Дарқандық пен кеңпейілдік шарапаты
Бейсенбі, 18 қазан 2012 7:49
ОТАНЫМЫЗ – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ
Қазіргі кезде Қазақ елінде ынтымақ пен бірліктің басты құралы ретінде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы табысты жұмыс істеуде. Мемлекет басшысының бастамасымен шаңырақ көтерген бұл қоғамдық институт бүгінге дейін өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.
Бейсенбі, 18 қазан 2012 7:49
ОТАНЫМЫЗ – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ
Қазіргі кезде Қазақ елінде ынтымақ пен бірліктің басты құралы ретінде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы табысты жұмыс істеуде. Мемлекет басшысының бастамасымен шаңырақ көтерген бұл қоғамдық институт бүгінге дейін өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.
Соның нәтижесінде еліміз достық пен ынтымақтың жерұйығы деуге әбден лайық. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бағыттағы сара саясаты мен ұстанымының арқасы, Отанымызды мекендеген жүзден астам этностың түсінігінің мықтылығы, достығының беріктігі деу орынды. Оны ұсынылып отырған арнайы беттегі мақалалар мазмұны да айғақтай түседі.
Дарқандық пен кеңпейілдік шарапаты
Біздің қоғамдық бірлестігіміз 1991 жылы құрылып, қазіргі таңда славян халықтарының салт-дәстүрі мен мәдениетінің жаңғыруына айтарлықтай үлес қосып отыр. Бірлестік – Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдасы. Осының өзі орталықтың елмен бірге барлық сындарлы өткелдер мен сынақты кезеңдерді бастан кешіріп, ортақ Отанымыздың гүлденуіне өзіндік үлес қосқандығын аңғартады әрі толғанысты сезімге бөлейді.
Тәуелсіз мемлекетіміз қысқа мерзімде көп ұлттылығымен қоса, бірлігі жарасқан, құт-берекесі молайған ел ретінде әлем назарына ілікті. Бұл Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұстанып отырған салиқалы саясаты мен тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясын құрғандағы көрегендігінің жемісі деуіміз керек. Қоғамымыздың басты құжаты – Президенттің дәстүрлі Жолдаулары халықтар достығы мен өзара түсіністікті нығайту ұранымен басталатыны, бұл бағытта кең көлемді жұмыстар жүргізілетіні әр шаңырақтың шаттық нұры деп есептейміз. Сондықтан, облысымыздағы 41 этномәдени бірлестіктің барлығы өзіне жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындап, Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың сенімін ақтауға күш салатыны анық.
Бірлестігімізді Көкшетау қаласының құрметті азаматы Зинаида Санчило 15 жыл бойы басқарып, жемісті ізін қалдырды. Өзіміз де жастау кезімізден орталық жұмысына араласқандықтан, ең басты құндылығымыз – ұлтты ұйыстырушы қазақ халқымен бауырмалдық қарым-қатынасты, достық түсіністікті нығайтуды бірінші кезектегі парыз санаймыз. Біздің ғана емес, облысымызды мекендейтін 130 ұлыстың тағдырында қазақ халқының кеңқолтық көңілі мен тап-таза ықылас-пейілі айрықша орын алады. Бізде «Орыс әні» халықтық ән-би ансамблі, «Злато» жастар вокальдық ансамблі мен өзім жетекшілік ететін «Юность Синегорья», «Улыбка» үлгілі ансамбльдері, басқа да мүдделер бойынша үйірмелер жұмыс істесе, кез келген көпшілік шарамыз қазақ халқының мәртебесін көтерумен байланыстырыла жүргізіледі.
Бірлестігіміздің «Адам және оның тағдыры», «Жұлдыздар жұлдызды жағады», «Әлем бала көзімен», «Әзіліміз жарасса», балаларға арналған «Жол қозғалысы белгілері әлемінде» атты іс-шараларына қазақ, татар, украин, поляк, чешен-ингуш, тағы басқа этностың өкілдері қатысты. Өз кезегінде, біздің концерттік бағдарламаларымыз өзге этностардың ән-билерімен жарасымды өрнектелетінін айтқым келеді.
Біздің ортақ үйімізде ұлттық, діни салт-дәстүрлер мен мерекелер де ортақ. Біз осындай қызықты да қуанышты күндерде, тағылымды шараларда әрқашан біргеміз. Міне, ұлыстың ұлы күні – Құрбан айт мейрамы да келіп қалды. Мұсылман әлемінің айтулы күнінде қазақ бауырларымызды, басқа да ағайындарымызды ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Біртұтас Қазақстанымыз жайнап жасарып, жасампаздық белестерден көріне бергей.
Галина БУЛЫЧЕВА,
«Истоки» славян мәдени-ағарту
бірлестігінің төрайымы.
Ақмола облысы.