Ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 41 қатысушыға шағын несие берілді.
Ал, өткен жылы аудан аумағына оңтүстік өңірлерден 35 отбасы және 2 оралман отбасы көшіп келген. Қоныс аударушылардың 49-ы жұмыспен қамтылып, 20 адам кәсіпкерліктің негіздері бойынша білім алса, 3 адамға шағын несие беріліпті. Мектептер 80 оқушымен толықты.
Бұл күндері қоныс аударушыларға мемлекеттен бөлінетін жеңілдіктермен бірге, облыс әкімінің тапсырмасымен Оңтүстік өңірлерден көшіп келгендер мен оралмандарды қысқы уақытта көмірмен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынды.
Аудан орталығында еліміздегі «Нәтижелі жұмыспен қамту және Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» ІІ-бағыты бойынша «Бизнес-Бастау» жобасымен 53 адам арнайы курстардан өтіпті.
Бұл күндері несие алған кәсіпкерлер саудамен дәне әртүрлі кәсіппен шұғылданады.
Ауданда 23 мектеп, 10 аралас, 13 қазақ мектебі бар. Ауылдардағы тұрғындар саны да, мектептерде бала саны да жыл сайын азаюда. Осы 23 мектепте оқитын саны бар-жоғы 1746 оқушы ғана.
Сонымен бірге, 2018 жылы «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы бойынша ауданға 30 жас маман келіп, 27-сіне 70 АЕК көлемінде көтермеақы төленіп, 20 маманның баспана сатып алуына 51,6 миллион теңгелік бюджеттік несие берілген.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР