Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан қорықшының есімі ұмытылмайтынын мәлімдеді

199 реткөрсетілді

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев броконьерлердің қолынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев жайлы мәлімдеме жасады.

Сенат Төрағасы сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген жабайы аңдар мен ақбөкендерді броконьерлерден қорғаған қорықшыны батыл адам деп атады.

«Ерлан Нұрғалиев еліміздің қасиетті аңын қорғап қаза тапты. Иманды болсын! Бұзақылар мен олардың жақтаушылары міндетті түрде жазасын алуы тиіс. Батырымыздың ерлігі мәңгі есте қалады», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Бұған дейін хабарланғандай, Бас прокурор Қайрат Қожамжаров қарағандылық қорықшылардың қылмысты ісін өз бақылауына алды. Инспекторға шабуыл жасаған барлық қылмыскерлер анықталды.

Еске сала кетейік, браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында көз жұмды. Бұл жайында АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабар таратқан еді.

Ерлан Балғабекұлы 1966 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Мамандығы – дене шынықтыру және әскери дайындық пәнінің оқытушысы. 2012 жылғы наурыздан бастап «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қарағанды тірек пунктінде орталық аймақтық филиалдың инспекторы қызметін атқарды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар