Биылғы маусымда елорда командасы 14 ойын өткізді. Чемпиондар лигасында 6 матч, Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде 2 ойын және топтық кезеңде 6 кездесу өткізді. Жалпы 6 кездесуде жеңіске жетсе, 3 ойында тең үсті. Ал 5 матчта қарсыластарына есе жіберді.
Әр матчтан кейін ойыншылардың статистикалық сараптамасын жүргізіп отыратын Instat компаниясы биылғы маусымда «Астананың» қорғаушысы Марин Аничичті үздік ойыншы деп таныды. Аничич 14 ойынның 12 матчына қатысып, бір гол соққан. Сондай-ақ Астанада «Ренн» командасына қарсы өткен ойында ол әріптестеріне 87 пайыз дәл пас берген. Екінші орын биыл Қазақстан футболы үшін «жыл жаңалығы» болған 20 жастағы Бақтияр Зайнутдиновке бұйырды. Үздік үштікті венгриялық жартылай қорғаушы Ласло Кляйнхайслер түйіндеді.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»