Президент • 27 Желтоқсан, 2018

Мерекелерге орай құттықтаулар

64 реткөрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін және Қазақстан Респуб­ли­касының Тәуелсіздік күнін мерекелеу­ге орай Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан, халықаралық ұйымдардың, шетелдердің және Қазақстанның мем­лекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйым­дарының жетекшілерінен, диплома­тиялық миссиялар басшыларынан, діни, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен, сондай-ақ Қазақстан азаматтарынан көптеген хат келіп түсті.

Мемлекет басшысының атына Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Қытай Халық Республикасының Төр­аға­сы Си Цзиньпин, Америка Құра­ма Штат­тары­ның Президенті Д.Трамп, Түркия Респуб­ли­касының Прези­денті Р.Ердоған, Герма­ния Феде­ра­тивтік Республикасының Прези­денті Ф.-В.Штайнмайер, Өзбек­стан Республикасының Президенті Ш.Мир­зиёев, Тәжікстан Республикасының Пре­зи­денті Э.Рахмон, Қырғыз Респуб­ликасының Пре­зиденті С.Жээн­беков, Тү­рікменстан Пре­зиденті Г.Берды­мұхамедов, Беларусь Рес­публикасының Президенті А.Лукашенко, Ук­­раина Президенті П.Порошенко, Әзер­бай­­жан Республикасының Президенті И.Әлиев, Армения Республикасының Пре­­­зиденті А.Саркисян, Молдова Респуб­ли­касының Президенті И.Додон, Иран Ислам Рес­пуб­ликасының Президенті Х.Рухани, Үндістан Республикасының Прези­денті Р.Ковинд, Біріккен Араб Әмір­лік­терінің Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян, Ауғанстан Ис­лам Республи­касының Президенті М.Ға­ни, Италия Рес­пуб­ликасының Прези­ден­ті С.Мат­тарелла, Польша Республи­касы­ның Пре­зи­денті А.Дуда, Швейцария Конфеде­рация­сының Президенті А.Берсе, Вен­грия Президенті Я.Адер, Чех Республи­касы­ның Президенті М.Земан, Сербия Рес­пуб­ликасының Президенті А.Вучич, Слова­­кия Республикасының Президенті А.Кис­ка, Литва Республикасының Прези­­денті Д.Грибаускайте, Латвия Респуб­ли­­ка­сының Президенті Р.Вейонис, Эс­то­ния Республикасының Президенті К.Калью­лайд, Финляндия Республикасының Пре­зи­денті С.Нийнистё, Грекия Респуб­лика­сының Президенті П.Павлопулос, Болгария Респуб­ликасының Президенті Р.Радев, Румыния Президенті К.Йо­хан­нис, Корея Республи­касының Прези­денті Мун Чжэ Ин, Син­гапур Респуб­ликасының Президенті Х.Якоб, Вьет­нам Социалистік Республи­ка­сы­ның Пре­зиденті Нгуен Фу Чонг, Моң­ғо­лия Президенті Х.Баттулга, Перу Рес­пуб­ликасының Президенті М.Корнехо, Мы­­сыр Араб Республикасының Пре­зи­ден­ті А.Ас-Сиси, Алжир Халық Демокра­тия­­лық Республикасының Пре­зиденті Ә.Бу­­те­ф­­лиқа құттықтау жолдады. 

Әл Нахаян, Сауд Арабиясы Корольдігі Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, қорғаныс министрі, тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Абдуләзиз Әл Сауд, Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.Пашинян, Таиланд Корольдігінің Премьер-Министрі генерал Прают Чан-Оча, Ямайка Премьер-Министрі Э.Холнесс, Малайзия Жоғарғы билеушісінің орынбасары Сұлтан Назрин Муиззуддин Шах құттықтау хаттарын жолдады.

Шет мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің құттықтау жеделхаттарында Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырып, дәйекті дамыту, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру ісіндегі рөлін ерекше атап өткен.

Халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері өз хаттарында Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ мемлекетаралық  ынтымақтастық орнату және оны нығайту үшін қолайлы жағ­дай қалыптастыру жолындағы еңбе­гіне жоғары баға берген. Солардың қатар­ында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысының мінде­тін атқарушы В.Семериков, Ислам Ынты­мақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Ю.әл-Осеймин, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Б.Әміреев, ТМД атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы С.Лебедев, БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Н.Герман, Мемлекетаралық авиация ко­ми­тетінің төрайымы Т.Анодина, ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңе­сінің Бас хатшысы Ю.Осипов, ТМД Пар­ламентаралық ассамблеясы кеңесінің Бас хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД Пар­ламентаралық ассамблеясындағы уәкі­летті өкілі А.Нұсқабай, Ұжымдық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымы Парла­мент­аралық ассамблеясы жауапты хатшы­сының орынбасары – Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Ұжымдық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымы Парламент­аралық ассамблеясындағы уәкілетті өкілі В.Рогалев және басқа да тұлғалар бар.

БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Наталья Герман Мемлекет басшысының атына жолдаған хатында: «Сіз «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабыңызда тек азат ойлы, жаңашыл әрі жасампаз азаматтар ғана Қазақстанды жоғары дамыған мемлекетке айналдыра алатынын және алға ұмтылатын кез келгенін айтқан болатынсыз. Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді. 2019 жыл Қазақстан үшін жаңа белестерді бағындыратын жыл болатынына сенемін», – деп атап өткен.

Сонымен қатар көптеген хаттар шетелдік және отандық өндіріс ұжымдары мен қаржы құрылымдарынан келіп түсті. Атап айтқанда, мұндай хаттарды «Астана» халықаралық қаржы орталығының ұжымы, «Теңізшевройл» ЖШС-нің басшылары Тед А.Этчисон, Имер П.Боннер және М.Мұқашев, «Эни СпА» компаниясының атқарушы директоры К.Дескальци, «Шеврон» корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Д.Балтц, «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Н.Попович, «Қазақстан халық банкі» АҚ басшылары Ү.Шаяхметова мен А.Павлов, «Мабетекс групп» компаниясының басшысы Б.Паколли, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті Ә.Мамытова, «ALTYN TAU COMPANY» ЖШС-нің директоры Д.Әбдірашқызы, «Құбыр-металлургия компаниясы» БАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Д.Пумпянский, «Глобал» компаниялар тобының жетекшісі Н.Шабаев және басқа да ұйым басшылары жолдаған.

«Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Никола Попович Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген даму нәтижелеріне тоқталған. «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көптеген жетістікке жетті, соның ішінде мемлекеттік шекара бекітілді, Конституция мен ұлттық валюта қабылданды. Әр жылдары еліміздің беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі – Қазақстанның әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалуының айқын дәлелі. Мұндай жетістік жас мемлекеттердің тәжірибесінде болмаған. Бүгінде Қазақстанның алдында ұзақ мерзімді даму бағытымызды айқындайтын орасан зор міндеттер тұр. «Қазцинктіктер» жаңа белеске деген ұмтылысты әрдайым қолдайды және алға қойған міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға әзір», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ өз құттықтауларын Рим Папасы Франциск, Мәскеу және Бүкіл Ресей патриархы Кирилл, Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз, Барлық армяндардың Жоғарғы патриархы және Католикосы ІІ Гарегин, Қазақстан православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр, Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний жолдаған.

Көптеген мерекелік құттықтау хаттар Ресей Федерациясынан, таяу және алыс шетелдерден, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерінен келіп түсті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысын Татарстан Республикасының Президенті Р.Минниханов, Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуров, Астрахань облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы С.Морозов, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Бусыгин, «Русснефть» ҰК» БАҚ директорлар кеңесінің төрағасы М.Гуцериев, «Сбербанк» БАҚ басқарма төрағасы Г.Греф, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.Садовничий, Ресей халықтар достығы университетінің ректоры В.Филиппов, Бірлескен ядролық зерттеулер институтының директоры, РҒА академигі В.Матвеев, Гонконг әкімшілігінің басшысы К.Лэм, Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі И.Кулеба, «Аға Хан» даму ұйымының төрағасы IV Кәрім Аға Хан және басқа да тұлғалар құттықтаған.

«Сбербанк» БАҚ басқарма төрағасы Герман Греф өз хатында: «Тәуелсіздік күні мемлекеттеріңіздің азаттығы мен қуаттылығының символы саналатыны сөзсіз. Тарихи тұрғыдан аз уақыт ішінде Қазақстан халқы демократиялық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра білді», – деп атап өткен.

Өз құттықтауларын еліміздің ғылым, білім және мәдениет саласының қайраткерлері жолдаған. Солардың қатарында Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Жұрынов, «Назарбаев Университет» дербес білім беру ұйымының президенті Ш.Катсу, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры М.Ибатов, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б.Жәутіков, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Мұсақожаева, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінің Қазақстандағы филиа­лы­ның директоры А.Сидорович, Қазақ-Америка еркін университетінің пре­зиденті Е.Мәмбетқазиев, ҚР ҰҒА академиктері С.Қирабаев және Ә.Бей­сенова, жазушылар С.Досанов және С.Елубаев, Қазақстанның халық әртісі Е.Хасанғалиев, опера әншісі М.Мудряк, тарихшы Ә.Бегедаев, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұжымы, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы және басқа да азаматтар бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов өз хатында Мемлекет басшысына отандық ғылым мен білім саласына қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғыс айтып, ғылыми-зерттеу жұмысының жекелеген бағыттарын дамытудың нәтижелеріне тоқталады. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мыңдаған ұжымының атынан ғылым мен білімді дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіп, келесі жылы өзінің 85 жылдығын атап өткелі отырған университетімізге баса мән беріп келе жатқаныңыз үшін зор алғыс білдіреміз. Сізге мықты денсаулық, амандық және халқымыз бен тәуелсіз мемлекетіміздің игілігі жолындағы қызметіңізге табыс тілеймін», – делінген жеделхатта.

Сонымен бірге құттықтаулар Халық Қаһарманы, армия генералы М.Алтынбаевтан, Қазақстанның Еңбек Ері Ұ.Қарабалиннен, қоғам қайраткерлері О.Әбдікәрімовтен, Т.Мансұровтан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж.Ерғалиевтен, Социалистік Еңбек Ері С.Жұмабековадан, еңбек ардагері К.Оразбековтен, Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамының президенті Е.Арғымбаевтан, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Д.Қыдырәліден, журналист Л.Монастырскаядан, Қазақ ПЕН-Клубының жетекшісі Б.Ғабдуллиннен, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашевтен, «Сақтар» рухани халық медицинасы орталығының ұжымынан, «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің ұжымынан, «Жас Ұлан» қоғамдық бірлестігінің ұжымынан, «Асыл бала» қауымдастығының мүшелерінен, «Асыл мұра» Қазақ­стан мұрағатшыларының республи­калық қоғамдық бірлестігінің мүшелері­нен, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассам­блея­сының мүшелері – А.Башмаковтан, Л.Гир­шадан, Г.Пуссельден, З.Чумако­вадан, С.Руссудан, О.Николашинадан, Г.Ис­­маиловадан, Р.Битковадан, Р.Челид­зеден және басқа да азаматтардан келіп түсті.

Теология және дін саласының маманы Расим Челидзе өзінің құттықтау хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық мәселелерді реттеудегі рөлі мен еңбегін айрықша атап өткен. «Сіз бірқатар халықаралық проблемалар бойынша медиатор бола білдіңіз. Мәселен, Сирия мәселесін шешу үшін қақтығысушы тараптарға диалог алаңын ұсындыңыз. Бүгінде бұл үдеріске бүкіл әлем назар 

аударып отыр. Астана мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастар орнатуға негіз қалады», – делінген хатта.

Елбасының атына өзінің ізгі тілек­тері мен құттықтауларын Астана қала­сынан А.Бейсембинова, М.Қанатова, М.Ра­хымбекова, М.Сағындыққызы, Н.Тел­қожа, Айтқожиндер отбасы, Тә­жі­кеновтер отбасы, Алматы қаласынан М.Ги­пертаева, Е.Тегісбаев, Г.Жетаева, Қ.Иман­беков, Алматы облысынан А.Мұрат, М.Тұрысбаев, Шымкент қаласынан Ұ.Бақтыгерей, Б.Ғарифоллин, Р.Оспанова, Ж.Пралиев, Ақмола облысынан Қ.Құсайынов, Ақтөбе облысынан Ә.Бектырлиев, В.Бөлекбаева, А.Қа­лағанов, А.Матаева, Шығыс Қазақстан облысынан М.Иманберді, Е.Оразалин, Жамбыл облысынан Т.Мырзахметов, Батыс Қазақстан облысынан М.Альбекова, Т.Құбашев, К.Хайруллин, Қостанай облысынан А.Крюков, Қызылорда облысынан А.Дін­мұхаммед, С.Нұрсайлау, Павло­дар облысынан Г.Михнова, М.Өтеубаев, Солтүстік Қазақстан облы­сынан Д.Ис­мақов, Түркістан облысынан М.Балаубеков, еліміздің тұрғындары К.Ли және Е.Ушмаева, Х.А.Ясауи атын­дағы Қазақ-түрік халықаралық универ­ситетінің студенті Я.Рашид, «Бола­шақ» бағдарламасының стипендиаты А.Өте­місов, «Юсимас» академиясының студент­тері, «Nomad» балалар ансам­блінің мүшелері және басқа да азаматтар жолдаған.

Көптеген құттықтау хаттар минис­тр­ліктер мен ведомстволар басшыларынан, облыстар әкімдерінен, Парламент депутаттарынан, елшілерден, еліміздің ұлттық компаниялары мен өзге де мемлекеттік мекемелерінің, кәсіпорындар мен ұйым­дарының жетекшілерінен келіп түсті.

Мемлекет басшысы келіп түскен барлық хаттармен танысып шығып, хат иелеріне жылы лебіздері мен құттық­таулары үшін ризашылық білдіреді.  

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар