қап тауына айналмас па еді?!.».

«Шырғалаңда» осындай зор тарихи маңызы бар көтерілісті кім ұйымдастырды, лектор Шапров­тың сөзінен кейін көтерілген Целиноград ауыл шаруашылығы инс­титу­тының студенттері Саяси бю­роның шеші­мін өзгертетіндей осындай те­геу­рін­ді қарсылықты ұйымдастыра алар ма еді, деген сияқты сұрақтар төңі­ре­гінде көп пікір айтылады. Бірақ нақ­ты түйін жасалмайды. Осы ретте өзім көзіммен көріп, басымнан өт­кер­­ген бірер жәйтті айта кеткім ке­леді. 19 маусымда өтетін негізгі ереу­ілге дайындық барысында 16-18 маусым аралығында біз педа­гогикалық институттың жа­тақха­насында ха­лық­ты ереуілге шақыр­ған транспоранттар мен үндеулер дайындадық. Сол күндері ереуілге шығатын студенттер зве­ноларға бө­лініп, звенолар брига­да­ларға топ­тасты. Сонда студенттер өзде­ріне басшылық жасаған звено же­текшісінен артық ешкімді біл­мей­тін еді. Екіншіден, 16 маусым күні орталық алаңдағы митингіден кейін Целиноград темір жол вокзалына дейін келіп, вокзал алдын­да­ғы алаңда тағы да митинг өткізілді. Сонда Целиноград стансасына келіп тоқтаған бірнеше пойыз жарты сағатқа кешіктіріліп, жолаушы­лардың митингіге қатысуына мүм­кіндік жасалды. Вокзал алаңын­дағы митингі аяқталысымен онда­ған бос автобустар келіп, студент­терді жан-жаққа таратып әкетті. Ал мұндай жан-жақты ойласты­рылған ұйымдастырушылық шара­ларының тек студенттердің ғана қолынан келе қоятын мәселе емес екендігін өздеріңіз де түсінер­сіздер.

Жарты әлемде үстемдігін жүр­гізіп отырған мемлекет басшы­лығының шешіміне қарсы шыққан қозғалысқа қатысушылар тексеріл­мей, жауапқа тартылмай қалған жоқ. Оны осы ереуілге қатысушы ретінде мен де басымнан өткердім. Осы орайда сол кезде нағыз ұлт­жандылық танытып, тағдыры­ма бей-жай қарамай қолұшын берген Целиноград облыстық партия ко­митетінің хатшысы Мағауия Есма­ғамбетова мен сектор меңгерушісі, марқұм Сабыр Сипатовқа қарыз­дармын. Целиноград қаласындағы ереуілге қатысушыларға тек Қаза­қ­стан Компартиясы Орталық Коми­те­тінің бірінші хатшысы Д.А.­ Қо­­на­­евтың «Бұл оқиға салдарынан бір­де-бір адам зардап шекпейтін болсын» деген табанды нұсқауы­ның ар­­қасында қатаң жаза қолданылмады.

ХХ ғасырдағы халықтар түрме­сіне айналған ұлы держава ұлт­тардың да, ұлыстардың да мүдде­сімен ешқашан санасып көрген емес. Кремль шешімі кеңестер құ­рамындағы халықтар үшін бұл­тарт­пас қағида, бұлжымас заң болатын. Қазақстанда Неміс автономиялы облысын құру жөніндегі Саяси бюроның 1979 жылғы маусым­дағы шешімі де бұлжымай орындалатын осындай пәрмен еді. Бірақ қасиетті жерін қастерлей білетін қазақ халқы ұрпағының ертеңі үшін тайсалмай қылышы­нан қан та­мған Қызыл империяға қарсы шықты. Қарсы келгенде қанға бөк­тіретін тотали­тар­лық мәшиненің мұндай қарсы­лықты кешірмейтінін де білді. Бірақ тарих таразысы азат­тық сүйгіш адал халықтың мүд­десіне басымдық берді. Ғасыр­лар бойы Қазақ жұр­тының қасиетті мекені болған туған жеріміздің тұ­тастығы сақталып қал­ды. «Ақмола көтерілісінің» тәуелсіз Қазақстан Республикасының бүгіні мен бола­ша­ғындағы тарихи да, саяси да маңызы осында. Ал Амантай Кә­кеннің «Шырғалаң» атты кітабы сол айтулы оқиғаның шынайы да кемел шежіресін жасаған. Сөзі­міз­ді осы кітапқа пікір жазған белгілі неміс жазушысы Герольд Бель­гер­дің мына сөзімен түйіндейік: «Убеж­­ден: и казахи, и немцы, и – возможно – русские будут благодарны за столь значительный и объективный труд журналиста и писателя Амантая Какена».

***

Бәрі жан-жақты ше­шілген, келісілген. Тек енді Бас хатшы, КСРО Жоғарғы Кеңесі пре­зидиу­мы­ның төрағасы Л.Бреж­невтің жарлыққа қол қою мәселесі ғана қалған.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».