Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019

Тағылымды кеш

805 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Академик Серік Қирабаев ел газеті «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Баянды бақыт» атты мақаласында: «Күні бүгінге дейін отыз том көлемінде көркем шығарма жазып, жарыққа шығарған Сәбит шығармашылығы біздің ұлттық әдебиетіміздің бағалы үлгілерінің бірі» деп жазған-ды. Аға сыншының сөзінен бастау алған Сәбит Досановтың Алматыдағы шығармашылық кеші тағылымы мол аса тартымды кеш болды.

Тағылымды кеш

Кеш шымылдығы Мемле­кеттік хатшы Гүлшара Әбдіқа­лы­қованың құттықтау хатымен ашылды. Бірінші бо­лып сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан­ның Ең­бек Ері Олжас Сү­лей­менов қалам­дас досын күні кеше жа­­зып бітірген жаңа шығар­ма­сымен құттықтады.

Алыстан ат арытып келген Әзербайжан жазушысы Эльхан Зал Карахан С.Досановтың әзер­байжан тілінде жарық көр­ген таңдамалы шығармалар жи­­на­ғының бір томдығын тарту етіп, Әзербайжанда қа­зақ қа­ламгерінің алдағы жы­лы 80 жасқа толатын мерей­тойына әзір­лік басталып кет­кенін хабар­лады. Түр­кия­­лықтар сәлемін Эльчин, қыр­ғыз бауырлардың ыс­­тық ықыласын Мархабай Аа­матов, өзбек туысқандар құр­­­метін жазушы Мехмонқұл Ис­ламқұлов пен Өзбекстанның бас консулы Аброр Фатулаев, өзбек театрының директоры Икрам Хошимжанов, жазу­шы­­ның туған өңірі қостанай­лықтар құттықтауын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен Аман­келді ауданының әкі­­мі Әмірхан Асанов атынан облыс әкімдігінің бөлім меңгерушісі Арман Әденов жет­кізді. Алматы қаласының әкі­­мі Бауыржан Байбектің сәле­мін қала әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов, Оң­түс­тік Қазақстан халқының ақ­жарма ақ тілегін Наурыз-Әлі Ора­­зымбетов, Жамбыл облысы жұрт­шылығы ыстық ықыласын Темірхан Әйменов білдірді. Кеш иесін Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров, Мем­лекеттік сый­лықтың лауреа­ты Өтеген Орал­байұлы, т.б. құттықтады. Ақын­дар Мыңбай Рәш, Қазыбек Иса, зей­неткер ұстаз Фаима Төре­бе­кова арнау өлеңдерін оқыды.

Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Меруерт Түсіп­баева, әнші, Ғабит Мүсірепов атындағы театр­дың актрисасы Арай Бо­лат­қызы, әншілер Ға­лым­­жан Әб­­дібеков, Өктем Ал­таев әсерлі кеш­ті әсем әнмен әрледі.

Бұл әдеби кеш қаламгерді мадақтаумен емес әдебиет, өнер жайлы сырласып, өмірдің өзекті мәселелері жайлы ой өр­бі­тумен, тәуелсіздік туралы толымды ой толғаумен ерекшеленді.