01 Ақпан, 2019

Агросекторда нәтижелі істің негізі қалануда

596 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің баян­дамасын тыңдай келе айтқан мына бір сөзі еліміздегі ауыл шаруа­шылығы саласының даму бағыты мен болашағын дөп басқандай болды.

Агросекторда нәтижелі істің негізі қалануда

«Ауыл шаруашылығы саласы болашақта экономиканы дамытудың негізгі драйвері болатынын үнемі айтып жүрміз. Барлық елдер өздерінің жерлерін игеріп болды. Дүниежүзінде әлі игеруге болатын жер Қазақстан, Ресей, Украинада қалды. Егер де барлық елдер АҚШ-тағы секіл­­ді азық-түлікті көбірек тұ­ты­­­натын болса, әлемдегі азық-түлік 2,5 млрд адамға ғана жетеді. 2040 жылы жер бетін­де 8,9 млрд халық болады. Сон­дық­тан ауыл шаруашылығы өнім­деріне сұраныстың артуына бай­ланысты барлығы бізге келе­ді. Осы үрдістерге дайындалу керек. Ауыл шаруашылығы сала­сы­ның әлеуетіне жекелей қарау қажет. Қанша қаржы керек болса, соны берейік. Бірақ нақты нәти­жеге қол жеткізу керек» деді Мемлекет басшысы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа қарата айтқан сөзінде.

Мен ауыл шаруашылығы және соның ішінде сауда, қаржы және инвестиция тарту сала­сында жұмыс істеп келе жатқан­дық­тан Елбасының бұл сөзін терең түсі­ністікпен қабылдадым. Ө.Е.Шөкеев­тің басшылығындағы Ауыл шаруашылығы министрлігі елі­міз­дің агроөнеркәсіп кеше­нін да­мы­тудың басты фактор­лары­ның бірі ретінде нақ осы істерді жолға қоюға ұмтылыс танытуда.

Иә, өнімділікті арттырудың маңызды бір факторы саудамен байланысты. Сауданы дұрыс жолға қоюымыз керек. Өйткені фермерлер делдалдардың көп­ті­гі­нен айтарлықтай табысын жоғал­тады. Мысалы, Шымкент қала­сында маусым кезінде өн­діру­шілерде сәбіздің бағасы 43 теңгені құраса, ал Астанада бөл­шек баға 126 теңгені құрай­ды, айыр­машылық 3 есеге жуық. Көтер­ме-тарату орталықтарының желісін құру арқылы осы мәсе­лені шешуге болады. Бұл − әлем­дік практика, мұның біздегі қа­л­ып­тасқан базарлар жүйесінен айыр­машылығы көп. Біздің жүргізген зерттеулеріміз бойынша, көтерме-тарату орталығының моделі негіздеме 3 делдалды – алыпсатарды, көтерме сатушыны және ұсақ көтерме сатушыны алып тастауға болады.

Бұл, әрине, үлкен қалалардағы бөлшек сауда бағасының төмен­деп, фермерлер кірісінің артуына алып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қарағанды облысы өте белсенді жұмыс істеуде. Онда наурыз айында өңірдегі ең ірі көтерме-тарату орталығы іске қосылмақ. Биыл Астанада осындай орталықты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойын­ша іске қосу жоспарланып отыр, Алматы мен Шымкент қалаларында жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы алғанда, көтерме-тарату орталықтары әрбір облыс орталығына қажет. 

Сонымен қатар еңбек өнім­ді­лігін арттыру үшін жаңа өң­деуші кәсіпорындарды іске қосу маңызды. Жылдың қоры­тын­­дысы бойынша ет өңдеуші кәсіп­орындардың жүктемесі 5%-ға өсті. Бірақ қолда бар өңдеу базасымен жағдайды түбегейлі өзгер­те алмайтынымызды көріп отыр­мыз. Зауыттарымыздың қуа­ты дамыған елдердегіге қара­­­ғанд­а ондаған есе төмен. Сон­дықтан өндіріс жеткілікті дәрежеде табысты болмайды. Орнатылған жабдықтар энергияны көп қажет етеді, моральдық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да ескір­ген. Бұл саладағы жағ­дайды транс­ұлттық компаниялар мен ірі өңдеушілерді тарту ар­қы­лы ғана түбегейлі өзгерте ала­мыз. Өйт­кені істі түбегейлі өз­гер­ту үшін білім, қаржы және жаңа тех­но­логиялық инвестициялар керек.

Осы ретте біз «Cremonini» ком­паниясымен қуаты жылына 180 мың бас ірі қара малды құрай­тын заманауи ет өңдеу зауытын салу жұмысын жалғастырып жатырмыз. Инвесторға жер учас­кесі берілді, энергетикамен, газбен, сумен жабдықтау мәселелері шешілді. Жобалық құжаттама бекітіліп, құрылыс басталды. Құрылыс мерзімі – 18 ай.

Сонымен қатар Елбасы тапсырмасы бойынша Астанада ет өңдеу кешенінің құрылысы басталды. Соңғы үлгідегі заманауи еуропалық жабдық орнатылатын болады. Grand Farm компаниясы  жоба бойынша технологиялық серіктес болады. Осы компания қазір елдің оңтүстігінде қой етін өңдеу үшін орын таңдауда. Аустралиялық Cedar Meats компаниясы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп, Аягөз қаласында қуаты ауысымына 1,4 мың бас ұсақ малды құрайтын ет өңдеу кешенін салуды бастады. Қостанайда ас­тықты құрғақ клейковина, крах­мал етіп өңдейтін және 1 млн тон­на құрама жем өндіретін заманауи кешен құрылысы бас­талды. Жамбыл («QYZYLSHA» ЖШС) және Павлодар (CNOOD Asia Ltd.) облыстарында екі қант зауытын салу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда, көтерме сауданы жолға қою, өңдеуші кәсіп­орындар мен тарату орталық­тарын салу, инвестиция тарту бағы­тында осындай жұмыстар жүзеге асуда.

Елбасының кеңейтілген Үкі­мет отырысындағы сөзінен кейін Ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау күшей­ме­се кемімейтіндігін сезініп, тың жігермен жұмыс істейтін боламыз.

Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ,

Ауыл шаруашылығы вице-министрі