«Астана Innovations» АҚ хабарлағандай, қазіргі уақытта елордада төлем сервистерін кеңейтуге үлкен мән берілуде. Осы жылы Smart Astana мобильді қосымшасы түрлі әлеуметтік салада қала тұрғындарын керек ақпаратпен қамтамасыз ететін болады.
22 ақпаннан бастап қосымшада салық берешегін тексеру мүмкіндігі пайда болады. Ал, бірінші сәуірге дейін мынадай қызметтер қол жетімді болады: салық төлеу, айыппұлдар төлеу, үйірмелер мен секциялар ақшасын төлеу. 15 наурызға дейін ХҚКО-да алдын ала кезек алу мүмкіндігі пайда болады.
Цифрлы технологиялар астаналық білім беру саласында да белсенді енгізілуде.
Мәселен, 18 ақпанда – қосымша білім беру орталықтарындағы секциялар мен үйірмелер кестесі көрсетілген және оларға жазылу мүмкіндігі бар қосымша функциясы пайда болады.
Осылайша тұрғындар жұмыс істеп тұрған және ашылып жатқан қосымша білім беру орталықтары туралы ақпаратты біліп отырады.
15 наурызда барлық мемлекеттік колледждердің жатақханасы сандық жүйеге қосылады, сүйтіп жатын орын сұрауға өтінішті онлайн бере алады.
1-ші сәуірде Smart Astana қосымшасында балабақшаға кезекке қою; мектепке баруға жазылу сервисі іске қосылады. Дәрігерлер рейтингісіне ұқсас мекемені бағалау және шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау сервисі іске қосылады. Әр мектептің кіреберісінде QR-кодтары бар ақпараттық тақтайшалар және нұсқаулықтар орнатылады.
Астанада «ақылды» технологиялар қоғамдық көлік саласына да енгізілуде.
Smart Astana мобильді қосымшасында қазірдің өзінде «Автобус аялдамасының таблосы» сервисі қол жетімді, ол автобустың қанша уақытта келетінің көрсетеді. Сервис қызметі QR-кодты сканерлеумен жүзеге асады, осындай QR-кодты барлық аялдамаларға қою ойластырылған, ол барлық аялдамаларды виртуальды табломен қамтуға мүмкіндік береді. Наурыз айында такси шақыру (Astana Taxi) сервисі іске қосылады және жол құны көрсетіліп тұратын болады.