Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019

Былтыр Маңғыстауда жасырын казино ашқан жеті тұлға анықталды

554 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша МКД құрылымдық бөлімшелерінің бірі - Экономикалық тергеу қызметі, ол салық төлеуден жалтаруға, экономикалық контрабандаға, жалған ақша жасауға, жалған шот-фактуралар  шығаруға, Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына, заңсыз ойын бизнесіне, Мемлекеттік сатып алу және т.б. саласындағы заңнаманы бұзуға қарсы күрес саласында жұмыс жүргізеді.

Былтыр Маңғыстауда жасырын казино ашқан жеті тұлға анықталды

Ағымдағы кезеңде алкоголь өнімінің заңсыз айналымы саласындағы жедел-тергеу іс-шаралары барысында «Евразия Элит» ЖШС өндіруші - 34 454 бөтелкесі, «Максимус» ЖШС өндіруші - 113 029 бөтелкесі, Өзбекстан Республикасының өндіріс арақ - 1 542 бөтелкесі тәркіленді.

Заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілуде, жасырын казиноның 7 фактісі анықталды, сонымен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша тек бір дерек бойынша 110 процессор, 131 монитор, 23 моноблок, 8 чек принтері, 14 чек сканері, 88 теледидар, 4 чек аппараты, 6 жүйелік блок, 3 покер үстелі, 5 бейнебақылау жүйесі, 1 wi-fi роутер, 531 фишка және 2 011 805 теңге сомасына ақшалай қаражат алынды.

Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы саласында 17 қылмыс анықталды (ҚР ҚК 197 - бабы -15, ҚР ҚК 214-бабы-2), алып қойылған мұнай өнімдерінің жалпы саны 42,9 мың литр дизель отынын және 15,7 мың тонна мұнайды құрады, мемлекет кірісіне 40,8 литр дизель отынын айналдырылған.

Осы бағытта өткен жылдың сәйкес кезеңінде анықталған құқық бұзушылықтардың өсуі байқалады. Сонымен қатар, есепті кезеңде бюджет қаражатын ұрлау саласында, соның ішінде квазимемлекеттік секторда және мемлекеттік сатып алу саласында 342 080 100 теңге сомасында 36 қылмыс анықталған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы