Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көші-қон, азаматтардың болу тәртібі, реадмиссиясына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты құжаттарға қатысты заң жобаларын қабылдады.

Барыс-келіс жеңілдетілді
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне қарағанда, 2050 жылға қарай әлемдегі мигранттар саны 400 миллионға жетіп жығылуы мүмкін. Оған қоса қазірдің өзінде заңсыз көші-қонға тартылғандардың есебі заңды миграциядан бірнеше есеге артып кетті. Осының салдарынан Еуропа елдері абдырап, АҚШ тарапы Мексикамен арада темір қамал тұрғызуға байланысты даудың астында қалды.
Мигранттарға қатысты қалыптасқан әлемдік құқықтық тәртіп біздің елімізден де етек-жеңін жинап, олардың мәртебесіне қатысты заңнамаларды жетілдіруді талап етеді. Сондықтан халықаралық шарттар негізінде көршілес елдермен көші-қонға қатысты келісімдер ратификацияланып жатыр.
Мәселен, кеше Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көші-қонға қатысты үш бірдей заң жобасын сенаторлар толық қабылдады. Аталған құжат азаматтардың Отанына оралуына және атажұртымен байланысын үзбеуіне, барыс-келісіне, тарихи Отанымен мәдени байланысын сақтауына, өз мемлекетінің саяси өміріне араласуға кепілдік берілуіне және табысын жіберіп тұруына жағдай жасауды көздейді. Ал құжатсыз мигранттарға жалпыға ортақ декларацияға сәйкес адам құқықтарының қорғалуына жағдай жасайды.
– Келісім азаматтардың екі тарап аумағында 30 күнге дейін тіркеусіз және тараптар аумағында жалпы 90 күн болуын
көздейді. Келісімді ратификациялау тараптардың аумағындағы азаматтардың болу мәселелерін құқықтық реттеуге мүмкіндік береді, – деді жалпы отырыста баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Қосымша баяндамашы депутат Владимир Волков Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестік байланысты жоғары бағалай келе, құқықтық тәртіп мәселелеріне де назар аударды. Оның айтуынша, Тәжікстан азаматтары көбіне біздің елді Ресейге өткел ретінде пайдалануда.
– Құқықтық жеңілдіктерді қабылдау Тәжікстан азаматтары біздің елімізге ағылып келеді дегенді білдірмейді. Өткен жылдың 11 айында елімізде Тәжікстанның 56 мыңдай азаматы уақытша тіркеуге тұрған. Олардың 33 мыңдайы – жеке шаруаларымен, 10 мыңдайы – турист ретінде, ал тағы 10 мыңдайы жұмыс істеу мақсатында келген. Сондай-ақ 11 ай ішінде Тәжікстанның 3777 азаматы әкімшілік, 41 азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 41 адам елден шығарылған, – деп түйіндеді В.Волков.
Сайып келгенде, ұлттық қауіпсіздікке тікелей байланысты үш заң жобасы да толық қабылданды.
Депутаттық сауал негізі – «Egemen» көтерген мәселе
Жалпы отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып болған соң, сенаторлар дәстүр бойынша депутаттық сауалдарын жолдады. Нақтырақ айтқанда, бір топ депутаттың Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа арналған сауалын оқып берген Динар Нөкетаева қант диабетінің 1-түріне шалдыққан балалардың ата-аналарының жанайқайын жеткізді. Оның айтуынша, 2018 жылдың қазан айына диспансерлік есепте тұрған қант диабетімен ауыратын науқастардың саны 326 449 адамды құрағанымен, науқастардың нақты саны ресми көрсеткіштерден айтарлықтай асып түседі. Медицина қызметкерлерінің айтуларына қарағанда, қазақстандықтардың көпшілігі қандағы қант деңгейін бақылауға ерекше мән бермейді, денсаулық жағдайына немқұрайлы қарайды, соның салдарынан өз сырқаты туралы кеш біліп жатады. Халықаралық диабет қауымдастығының мәліметтері бойынша, Қазақстанда 700 мыңға жуық қант диабетімен ауыратын науқас бар және қант диабеті елімізде індет сипатына ие болған.
– Қант диабетіне шалдыққан балалардың ата-аналары соңғы бірнеше жыл ішінде жалпы алғанда мемлекеттік органдар мен Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан немқұрайлы қарым-қатынас байқалатынын өкінішпен айтып отыр. Аталған мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында да кеңінен көтерілуде. Мәселен, тек «Egemen Qazaqstan» газетінде аталған жағдайлар бойынша бірнеше мақала шығып, Алматы қаласында қант диабетінің 1-түріне шалдыққан балалардың ата-аналарының қатысуымен бірнеше баспасөз конференциялары болып өтті, – деген Д.Нөкетаева Денсаулық сақтау министріне бірнеше ұсыныс берді. Ал сенатор Әли Бектаев өзінің депутаттық сауалында Үкімет басшысынан ауыл жастарына қамқорлық көрсетуді сұрады.
– Бүгінгі таңда ауылдағы мамандардың орта жасы 50-ден асқан, ал ветеринарлар бойынша 58-60 жасты құрайды. Аграрлық секторда 2500-ден астам маман жетіспейді. Жыл сайын оқу бітірген 5000-ға жуық түлектердің көпшілігі ауылға бармай, өз мамандығына сай келмейтін түрлі жұмыстарда жүр, болмаса жұмыссыз. Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, аграрлық мамандықтар бойынша білім алғандардың тек 68 пайызы ғана жұмысқа орналасады екен, яғни жыл сайын мемлекет есебінен мамандық алған 670-тен астам түлек жұмыссыз қалады. Ауыл шаруашылығы мамандықтарын жастардың көпшілігі әйтеуір бір диплом алу үшін таңдайтын сияқты. Сараптамалар көрсеткендей, аграрлық жоғары оқу орындарындағы студенттердің 40 пайызға жуығы – қалалықтар, ал 70 пайыздайы қыз балалар, – деген Ә.Бектаев осыған байланысты өзінің бірнеше ұсынысын жеткізді.
Жалпы отырыс соңында депутаттар Еділ Мамытбеков пен Сәуле Айтпаева елдегі өзекті мәселелер бойынша сауалдарын жолдады.
Серік ӘБДІБЕК,
«Egemen Qazaqstan»
Кіріс көзі емес, уақытша қаржылай көмек
Қоғам • Бүгін, 20:42
Баға QR кодтар арқылы беріледі
Аймақтар • Бүгін, 20:40
Биыл Алматыдағы «Боралдай сақ қорғандары» кешеніне 46 мыңнан аса оқушы саяхаттады
Руханият • Бүгін, 20:37
Жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген толықтыруларды түсіндірді
Қазақстан • Бүгін, 20:29
Алматыдағы «AǴYM» көрмесі жас суретшілерге рухани шабыт береді
Руханият • Бүгін, 16:30
Кардиоорталық ұжымы біріктіруге неге қарсы?..
Аймақтар • Бүгін, 16:24
Конфедерация кубогының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 14:26
Он педагог «Qazsaq» стипендиясына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Көрнекті геолог Дүбек Дүйсенбековке мемориалдық тақта ашылды
Руханият • Бүгін, 10:38
«Жетоқсаншы» жеткіншек еске алынды
Руханият • Бүгін, 10:37
Орталық ғылыми кітапхана ұлттық ғылыми еңбектердің бай топтамаларын қамтиды
Руханият • Бүгін, 10:22
Елбасы Қорының «ЖасSTAR» фестиваліне он жыл толды
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Археология мұражайы - сирек кездесетін артефакттар жинақталған бірден-бір мұражай
Руханият • Бүгін, 10:16
Демаркациялық комиссия мүшелері кездесті
Қазақстан • Бүгін, 10:12
Жас өнерпаз Алматыға ән арнады
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Алматыда жаңа балабақша салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Алматыда Қазақстан Жазушылары кітапханасында кездесу өтті
Руханият • Бүгін, 10:00
Жезқазғанда тамақтан уланған оқушылар жазылып шықты
Аймақтар • Кеше
Урбанистік орталыққа айналудың бір тұтқасы
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда Antikor Ortalygy мекемесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматылық дизайнердің Стокгольмде көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Алматыда жас өрендердің жарысы аяқталды
Спорт • Кеше
Қарқаралы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді
Аймақтар • Кеше
Алматыда академик Валентина Жұмағұлова атындағы дәрісхана ашылды
Руханият • Кеше
Алматыда 128 мыңнан астам оқушы қазақ тілінде білім алады
Руханият • Кеше
«Ел бірлігі – 2019» марапаттау салтанаты өтті
Руханият • Кеше
Алматыда «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Руханият • Кеше
Алматы хайуанаттар бағында Алькор есімді ақ аю 30-ға толды
Аймақтар • Кеше
Асық ойыны балаларды өмірлік тәжірибеге баулиды
Руханият • Кеше
Қ.Тоқаев Фраунхофер институтының бөлім директорымен кездесті
Президент • Кеше
Президент Германия бизнесінің өкілдерімен кездесті
Президент • Кеше
Елордада каратеден Әлем чемпионаты басталады
Спорт • Кеше
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президенті Хорст Кёлермен кездесті
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Сирек кітаптар музейінде латын графикасындағы баспа ескерткіштері сақталған
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
2020 жылғы Олимпиада ойындарына қазақстандық делегацияның киетін киім үлгілері талқыланды
Спорт • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді
Спорт • 06 Желтоқсан, 2019
Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Алматыдағы тәуелсіздік жарияланған ғимаратта жастармен кездесу өтті
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
«Ел тағдырын айқындаған тәуелсіздік» тақырыбында форум өтті
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
2019 жылы мұнай өндіру жоспары асыра орындалады - Энергетика министрлігі
Экономика • 06 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасымен кездесті
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Алматыда өткен Имамдардың аймақтық форумына рухани құндылықтар тақырыбы арқау болды
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған конференция өтті
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Атырауда 144 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болды
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Елорда әкімдігі бірқатар инвестициялық жобаны қолдады
Экономика • 06 Желтоқсан, 2019
Үкімет үйінде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда жалға берушілермен кездесу өтті
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Табысы аз отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың құрамы қалыптастырылды
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
Дариға Назарбаева Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады
Парламент • 06 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінде брифинг өтті
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда Ассамблея «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
Парламент • 06 Желтоқсан, 2019
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Ұқсас жаңалықтар