26 Желтоқсан, 2012

Буырқанған бояулар

673 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Буырқанған бояулар

Қазақбай Әжібекұлы – халықтың мәдени тұтастығын паш етуге тырысып, ақиқат тарихты жазатын, еңбектері бізге өткен шақтың белгілерін еске салатын, осы шақта өмір сүретін және бағдар беретін суретші. Оның образды әлемінде өз халқының рухының ұлылығы, шығармашылығында табиғаттағы, аңыздардағы, дәстүрлердегі, музыкасы мен поэзиясындағы даланың барлық мәдени тарихы көрініс табады. 

«Қазіргідей құбылмалы заманда, тәуелсіз Қазақстанның мәдениетінің ұлттық идеясын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын мәңгілік құндылықтарға мән берген дұрыс» деп санайтын оның пейзаждарында Отан тақырыбы алып күш-қуатқа толы.
Қазақбай Әжібекұлының әрбір шығармасында суретшінің ғана емес, әрбір қазақтың жаны бар. Оның «Алтын дала», «Қыз Жібек», «Сары Арқа», «Көшпенділер», «Құрылтай», «Қош», «Атамұра», «Кобызшы» шығармалары ешкімді, әсіресе, қазақ азаматын немқұрайлы қалдырған емес.
Қ. Әжібекұлы тудырған кескіндемелік бейнелер, байырғы замандарда болғанмен, оның шығармаларында өміршеңдігін дәлелдеп отырады. Ал оның туындыларының бар байлығы болып келетін әйелдердің әшекей заттары, киімдері, кілемдер, киіз үй жабдықтары тек қана тұрмыстық заттар емес. Олар көшпенділердің әлем құрылысы жөніндегі түсініктерінің үйлесімділігі. Ол арғы ата-бабаларымыздың әлемтанудағы сезім-түсініктеріне бой берумен бірге, өз шығармалары арқылы жоғалып кеткен алғашқы мөлдір сезімдерді, тазалықты, даналықты іздейді.
Оның жұмыстары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейінде, ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде, «Ақорда» Президент резиденциясында, Г.Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық бейнелеу өнері музейінде және түрлі елдердегі жеке коллекцияларда сақталған.

Ләйла Еділқызы,
«Егемен Қазақстан».