Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында Аққайың ауданында заманауи сүт фермасы ашылды. Аққайың ауданына жұмыс сапармен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов «Иван Зенченко» ЖШС-нің заманауи сүт фермасында болды. Нысанды Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Зенченконың немересі Иван Зенченко тұрғызды. Ол  атасының жолын қуып, еңбек династиясын жалғастырып келеді. Ферма толық автоматтандырылған, соңғы үлгідегі цифрлы технологиялар енгізілген. Күніне 10 тоннаға дейін сүт өндіре алады.

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

«Президент экономиканы цифрландыру бойынша міндеттер қойған болатын. Еліміздің басты мерекесі қарсаңында облыс бойынша соңғы үлгідегі 4 сүт фермасын ашып отырмыз. Бәрі– цифрлы кешендер», - деді Құмар Ақсақалов. Сапар барысында аймақ басшысы Рублевка ауылындағы жаңартылған мәдениет үйіне барды. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында  серіктестік мәдени нысанды күрделі жөндеуден өткізуге қаражат бөлген. Әкім  Аққайың ауданының жұртшылығымен кездесіп, шаруашылықтың  атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. 15 жылдан кейін мәдениет ошағы  қайта жаңартылып,  ауылдықтардың шығармашылық,  рухани орталығына айналып отыр.

Серіктестік  Рублевка ауылында заманауи спорт кешенін тұрғызуды жоспарлап отыр.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы