Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019

Яндекс қазақстандық ғалымдарға сыйақы тағайындады

403 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Яндекс іздеу жүйесінің алғашқы нұсқасын жасаған, компанияның негізін қалаған тұлғалардың бірі  Илья Сегалов атындағы дәстүрлі сыйақынының иегерлері анықталды.

Яндекс қазақстандық ғалымдарға сыйақы тағайындады

Бұл жоба Қазақстан, Белорусь, Ресей қалаларындағы жас ғалымдарды қолдауды көздейді.

Сыйақы компьютер ғылымы саласындағы студенттерге, аспиранттарға, ғылыми жетекшілерге беріледі. Атап айтсақ, дауыс арқылы табу және синтездеу,  ақпаратты іздеу, деректерді талдау, машина жасау, компьютерлік көру, табиғи тілдерді өңдеу және машиналық аударманы жетілдіруде жетістікке жеткендер алады. Яндекс бұл бағытты көптен бері ұстанады. Өз өнімін іздеу, аудару, Алис дауыс көмекшісі және көлік құралдары сынды бірқатар жерлерде қолданады.

«Біздің технологияларымыздың негізінде мықты математикалық мектепсіз және негізгі ғылымсыз жүзеге аспайтын дүниелер жатыр. Сыйақы арқылы компьютерлік ғылыммен айналысатын және болашақтың технологияларын жасайтын зерттеушілерді қолдағымыз келеді. Марапатта Ильидің есімі бар, ол айтарлықтай жетістікке жеткен және IT қоғамдастығын қолдау үшін көп нәрсе жасады»,  дейді «Яндекс» компаниялар тобының бас директоры Аркади Волож.

Студенттер мен магистранттар конкурсқа қатысуға өздері өтініш береді және ғылыми жетекшілерін ұсынады. Лауреаттарды сыйақыны ұйымдастырған кеңес пен конкурстық комиссия таңдайды. Оның құрамына Яндекстің және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері кіреді. Негізгі іріктеу критерийлері: конференцияларда қорғаған  презентацияларының болуы, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың дамуына қосатын үлесі болуы шарт.

Бірінші марапаттау рәсімі 2019 жылдың сәуірінде өтеді. Конкурсқа ақпан айының соңына дейін тіркеле аласыз. Лауреат атанған студенттер мен магистранттар 350 мың рубль сыйақы алады. Сонымен қатар жасанды интеллект туралы халықаралық конференцияға жолдама алады. Сондай-ақ, «Яндекс» ғылыми-зерттеу бөліміне ғылыми тағылымдамаға шақырылады. Ғылыми жетекшілер де сыйақыдан құралақан қалмайды. Оларға берілетін сыйақы мөлшері – 700 мың рубль. Сыйақының жалпы қоры – 15 миллион рубль.

Компания Қазақстанда да өз бөлімін ашты. Лицей – мектеп оқушыларын бағдарламалауға үйрететін тегін жоба. Лицей бөлімшелері Алматыда, Астанада, Оралда, Қызылжарда  бар.