Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2018

Құқық үстемдігі – қоғамдық келісім негізі

826 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Мемлекеттің және азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау қызметі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Құқық үстемдігі – қоғамдық келісім негізі

Халықаралық адам құ­қық­тары күніне және БҰҰ Бас Ас­сам­блеясының Адам құ­қық­тарының жалпыға бірдей дек­ла­ра­циясының қабылданғанына 70 жыл толуына арналған іс-шараға Жоғарғы сот төрағасы Ж.Асанов, Президент жа­нын­дағы Адам құ­қықтары жөнін­дегі комиссия төрағасы Қ.Сұл­танов, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұ­рақты үй­лес­тірушісі Н.Ши­момура, Еуропа одағының Қазақ­стан­дағы өкілдігінің басшысы С-О.Карлссон, ЕҚЫҰ-ның Ас­танадағы Бағдарламалар Кеңсе­сінің басшысы Д.Сабо, Ұлы­британияның Қазақстандағы Тө­тенше және өкілетті елшісі М.Гиффорд, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам өкілдері және басқалар қатысты.

Мемлекеттік хатшы өз құт­тық­тауында Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Құқық үстемдігі – біздің ре­­фор­маларымыздың табысты бо­луының негізгі факторы» деген сөзіне тоқталды.

– Қазақстанда адам құқығын қорғаудың ұлттық жүйесі ел­дің құқықтық дамуының негі­з­гі көрсеткіші болып саналатын берік экономикалық іргетасына негізделген және аза­маттардың өмір сапасын арт­тыруға бағыт­талған, – деді Г.Әб­діқалықова.

Алқалы жиын барысын­да Конституция және қолда­ныстағы заңдар арқылы кепіл­дік берілген адам құқығы мен бос­тандығын жүзеге асыру, адам құқығын қор­ғаудың ұлт­тық тетіктерін жетіл­діру мәсе­ле­лері бойынша пікір алмасыл­ды.

Халықаралық құқық нормаларын имплементациялау проб­лемалары, Қазақстан Республи­касында адам құқығын сотта және соттан тыс қорғау ісін жетілдіру мә­селелері тал­қы­ланды.

Халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстанның құ­қық қорғау тетіктері мен адам құқы­ғын қорғаудың ұлттық жүйесіне оң баға берді.

Соңында Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова адам құқығын қорғау саласын­да тиімді ынтымақтастық жүр­гізіп келе жатқаны үшін халық­аралық институттарға және құ­қық қорғаушы үкіметтік емес ұйым­дарға алғыс білдірді.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»