Облыс әкімі жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы 3 маңызды мәселе шешіліп жатқанын: біріншіден, салық базасының ұлғаюы, екіншіден, жаңа жұмыс орындарының құрылуы және үшіншіден, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығының жақсарғандығын атап өтті..
- Біз биыл жалпы бюджеті 32 млрд. теңгені құрайтын кешенді «Жол картасын» әзірледік! Оның ішінде аталған қаражаттың 3 млрд. теңгеден астам бөлігін «Стартап» жобаларға бағыттадық. Жыл басынан бері қайтарымсыз гранттар, несие алудың қадамдық іс-әрекетін, типтік бизнес-жоспарларды әзірлесек, ал жобаларды сүйемелдеу үшін әрбір ауылдық округке облыстық деңгейдегі лауазымды тұлғалар бекітілді. Бұдан бөлек, бекітілген лауазымды тұлғалардың жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша есебін ай сайын тыңдаймыз,-деді ол.
Облыста жыл басында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37 450 бірлікті құраса, онда ағымдағы жылдың 10 айдағы қорытындысымен оның саны 42 066 бірлікке жетті. Яғни, жыл басынан бері жұмыс істеп тұрғандардың санын 4616 бірлікке толықты. Бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 12,7% болды. Сондай-ақ, егер жыл басында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 75 пайыз болса, онда ағымдағы жылдың 10 айында оның үлесі 81 пайызға жетті.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы