Аймақтар • 11 Қаңтар, 2019

Қостанайлық кәсіпкер: «Сүр етті кім жемейді, шіркін?»

194 реткөрсетілді

Қарабалық ауданындағы Святослав селосында тұратын мүмкіндігі шектеулі ғаріп жан Дәулет Байыров еттен жеңсік ас дайындайтын цех үшін ет сүрлейтін жабдық пен вакууматорды мемлекеттік гранттың арқасында алды.  Дәулеттің алға қойып отырған жоспары ауқымды. Өйткені кәсіпкер болашақта өзінің өнімін экспортқа шығаруды да ойластырып отыр.

Бизнеспен айналысу туралы ой Дәулетке өзінің өмірі ойламаған жерден өзгергенде ғана келді. Жүргізуші болып жұмыс істейтін ол мүгедек болып қалған соң, үйде қарап отыру ауыр тиетінін сезінді.

«Мен секілді П топтағы мүгедек жанға банктердің несие бере қоюы қиын. Ал «Бастау» бағдарламасының курсы маған кәсіпкерліктің әліппесін ғана үйретіп қойған жоқ, грант алуға да мүмкіндік берді. Менің жасаған жобамды 240500 теңгеге бағалады» дейді Дәулет.

Ол жабдықты Алматы қаласынан алып келді. Мал шаруашылығы ауданда дамыған. Сүрлейтін ет жақыннан табылады. Ол алдағы уақытта жабық циклды өндіріс ұйымдастырғысы келеді.

«Көктемде 50 қаздың балапанын сатып аламын. Сүрленген қаз еті - өте жеңсік ас. Ары қарай уақыт көрсетеді. Негізі, тек қаздың еті ғана емес, жал, жая, шошқа майы, барлығы да жақсы сүрленеді. Сүр еттің дәмді ас екенін халқымыз жақсы біледі. Сосын оны кім сүйсініп жемейді дейсіз, шіркін (жымияды)? Қолымыз жүргеннен кейін өнім түрлерін көбейтеміз» дейді Дәулет.

Болашақ кәсіпкер өнімін өткізудің де қиындығы бола қоймас деп біледі. Өйткені ауданда мұндай өнім түрін өндіретін балама цех әлі жоқ. Ең бастысы, Дәулет сүрлеуге ешқандай «химия» қолданбайтын болады, таза экологиялық өнім ұсынады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаевтан қалған бағалы шежіре

Аймақтар • Бүгін, 10:09

«Shymkent Bus» автобус паркі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:07

Бір күндік жалақыларын аударды

Қазақстан • Бүгін, 09:59

ҰБТ сынағы қалыпты өтуде

Қазақстан • Бүгін, 09:55

БАҚ өкілдерін құттықтады

Қазақстан • Бүгін, 09:52

Тұтас ұлттың тұғыры

Әлем • Бүгін, 09:48

Ақжайықтағы археология алаңы

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Go Viral: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын

Қазақстан • Бүгін, 09:31

Көмек көрсетуге шақырды

Аймақтар • Бүгін, 09:24

Өткінші дүние

Руханият • Бүгін, 09:21

Төрлетіңіз, Би-аға!

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Аманбай мен Жаманбай

Руханият • Бүгін, 09:04

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 08:59

Ұқсас жаңалықтар