Аймақтар • 06 Ақпан, 2019

«Жобалық start»  белсенді жастардың байқауы өтті

394 реткөрсетілді

Жастар жылына орай Абай атындағы ҚазҰПУ-да Алматы қаласы бойынша «Жобалық Start» тақырыбында жастардың креативті жобалары мен идеялары байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты - ЖОО-ның жастары арасында байланысты дамытып, өзара тәжірибе алмасу.

Университеттің Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Жобалық Start» байқауында жас талантты студенттер «әлеуметтік», «IT», «ғылым», «startup» бағыттары бойынша тың жобаларымен және қызықты идеяларымен бөлісті. Байқауға Алматы қаласының 12 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты, олардың қатарында  Satbayev University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универсететі, Алматы технологиялық университеті, Тұран университеті, Халықаралық бизнес университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі бар.

Іс-шара жобалары байқауының жеңімпаздарының жүлде қоры І орын - 100 000 теңге, ІІ орын - 70 000 теңге, ІІІ орын - 50 000 теңге. Сонымен қатар, 5 ынталандыру сыйлықтары берілді.

Осы байқау барысында  І  орынды үздік жоба иегері ретінде  Satbayev University, ІІ орынды Қазақ ұлттық аграрлық университеті, ІІІ орынды Алматы технологиялық университеті жеңіп алды.

Абай атындағы ҚазҰПУ «Жобалық start» мегажобасын Алматы қаласының жоғары оқу орындарына эстафета жолдады. Осы бастамамен белсенді жастар болашақта идеологиялық, инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу арқылы елдің дамуына елеулі үлес қосатыны анық.

Эльвира Серікқызы,

«Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Негізгі ұғымдар жүйеленеді

Саясат • Бүгін, 08:43

Тиімді диологқа жол ашады

Саясат • Бүгін, 08:37

Қоғам мүддесін ойлаған құжат

Саясат • Бүгін, 08:33

Жарысты 8 жүлдемен аяқтады

Спорт • Бүгін, 08:29

Ақпанның бораны ашулы

Аймақтар • Бүгін, 08:26

Өткен ғасыр өрнегі

Таным • Бүгін, 08:25

Үшінші рет финалда жеңілді

Теннис • Бүгін, 08:24

Сөз сойыл №89

Руханият • Бүгін, 08:02

10 жыл субсидияланған саланың жыры

Экономика • Бүгін, 07:53

Жемістен чипс жасайды

Аймақтар • Бүгін, 07:52

Сөздің құны мен құдіреті

Руханият • Бүгін, 07:46

Бағаны ауыздықтаудың амалы

Үкімет • Бүгін, 07:44

Мақамы мәшһүр Маңғыстау

Аймақтар • Бүгін, 07:26

Саят атының сыны мен бабы

Қоғам • Бүгін, 07:23

Қаламы семсер серке еді

Таным • Бүгін, 07:20

Өзі де, сөзі де сұлу

Руханият • Бүгін, 07:15

Ұқсас жаңалықтар