Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Кәсіби ұшқыштармен кездесті

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскери қалашықта орналасқан №32 мектепте білім алатын балалардың дені әскерилердің отбасынан. Осыған орай болашақта еліміздің қорғаныс күштері саласында қызмет етуді армандайтын балалардың да саны аз емес. Отансүйгіштікті, жауынгерлік рухты тәрбиелеу мақсатында мектепте арнайы жауынгерлік еңбек даңқы музейі де жасақталған. 

Кәсіби ұшқыштармен кездесті

Жуырда осы музейге әс­кери әуе күштері бөлімінің  идео­логия және арнайы наси­хат бойынша аға офицері  Дар­хан Құсайынов МИ-26 тікұшақ-тренажерін әкелген-ді. Балалардың таңданысын, қызығушылығын туғызған тікұшақпен танысу үшін ар­найы кездесу ұйым­дас­тырылып, мектепке келген ұшқыштар Аслан Рахымбаев және Мағжан Ержанов әскери техникалар, ұшақтар мен тікұшақтар туралы, әуеде оқыс қимылдарға дайындық,  ұш­қыш болу үшін қандай ерік-жігер, талаптардың қажет екендігі жайында өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Мектеп директоры Аида Хасенова осындай ерекше сабақ ұйымдастыруға ықпал еткен Әуе қорғаныс күштері авиабазасының командирі Нұрлан Байдуллаев пен Дар­хан Құсайыновқа мектеп ұжымы атынан зор риза­лық білдіріп, мектептерде әс­кери сабақтардың жиі өтуі балалардың бойында отан­сүйгіштікті дарытуға,  ерік-жігерді шыңдауға,  ержүрек пен батылдыққа тәрбиелеуге мүм­кіндік беретіндігімен қатар өмірде кездесетін қиын­дықтарға мойымауға, жауап­кер­шілікті болуға шақыра­тынын атап өтті.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ