Президент • 27 Желтоқсан, 2018

Телефон арқылы сөйлесті

62 реткөрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон ар­қылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылап, биыл Қа­зақстан мен Украина арасындағы бай­ланыстардың жандана түскенін атап өтті.

Екі ел көшбасшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Украина дағдарысына қа­тыс­ты тараптарды сындарлы диалог жүр­гізіп, келісімге келуге шақырды, сон­дай-ақ осы қақтығысты шешу үшін жан-жақ­ты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

Украина Президенті Петр Поро­шенко Керчь бұғазы маңында болған оқиға жө­нінде мәлімдеді. Осыған орай, Қазақ­стан Президенті бұл мәселенің Ук­раина мен Ресей тараптары арасын­дағы келіссөздер арқылы тезірек шеші­луіне ниеттестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары алдағы уа­қытта да байланысты жалғастыра беру жөнінде уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар