Мәрмара, Коч университеттерінде қызмет еткен профессор «Егемен Қазақстан» газеті Ысмайыл Гаспыралы негізін қалаған «Тәржіман» газетінен кейін жарық көрген беделді басылым екенін атап өтіп, газетте көптеген Алаш арыстары еңбек еткенін жеткізді.
«100-жылына қадам басқан «Егемен Қазақстан» газетінің негізі 1919 жылы 17 желтоқсанда «Ұшқын» деген атпен қаланған болатын» деді.
Сонымен қатар, Мичиган университетінің профессоры Егемен Қазақстан газеті түркі әлемінің ең беделді басылымына айналғанын атап көрсетті.
«Газеттің ерекшелігі – бұрынғы кеңестік типтегі газет орнына заманауи журналистика этикасы мен қыр-сырын сәтті ұштастыруы. Оған қоса жақында аталмыш басылым Нью-Йорк Таймс газетімен келісімге қол қойған болатын», дейді профессор.
Сөз соңында «Ыстық ықыласыммен Егемен Қазақстан газетіне ақ жол тілеймін» делінген.
Тимур Қожаоғлы – Бұхара Халық Кеңес Республикасының президенті Осман Қожаоғлының ұлы. Докторлық диссертациясын Колумбия университетінде «Кеңестік Орталық Азия прозасындағы Пост-Сталин заманының ұлттық ерекшеліктері» тақырыбында жазған. Оның Кеңес Одағындағы түркі халқының әліпбиінің араб графикасы мен латын графикасына өтуі туралы ғылыми мақалалары бар.