29 Қыркүйек, 2012

Мұзартқа өрмелеген мұзбалақтар

500 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мұзартқа өрмелеген мұзбалақтар

Сенбі, 29 қыркүйек 2012 7:08

Құмбел – Солтүстік Тянь-  Ша­нь­­ның Іле Алатауында орна­лас­қан шың. Ол – ата-бабала­ры­мыз­дың бұрыннан келе жатқан қол­даныстағы мағынасына сай берілген атау. 2010 жылы 30 сә­уірде, Ұлы Жеңістің 65 жыл­ды­ғына орай осы атауды иеленді. Алматы қа­ласынан Үлкен Алма­ты (3684 м), Нұрсұлтан (Комсомол, 4376 м), Құмбел (3200 м) және басқа да шыңдар көрінеді. 23 қыркүйек күні таң рауандап атқан шақта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттері мен ұс­таз­дары Құм­бел шыңын бетке алды. Осынау күнге арналған үлкен шаралар жалынды жастардың мекені – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жыл сайын өткізіліп тұрады.

Сенбі, 29 қыркүйек 2012 7:08

Құмбел – Солтүстік Тянь-  Ша­нь­­ның Іле Алатауында орна­лас­қан шың. Ол – ата-бабала­ры­мыз­дың бұрыннан келе жатқан қол­даныстағы мағынасына сай берілген атау. 2010 жылы 30 сә­уірде, Ұлы Жеңістің 65 жыл­ды­ғына орай осы атауды иеленді. Алматы қа­ласынан Үлкен Алма­ты (3684 м), Нұрсұлтан (Комсомол, 4376 м), Құмбел (3200 м) және басқа да шыңдар көрінеді. 23 қыркүйек күні таң рауандап атқан шақта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттері мен ұс­таз­дары Құм­бел шыңын бетке алды. Осынау күнге арналған үлкен шаралар жалынды жастардың мекені – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жыл сайын өткізіліп тұрады.

Тауға саяхатты рекреациялық география және туризм кафед­ра­сы­ның меңгерушісі Александр Ар­темьев пен кафедра ұстаздары – аға оқытушы Айдар Жұмаділов, доцент Шолпан Әбдіреева, оқы­тушылар Гүлжан Айжолова мен Руслан Байбуриев, кафедра ма­маны Толқын Байхонова бастап барды. Тауға саяхатқа Ұлы­бри­таниядағы Durham универ­си­те­тінің оқытушысы, әлемдегі бірнеше тауларға саяхаттаған Dr Алехандр Денемур де арнайы келіпті. Ал 36 жастағы Алматы қа­ла­сы­ның тұрғыны, 1995 жылдан бері еліміздегі биік шыңдарды бағын­дыруды хоббиіне айналдырған заңгер Ноян Шалов дәстүр бо­йынша биыл тағы да Құмбел шыңына қарай бағыт алған. Сон­дай-ақ, тауға саяхатқа шыққандар арасында студенттер мен ұс­таз­дардан бөлек, қала тұрғындары мен қонақтары да болды.
Осы шараны ұйымдастырушы Айдар Жұмаділов жорыққа ат­танған таудың табиғаты, ерекшеліктері жайлы келген қаты­су­шы­ларға:
– Шыңы үшкір тісті елестететін «Нұрсұлтан» шыңы алыстан еріксіз менмұңдалайды. Іле Ала­тауындағы Тұйықсу аумағында ор­наласқан шың 4376 метр биіктікте орналасқан. Көбінесе бұл шың бұ­рынғы атауымен әлі де «Ком­со­мол» деп аталып жүр. Осында Кіші Алматы өзені ағып өте­тін­дік­тен, шыңды «Кіші Алматы» деп атау­ға да болады. Өз басым «Нұр­сұлтан» шыңын 7 мәрте ба­ғын­дырған болатынмын. Бұл шың­нан өзге бірнеше қазақ­стан­дық шың­дарды да бағын­дыр­ған­мын, – деді.
Альпиниадаға жиналғандар «Просвещенец» демалыс үйінен (1450 м) жоғары қарай өрлеп Көкжайлауға (2350 метр) жетті. Онда топ шамалы уақыт дема­лы­сымен, Құмбел шыңын ба­ғын­дыруға бет алды. Құмбелге жетпес бұрын 3 тастан құралған, шетелдік туристердің «Үш ағайын» деп атап кеткен биігіне «ат шал­дырды». Ал Құмбел шыңының өзі 3 бөліктен тұрады. Қатысушылар 6 ұстаздан құ­рал­ған топтар бо­йынша биікке қарай өрлеген бо­ла­тын. Бұл жердегі ең басты ұста­натын жағдай да қауіпсіздік мәсе­лесі болатын. Барлығы да осы мәселені қатты ұстанды.
Тал-терек, шырша мен қарағай жамылған орманды таумен алға қарай өрлеп келеміз. Кенет тау жалаңаштана бастады. Шамамен 2900 метр биіктікте таулы орман аяқталады екен. Енді, керісінше, мұнда орманды жерде кездеспейтін флораның сан түрі өсетіндігі байқалды бізге. Биікке құмар, көп адамның қолы жете бермейтін, кейбір аңыздарға сүйенсек, тау перілері күзетіп, қорғайтын тау гүлі – эдельвейс (еңлікгүл) осын­дағы биік жартастарда өсіпті. Жар­тастарды жарып-кескен тау суы да көңілге ерекше күй сый­лайды. Таудың бұл бөлігі бізді кереметтерімен тамсандырмай қой­мады. Алып мұздық басқан шың­дар, үлкен-үлкен гранит тастар, төменде қалған өркеш-өркеш тау жоталары, мұнартқан Алматы қа­ласы – бәрі-бәрі алақандағыдай кө­рінеді.
Келесі қадам басқанымызда таудың салқын самалы соғып, биікке қарай беттеген бізді біразға дейін сынап бақты. Таңнан бері тауға көтеріліп келе жатқан біздер сағат күндізгі 2-ден 25 минөт кеткенде «Құмбел» шыңын аса та­бандылықпен бағындырдық.
«Мұнда өзіңді бір ерекше сезінеді екенсің. Негізі, таудың бір ерекшелігі бар. Мұнда оттегінің жетіспеушілігі анық байқалды. Әрі ағзаға ауыртпашылық түсі­ре­ді. Тіпті, температураның өзі тө­мен­деу. Мен үшін өмірде таудағы осы сапар ұмытылмас естелік болып қалары сөзсіз», деп шыңға шыққандағы ой-сезімін, көңіл-күйін білдірді география факуль­тетінің 1-курс студенті Әсел Әбіл­жанова.
Сонымен, біз 23 қыркүйекте «Құмбел» шыңын жастықтың жа­лы­нымен бағындырдық деп ай­туы­мызға болады.
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,
Әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің 2-курс студенті.
АЛМАТЫ.