05 Қазан, 2012

Қазақшаға ағып тұр

343 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақшаға ағып тұр

Жұма, 5 қазан 2012 7:17

Қазақ елінен, қазақ жерінен бақыт тапқан өзге ұлт өкілдерінің арасынан, әсіресе, жас буынның мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы артып келеді. Бұған таяуда Атырауда «Дос­тық­тың алтын көпірі» атты өзге ұлт өкіл­дерінің көркем сөз оқу сайысында және бір рет көзіміз жете түсті. Осы сайыстың ашылу салтанатында Атырау қаласы әкі­мі­нің орынбасары Айжан Қарабаева «Қа­зіргі кезде көркем сөзді мәнерлеп оқуға өзге ұлт өкілдерінің де ынтасы арта түсуде»,– деді.

Өз тілінен жерінгендей болып жүрген кей қандастарымызға үлгі боларлық бұл сайысқа 8 үміткер қатысуға тілек білдіріпті. Бәрі де жоғары және арнаулы орта оқу орындарында білім алып жүргендер екен. Өздерінің ана тілімен бірге мемлекеттік тілді жетік меңгергендерін қазақ поэзиясын мәнерлеп оқу арқылы насихаттауда барынша таныта түсті. Олар­дың көркем сөзді мәнерлеп оқығанда қазақ тілінің құнарынан қанып ішкені, жан-тәнімен мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге ұмтылғаны байқалып-ақ тұр­ған оң талабын қазылар алқасы орынды бағалады.

Нәтижесінде қазақ топырағында кіндігі кесілгенін, қазақшаны ана тіліндей меңгергенін мақтаныш тұтатын, енді Қа­зақстандай Отанының әлемдегі өрке­ниет­ті елдер қатарынан орын алуына өз үлесін қосуды мақсат еткен түрік қызы Жан Мурадованың көркем сөзді мәне­ріне келтіре оқу шеберлігі бірінші жүл­деге лайық деп табылды. Корей ұлты­ның аруы Вероника Лидың қазақ тіліне, қазақ поэзиясына ерекше ауған аңсары екінші жүлдемен аталып өтті. Ал орыс­тың талапты бойжеткені Олеся Авдеева бұл жолы үшінші жүлдені иеленді. Со­нымен бірге, Владимир Радиминовичке қазақ тілін меңгеруге талпынысы үшін арнайы диплом берілді.

– Өзге ұлт өкілдері арасында да қазақ тілінің ең әдемі, оралымды қанатты сөз­дерін қолданып, мақалдап сөйлейтіндері аз емес. Міне, сондайларды көргенде төбем көкке жеткендей, марқайып тұрамын. Еліміздің әр түкпіріндегі өзге ұлттардың мұндай талпынысы, талабы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биік деңгейге жеткенінің дәлелі, – дейді ғалым, ақын Қадыр Жүсіп. – Мемлекеттік тілді білу – еліміздегі бірлікті, достықты нығайтуға да серпін береді.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.