Қоғам • 01 Ақпан, 2019

Қазақстанның бендишілері жартылай финалға шықты

615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Допты хоккейден Швецияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ширек финалдық сайыста біздің жігіттер Норвегияны ұтты.

Қазақстанның бендишілері жартылай финалға шықты

Осыған дейінгі үш ойын да жерлестеріміз үшін сәтсіз аяқталған еді. Олар үш кездесуді қарсыластар қақпасына небары екі гол соғып, өз қақпасына 51 доп жіберіп алды. Тарқатып айтсақ, Финлияндиядан 0:9, ал Ресей мен Швециядан 1:22 есептеріиен ұтылды. Десек те мықтылар тобында айнағандықтан Қазақстанның бендишілдері төртінші орын алса да, плей-оффқа жолдама алды.

Норвегия қарсы бәсекенің алғашқы таймы 1:1 есебімен аяқталды. Тек үзілістен кейін ғана ес жиған жерлестеріміз төрт рет нысананы дәл көздеді. Қорытынды есеп – 4:1. Біздің команда сапында Рауан Исалиев екі голдың авторы атанса, Ескендір Нұғманов пен Евгений Шадрин бір-бір реттен мергендік танытты.

Жартылай финалда отандастарымызды айдын иелері күтіп тұр. Бұл матч бүгін өтеді. Келесі жартылай финалда Ресей мен Финлияндия күш сынасады. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»