Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018

Google Қазақстанда 2018 жылы ең көп ізделген сұрауларды жариялады

369 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Google Қазақстан биыл ең көп қойылған сұраулардың қорытындысын жариялады.

Google Қазақстанда 2018 жылы ең көп ізделген сұрауларды жариялады

Қазіргі таңда Ларри Пейдж бен Сергей Брин 1998 жылы құрған Google компаниясында дүниежүзі бойынша 50 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Ол өз кезегінде Google Іздеу, Карталар, AdWords, Gmail, Android, Chrome мен YouTube сынды өнімдер мен платформалардың кең ауқымын ұсынады. Сондай-ақ Google компаниясы 2015 жылы Alphabet холдингтік компаниясының құрамына кірді.  

Жыл сайын дәстүрлі түрде жылдың аяғында бұл компания Google-дан қазақстандықтардың не сұрағанын анықтау үшін миллиондаған іздеуді талдайды.

Өткен жылы Қазақстанда Google арқылы ең әйгілі іздеу-сұраным Ресейде өткен футболдан әлем чемпионаты, яғни «2018 ӘЧ» болды. Сонымен бірге сұранымдардың бірінші ондығында Күнделік – электронды күнделік, «Мажор» сериалының түрлі маусымдары, «Рублевкан шыққан полиция қызметкері»,  «Аққан жұлдыздар бағы» және «Бойдақ» ТД – шоуы бар. Сонымен бірге қазақстандық көрермендерді 2018 жылдың бейне фильмдері, қазақша – орысша электронды аудармашы мен биылғы Оразаның ауыз бекіту кестелері қызықтырған.

«Жыл адамы» – Қазақстанның атақты мәнерлеп сырғанаушысы – Денис Теннің қазасы болды. Екінші орында – Xxxtentacion, ол өткен жылдың жазында қаза болған Лодерхиллдан шыққан американдық рэпер. Көшбасшылар үштігін UFC  аясында өнер көрсететін Хабиб Нурмагомедов жабады. Сонымен бірге қазақстандықтар Стивен Хокинг, Меган Маркл, Стэн Ли, Конор Макгрегор, Иосиф  Кобзон, Хорватия Президенті мен Олег Табаков жайлы ақпараттарды іздеген.

Бейне фильмдер арасында 2018 жылы безбүйрек «Веном» туралы кинокомикс  көшбасшы болды. Сонымен бірге бұл ондыққа «Кекшілдер» комикстар негізіндегі бірнеше бейне фильмдер кірді: «Шексіздік соғысы», «Дэдпул 2» және «Қара пантера». Сонымен бірге қазақстандықтар «Демалыстағы құбыжықтар 3» мультфильмі туралы, «Сұр түстің 50 өзгешелігі» романынын экранға түсіру жалғасын, «Жоғарыға қозғалыс» спорттық драма және «Фантастикалық мақұлықтар: Гриндельвальд қылмыстары» фантастикалық бейне фильмі туралы ақпарат іздеген. Отандық фильмдерден ондыққа «Америкадағы қазақша бизнес» және «Аға және неке» комедиялары кірді.

«Жыл сериалы» категориясында «Мажор 3» пен «Рублевкадан шыққан полиция қызметкері», «Аққан жұлдыздар бағы», «Ивановтар Ивановтар» және «Гранд Лион» сериалдары сұраныста болған.

Google  пайдаланушыларының арасында Қазақстанда ең танымал ТД – шоуы «Бойдақ» шоуының 6 маусымы болды. Сонымен қатар, қазақстандықтар «ТНТ – дағы әндер», «Бузоваға тұрмысқа шығу», «Көріпкелдер күресі» 19 маусымы, «Евровидение 2018» және «Үй 2» шоуларын іздеген. Қазақстандық ТД-шоуларының ішінен «Қалаулым» шоуы қызықтырған.

«Жыл сатып алуы» категориясында тағы да теміржол билеті алда. Сонымен бірге қазақстандықтар Алматы қаласынан үй сатып алуды, ұшаққа және киноға билеттер сатып алу, велосипед пен Қарағандыда пәтер сатып алу туралы ақпараттарды жиі іздеген. 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51