Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

437 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К.Петровтың басшылығымен комиссияның кеңейтілген отырысы болды. 

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

Отырыста мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар туралы және жергілікті атқарушы органдардың 2018 жылғы 28 қазандағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын іске асыру жөніндегі мәселелер қаралды.

Отырыс бейнебайланыс режімінде Мәжіліс депутаты Ж.Омар­­бе­ко­ваның, Әділет, Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау министр­ліктерінің, Адам құқықтары жөнін­дегі ұлттық орталық өкілдерінің, об­лыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдері орынбасарларының, ке­ңес­шілерінің, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау­ды үйлестіру бас­қармалары басшы­ла­рының, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Отырысты ашқан К.Петров БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары жө­ніндегі конвенциясы адам құ­қық­тарын қорғау саласындағы басты құжаттардың бірі болып табылатынын атап көрсетті. Осыған сәйкес 2018 жылы сайлау заңнамасына мү­ге­дектердің сайлау құқықтары бойынша маңызды толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, олар учаскелік сайлау комиссияларының мүмкіндіктері шек­теулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау, жергiлiктi атқа­рушы органдардың сайлау комис­сияларына мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқық­тарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұ­мыста жәрдемдесуі және дауыс бе­руге арналған үй-жайларды жабдық­тау кезінде мүмкіндіктері шек­теулі азаматтар болып табылатын сай­лау­шылардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз етуі мәселелеріне қатыс­ты болды.

Отырысқа қатысушылардың қа­рауына ұсынылған Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдардың жобасын Орталық сайлау комиссиясының жұмыс тобы әзірледі, жұртшылықпен мүдделі тұл­ғалардың танысуы үшін ОСК-ның сайтында орналастырылды жә­не алдын ала аумақтық сайлау ко­мис­сияларына, Астана, облыстар, респуб­ликалық маңызы бар қалалар әкім­дерінің кеңесшілеріне жіберілді.

Осы ұсынымдарды қабылдаудың мақсаты – сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік және мем­ле­кеттік емес органдардың, қоғам­дық бірлестіктердің Қазақстан Рес­публикасының мүмкіндіктері шек­теулі азаматтары үшін олардың сайлаушылар, сайланбалы лауазымдарға, сондай-ақ сайлау  комиссиялары құрамдарына кандидаттар ретіндегі құқықтарын іске асыруға ықпал ете­тін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау жөніндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Екінші мәселе бойынша сөз сөй­легендер жергілікті атқарушы  орган­дардың 2018 жылғы 28 қазан­дағы шығып қалған мәслихат депу­тат­тарының орнына сайлаудан кейін мүгедектердің құқықтарын қамта­масыз ету бойынша атқарылған жұмыс туралы мәлімдеді.

Кеңейтілген отырысқа қатысушы­лармен пікір алмасу барысында өңір­лерден қосымша ұсыныстар келіп түсті, олар ұсынымдарды қабылдау кезінде ескерілетін болады.

 

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»