13 Сәуір, 2012

Бір күн жанжал болған үйден қырық күн береке кетеді

474 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін

Бір күн жанжал болған үйден қырық күн береке кетеді

Жұма, 13 сәуір 2012 7:17

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Розақұл ХАЛМҰРАДОВПЕН әңгіме

– Розақұл Сатыбалды­ұлы, Мемлекет басшысы Қа­зақ­стан ха­л­қы Ас­сам­блея­­­сы­ның бі­рінші сес­сиясында (24 на­у­рыз 1995 жыл) жасаған баяндамасында «Біз­дің қоғамды бі­рік­ті­ретін тұт­қа­лар­дың бірі – Қазақстан хал­қы Ассамблеясы болуға тиіс» деген еді. Ассамблея сол үдеден шы­ғып келе ме?

 

Жұма, 13 сәуір 2012 7:17

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Розақұл ХАЛМҰРАДОВПЕН әңгіме

– Розақұл Сатыбалды­ұлы, Мемлекет басшысы Қа­зақ­стан ха­л­қы Ас­сам­блея­­­сы­ның бі­рінші сес­сиясында (24 на­у­рыз 1995 жыл) жасаған баяндамасында «Біз­дің қоғамды бі­рік­ті­ретін тұт­қа­лар­дың бірі – Қазақстан хал­қы Ассамблеясы болуға тиіс» деген еді. Ассамблея сол үдеден шы­ғып келе ме?

– Кезінде көптеген беделді сарапшылар Кеңес Одағының құрамынан шыққан егемен Қа­зақ елі ядролық қа­ру­ға сүйене отырып, қатал держава­лық саясат жүргізеді деп қауіптенгені бел­гілі. Алайда, қо­ғам­да де­мо­кратия­лық құн­ды­лықтар ор­нату және азамат­тық қоғам құру бағы­тында батыл іс-қи­мыл­ға көшкен Қа­зақстанның Семей ядролық полигонын жабуы, әлемде төр­тін­ші орында деп рес­ми бағаланған яд­ролық арсеналынан бас тартуы жа­һан­дық сая­сат­та­ғы қайталанбас оқи­ға ретінде мойындалды. Қазақстан өзінің алдына қойған негізгі мақсаты – бейбіт өмір, келісімді қоғам, ынты­мақ­тас­тық пен бірігу екенін дә­лелдеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басты саясаты қоғамдағы барлық этнос­тар­дың толықтай құқығы мен бос­тан­дығын сақтай отырып, жергі­лік­ті, байырғы ұлтқа негізделген жоға­ры әлеуетті қоғам құру болды. Ал 1995 жылдың наурыз айында Қа­зақ­стан Республикасының Президенті жанынан консультативтік кеңесші орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Сол жылдан бастап Ассамблея этносаралық қа­ты­настар саласында мемлекеттік ұлт­тық саясатты жүзеге асырушы ма­ңызды институт ретінде бағала­нып, елімізді мекендейтін барлық этнос­тардың өзара қарым-қатына­сын қамтамасыз етуде тиімді құ­рал­ға айналды.

Құрылғаннан бергі уақытта Ассамблея этносаралық келісім саласында айтулы табыстарға жетіп, аза­маттардың этностық немесе діни ерек­шелігіне қарамастан, құқығы мен бостандығын сақтаудағы басты кепіліне айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді әрі жемісті іс-әрекетінің арқасында еліміздегі этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында бейбітшілік пен келісім үлгісі сақталды. Ал Ассамблея қанатының астына 130-дан астам этностың жиналуы аталған Ұйымның «кіші Біріккен Ұлттар Ұйымы» деп аталуына себеп болды.

2007 жылы жүргізілген консти­ту­циялық реформалардың нәти­же­сінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа конституциялық өкілеттілік пен мәртебеге ие болды, сонымен қатар Ассамблеяның атынан Парламент Мәжілісіне 9 депутаттың сайлануы Қазақстан қоғамында еліміз­дің мемлекет пен қоғамды демократияландыру жолындағы маңызды қа­да­мы ре­тінде бағаланып, әлемдік қо­ғам­дастық тарапынан Елбасы Н.Ә.На­зар­баев не­гізін қалаған этнос­аралық және кон­фес­сияаралық келі­сім үлгісі деп мойындалды. Қазақ­стан­ды мекендеп отыр­ған этнос­тар­дың мәдениетін, тілі мен дәстүрін да­мытуға барлық жағдайлар жасалған.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің тікелей күш салуымен этносаралық қатынастар саласын сая­саттан тыс сақтап, азаматтық қоғам қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізіп отыр. Ассамблея үшін 2008 жыл өте маңызды, нәти­желі жыл болды – Ассамблеяның бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытындағы рөлін нормативтік-құ­қық­тық тұрғыда үйлестіретін «Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды. Аталған заң­на­малық құжат елдің әрбір азаматына халқы үшін аянбай қызмет етуді, Қазақстанның патриоты болуға ша­қы­рып, нақты іс-қимыл бағыттарын ұсынады. Мемлекеттік және өзге этнос тілдерін, салт-дәс­түр, мәде­ниет­ті өркендетуге толық­тай мүмкіндік береді. Сонымен қа­тар, елдің әрбір аза­маты Қазақ­станның болашағы, егемендік негізі – мемлекеттік тілді да­мытып, нағыз іс жүзінде пат­риот­қа айналып, Отан үшін қызмет ету, аталған қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңіру бағыты нақтыланған.

Ассамблея жұмыс істей бастаған 17 жылдан бері атқарған қызметі мен жүріп өткен сара жолы қазақ­стан­дық этносаралық және конфес­сия­аралық келісім үлгісінің әлемдік қоғам­дас­тық алдында беделді ұйым­ға айналып, ел қоғамының құрамдас бөлігі­не айналғанын көрсетті. Тағы да атап өтетін жәйт, елді жұмыл­дырушы ма­ңызды фактордың бірі қазақ халқы, оның дәстүрлік, тілдік және мәдени құндылықтары болып табылады. Кез келген мемлекеттің бі­рі­гуінің, ортақ мақ­сат­қа ұйысуының не­гізі халықтың жап­пай мемлекеттік тілді қол­дануына байланысты. Мемлекеттік тіл мен қазақ ұлты – Қа­зақстан қоғамын жұ­мыл­дырушы басты күш, Қазақстан хал­қы­ның тұрақты­лы­ғы мен еліміздегі бейбіт­ші­ліктің ке­пі­лі. Қазақ жерін мекен еткен барлық этнос өкілдері татулы­ғы­ның сыры – қазақ халқының кең пейілі, қонақжай та­би­ғи болмысында, бі­тім­шіл жаратылысында жатыр.

Президент өткен жылғы Жолдауын жариялағанда: «Мемлекетті, оның қауіпсіздігін одан әрі нығайтып, экономиканың тұрақты дамуы мен азаматтарымыздың әл-ауқатының ар­туын қамтамасыз ету үшін Қа­зақстанға ұзақ мерзімді тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім керек» деді. Сол кезде қос палата отырысына қа­ты­сушы депутаттар, шетелдің ел­ші­лері, басқа да шақырылған қонақ­тар­дың барлығы орындарынан тұ­рып қол соқты. Ал біздің барлы­ғы­мыздың жүрегімізде елімізге, жері­мізге, Елбасымызға деген мақтаныш сезімі толқып тұрды. Төрдегі Туы­мыз­ға, әлемге әйгілі Қазақстанның азаматы екендігімізге қуандық. Сонымен қатар, тек біз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін тыныштықтың, ұлт­аралық келісімнің, қоғамдық тұ­рақ­тылықтың қымбат екенін се­зін­дік. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде біздің ең үлкен байлығымыз да осы – ұлт­аралық келісім, қоғамдық татулық. Осы байлықты көздің қарашығындай сақтай білейік.

– Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан Қазақстанды «Әлемнің өзге мем­лекеттері үшін ұлтаралық ке­лі­сім­нің, тұрлаулы әрі тұрақты да­муы­ның үлгісі» деп атаған екен. Әлем­дік деңгейдегі саясат­кердің осы пікірін таратып айтып берсеңіз.

– Бүгінгідей бірқатар мемлекет­тің орнықты дамуына этностық және діни жанжалдар айтарлықтай қатер төндіріп отырған шақта Қа­зақстан мұндай мәселелерді жүйелі түрде шеше білуге қабілетті екенін көр­се­туде. Кейбір мемлекеттердің басшылары өз ұлтының азамат­тары­ның да басын біріктіре алмай айтысып жат­қанда, Қа­зақстанда тұратын 130-дан астам энос өкілдерін қа­зақ­тың қа­сиетті де бе­рекелі шаңыра­ғы­ның ас­тын­да топтас­тырып, олар­дың бір­лі­гін, ынтымағын нығай­ту­да­ғы, этнос­аралық және кон­фес­сия­ара­лық келі­сім­ді, қоғамдағы та­тулықты үйлес­ті­ру­дегі Нұрсұлтан На­зар­баевтың ер­лікке толы еңбегін бү­гінде тек қана қазақстандықтар емес, бүкіл әлем мойындап отыр.

Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы ұлттық саясатты, этносаралық және дінаралық үнқа­ты­суды жүзеге асырудың бірегей әрі тиімді тетігі құрылған. Мемлекет басшысының бастамасымен құрыл­ған Ассамблея этносаралық қаты­нас­тардағы жарасымдылықтың ор­та­лық буыны болып табылады және саяси тұрақтылықты орнықтыруда, қоғам­дық келісім мен тыныштықты ны­ғай­туда маңызды рөл атқарады. Жалпы алғанда, елде мультимә­де­ниет­ті, көпконфессиялы, көпэт­нос­ты қоғам­да бірлікті сақтау мен ны­ғай­тудың бай әрі бірегей тәжірибесі жинақ­тал­ған. Сондықтан да бү­гін­дері оны бұ­рынғы кеңестік респуб­ликалардың да қабылдай бастауы аса таңқа­лар­лықтай мәселе емес. Со­нымен қатар, біздің тәжірибемізді демократиялық институттарды қа­лып­тастыруда сан ғасырлық тәжі­ри­бесі бар мемлекеттер де мұқият зерттеп отыр.

Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келі­сімнің қазақстандық үлгісі БҰҰ-да, ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар жөніндегі Жо­ғарғы комиссарының штаб-пәте­рінде, ЕҚЫҰ-ға мүше елдерде, бар­лы­ғы 30-ға жуық халықаралық ұй­ымдар мен шет мемлекеттерде таныстырылды. Сондай-ақ, соңғы үш жылда 14 мем­лекеттің өкілдері ке­ліп, біздің тәжі­ри­бемізбен танысты және жоғары баға берді. Осының бәрі айтарлықтай ауқым­дағы ке­шен­ді және көпұлтты әрі көпкон­фесс­иялы Қазақстан халқы бірлігінің өзіндік үлгісін құрайды. Бұл – республиканы өркендетуге, қуат­­ты және қарқынды дамуға бас­тайтын бағдар.

ҚХА-ның Қазақстанның саяси жүйесінде артып отырған рөлі, оның қоғамдағы беделі 2007 жыл­дың мамыр айында Президент Н.­Ә.На­зар­баевтың бастамасымен қа­былданған Қазақстан Республика­сының Конституциясына енгізілген түзетулерде кө­рініс тапты. Осылайша, Мәжіліс­тің 107 депутатының тоғызын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Бұл қадам тәуел­сіз мемлекеттің қажет институт­тары­ның құрылуының аяқ­тал­ғанын және Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы шеп­тердің бірі­не бастаған қозғалысын сипаттайтын жаңа саяси сапаға қадам басуы­ның белгісі. Ресейлік сарапшы­лар­дың пікірінше, мұндай норма, саяси шешімдерді дайындау мен қабылдау үдерісін одан әрі же­тілдіруге, би­ліктің үш тармағының өзара және Ас­самблеямен іс-әре­кеттерін заң шығару қызметінде Қа­зақ­стан хал­қы­ның алуан түрлі пікір­лерін әлде­қайда толық ескеру үшін терең­детуге ықпал ететін болады.

– Мемлекет басшысының би­ылғы Жолдауы, әсіресе, қара­пай­ым қазақстандықтарды қызық­тыра түсуде. Мұның мәнісі неде?

– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын зер сала қарайтын болсақ, олардың бір-бірімен сабақтасып жатқанын көреміз. Бұл құжаттарда «Қазақстан-2030» Стратегиясын ке­зең-кезеңімен жүзеге асыру мақсат­тары көрсетілген. Жолдаулардың түпкі мақсаттары бір, ол – елдің бір­лігін нығайту арқылы барша қазақ­станд­ықтардың әл-ауқатын жақсарту.

Мемлекет басшысы биылғы Жол­дауын­да он бағытты белгілеп берді. Осы бағыттарда әрбір қазақстандық мемлекет тарапынан өзіне жасалатын қамқорлықты, қолдауды нақты аңғарады әрі сезінеді. Байқайтын болсаңыз, Елбасының назарынан дәл бүгінгі өзекті деген ешқандай мәселе тыс қалмаған. Мысалы, елімізде кенжелеп тұрған бір мәселе жастарға тәрбие беру еді. Президент осыны дөп басып, жастарды пат­риоттық, то­леранттылық рухта тәр­биелеуді білім берумен бірге алып жүруді ұсынды.

Жалпы, кез келген мемлекеттің дамуы үшін негізгі үш шарт болуы керек. Бірінші – бейбітшілік. Егер елде бейбітшілік болмаса, жұмы­сың­да да, тұрмысыңда да береке болмайды. Екінші – келісім. Мұның жауабы: «Бір күн жанжал болған үйден қырық күн береке қашады» деген мәтел болмақ. Үшінші – жасампаз еңбек.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұл­тан Назарбаевтың даналығының арқасында бүгінде Қазақстанда осы айтылғандардың барлығы салтанат құрып отыр. Енді біздер Жолдауда көрініс тапқан мәселелерді бүкіл қазақстандықтардың жүрегіне жет­кізе алсақ, сол міндеттемелер, сөз жоқ, орындалады.

– Бүгінде елімізді әлемдік қо­ғамдастық жақсы жағынан таныды. Экономикамыз қарқынды дамып келеді. Бұл неге байланысты?

– Экономикамыздың қарқынды дамуы, ең алдымен еліміздегі тұрақ­тылық, халқымыздың бірлігі мен қоғамдық келісімге байланысты. Қа­зақстан тәуелсіздік алған кезден бері Мемлекет басшысы қоғамды демо­кратиялық жолмен дамытуға, зайырлы да дәулетті ел болуға бастап келе­ді. Нарық экономикасының білгірі ретінде халықтың әл-ауқатын жақ­сар­ту бағытында әлеуметтік ма­ңызы зор бағдарламаларды жүзеге асыр­ды. Шағын және орта кәсіп­кер­ліктің өр­кендеуіне жол ашты. Мем­лекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүр­гізуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды дүние жүзіне таныта білді. Әлемдегі беделді елдер мен ық­палды халықаралық ұйымдар бү­гінгі Қазақстандағы орнаған де­мо­кра­тия­лық ахуалды қолдап отыр. Н.Назар­баев­тың жүргізіп отырған сындарлы саясатын қолдағанының дәлелі – Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі. Бұл – Қазақстанның халықаралық беделі өскендігінің, Пре­зидент жүргізіп отыр­­ған сая­сат­тың дамыған елдер­дің үлгі-қа­лып­тары­на сай екенді­гінің көрінісі.

Біз 20 жылды алып адымдармен, қарышты қадамдармен жүріп өттік. Адам айтса нанғысыз табыстарға жеттік. Күні кеше ғана айлап, тоқ­сандап жалақысыз, стипендиясыз, зейнетақысыз қалған елге «аз ғана жылда осындай табысқа жетеміз, бүгінгідей дәурен сүреміз» деген ой өңі түгіл, түсіне де кірген жоқ. Біз ендігі жерде әзәзілдің сөзіне ермей, ел бірлігін сақтап, бүкіл қоғам болып жұмылып, «ұлт та ортақ, ел де ортақ, жер де ортақ, Отан да ортақ» деп, бір кісінің баласындай бас қосып, бәтуәлі өмір, баянды тұрмыс кешуді, көсегесі көгерген өркениетті елге айналуды ойлауымыз керек.

Ел болашағы үшін қоғамның ішкі қайшылықтарын жеңіп, ілгері­леуі­міз­ге құрсау, аяғымызға тұсау болып отырған әдеттерден арылуымыз қа­жет. Әлем мойындаған Қазақ­стан­ның салған даңғыл жолы бола­шақта да осы мемлекетті құрған Президент Н.Назарбаевтың ақыл-ойы мен парасаты, халықаралық сая­саттағы беделі мен қажымас қай­ратының арқасында басқаларға үлгі бола отырып, іргелі еліміздің дами беретініне күмән жоқ.

Қазақстан бүгінде әлемде сөйле­се – сөзі, істесе – ісі үдеге асып тұрған ықпалды, тұғырлы мемлекетке, ал Ел мен Елбасы бөлінбейтін егіз ұғымға айналды. Алқабы – малға, қойны – қазынаға толы кең-байтақ жеріміз бар, аспанкөк Тудың астына топтас­қан ынтымақты еліміз бар, әлемнен білім мен ілім жинап жат­қан өскелең ұрпағымыз бар, ас­қақ Ақордамыз бар, айбынды Астанамыз бар, көш бастаған Еріміз бар еңсесі биік ел-жұртпыз! Алдымызда – жарқын болашақ. Төртеу түгел болса, алынбай­тын қамал жоқ. Тек ауызбір­ші­лігімізді алма деп тілейік Алладан!

– Розақұл Сатыбалдыұлы, елі­міз­дегі этномәдени бірлестіктерге мемлекет тарапынан жасалып жат­қан қолдау-көмекті қалай бағалайсыз?

– Еліміз бойынша 800-ге жуық этномәдени бірлестік жұмыс істей­ді. Оның 28-і республикалық бір­лестіктер. Жалпы, республикамызда тұратын этностардың 50-ге жуығы өздерінің орталықтарын құрған. Осы этномәдени орталықтар мен бір­лестіктерді мемлекет тарапынан қол­дауға келетін болсақ, бұл мә­селеде аса ауқымды жұмыстар жү­зеге асырылып жатыр. Мысалы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қа­былданғаннан кейін этномәдени бір­лестіктердің жұмысы біршама ретке келді. Еліміздің облыстарында, Алматы қалаларында Достық үйлері ашы­лып, көпшілікке қызмет ете бастады. Ал елордамызда Бейбітшілік және келісім сарайы бар. Бұл ғима­раттан еліміздегі бар­лық этномәдени бірлестіктерге орын-жай берілген, жұмыс істеуле­ріне қажетті жағдай­лар жасалған.

Бүгінде республикалық орыс, ұйғыр, өзбек, неміс, корей театрлары жұмыс істейді, олардың жалпы саны – 14. Бұл өнер шаңырақтары­ның барлығы мемлекеттен қаржы­ландырылады. Елімізде этностар­дың өз ана тілін дамытуда да бірқа­тар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 100-ден астам мектепте 22 этностың тілінде олардың ана тілі жеке пән ретінде оқытылады. Сонымен бірге, 90-ға жуық мектепте оқу үдеріс­те­рінің барлығы өзбек, ұйғыр, тәжік, украин тілдерінде жүргізіледі. Мұ­ның сыртында 200-ге тарта жек­сен­білік этнолингвистикалық орталық­тар тағы жұмыс істейді. 11 тілде 40-тан астам газет-журнал жарық көреді.

Ал енді этномәдени бірлестік­терді қаржылық қолдауға келетін болсақ, бұл мемлекеттік бюджеттен екі жолмен беріледі. Оның біріншісі – әлеуметтік тапсырыс, екіншісі – жергілікті атқарушы органдардың грант арқылы қаржыландыруы.

Елімізде «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылдан­ды. Менің ойымша, енді «Этномә­дени бірлестіктер туралы» да заң қа­был­даған жөн шығар. Өйткені, этномә­дени бірлестіктердің де ең негізгі қызметі қоғамда бейбітшілік пен өзара келісімді нығайту ғой. Қазақ­стан халқы Ассамблеясынан сай­лан­ған депутаттар қазіргі кезде депу­тат­тық топ құрып, осы мәселені тал­қы­лап жатыр. Егер осындай заң қабыл­данса, этно­мәдени бірлестік­терді мем­лекеттік қол­даудың басқа да те­тіктері қарас­ты­рылатын шығар деп ойлаймын.

– Атажұртыңыз – Өзбекстанға жиі барып тұратын шығарсыз?

– Бұл сұрағыңызға былай деп жауап бермекпін: біздің атажұр­ты­мыз Өзбекстан емес, біздің атажұр­ты­мыз – осы Қазақстан. Қазақта «Әр азамат өзінің жеті атасын білуі парыз» деген сөз бар ғой. Мен жеті атамды тарататын болсам, өзімнің әкем – Сатыбалды, оның әкесі – Халы баба, оның әкесі – Қошқар баба, оның әкесі – Мадусман баба, оның әкесі – Ахмет Юсуп баба, оның әкесі – Нұржан баба, оның әкесі – Хасантай баба. Менің осы аталған жеті атамның барлығы Қазақстанда туып, Қазақстанда өскендер. Сондықтан «Атажұртың – Өзбекстан» деген бізге өте ауыр тиеді.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.