18 Сәуір, 2012

«Табиғат – туған ұямыз!» – дейді павлодарлық «Болашақ бүгіннен басталады» акциясына қатысушы жастар

444 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

«Табиғат – туған ұямыз!» – дейді павлодарлық «Болашақ бүгіннен басталады» акциясына қатысушы жастар

Сәрсенбі, 18 сәуір 2012 8:17

Жақында облыс орталығындағы Ертіс өзені жағалауы ауданында «Қаз қонақ» аталатын табиғаты ерекше аумақта «Болашақ бүгіннен басталады» атты жалпы еліміз бойынша өтіп жатқан   акцияның аясында жастар сенбілікке жиналды. Жалпы, жастардың бұл бастамасы өте дұрыс. Біз бұдан бұрын да газетімізде облыс орталығында осы акция бастамасымен өткізілген кішкентай бүлдіршіндер және жасөспірімдер қатысқан шаралар жайында жазған болатынбыз. Ал енді бүгінгі өтіп жатқан бұл шара жастар, студенттердің, студенттік құрылыс штабтары мен облыстағы «Жасыл ел» жастар отрядының және  облыстың ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Сәрсенбі, 18 сәуір 2012 8:17

Жақында облыс орталығындағы Ертіс өзені жағалауы ауданында «Қаз қонақ» аталатын табиғаты ерекше аумақта «Болашақ бүгіннен басталады» атты жалпы еліміз бойынша өтіп жатқан   акцияның аясында жастар сенбілікке жиналды. Жалпы, жастардың бұл бастамасы өте дұрыс. Біз бұдан бұрын да газетімізде облыс орталығында осы акция бастамасымен өткізілген кішкентай бүлдіршіндер және жасөспірімдер қатысқан шаралар жайында жазған болатынбыз. Ал енді бүгінгі өтіп жатқан бұл шара жастар, студенттердің, студенттік құрылыс штабтары мен облыстағы «Жасыл ел» жастар отрядының және  облыстың ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Сонымен, Ертіс өзені жаға­лауында өткен бұл жолғы шара жалпы жергілікті жұртшылық, табиғат қорғаушылар арасында бұрыннан бері «Қаз қонақ» атты атауға ие болған табиғат­тың өзі қолдан жасағандай жа­ғалаудағы «табиғи ескерткіш» аумағын арнайы сенбілік жасап тазалайды. Ал негізгі мақ­саты – жастардың туған жерге деген патриоттық сезімдерін оятып, қоршаған ортаның таза­лығы мен эко­ло­гиялық тәрбие тақырыбына арналды. Сөйтіп, осындай ай­қын бағытты қолға алған пай­да­лы істі «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, «Қазақстан студенттер альян­сы» республикалық студенттік қозғалысы, тағы басқа облыс орталығындағы жастар қоғам­дық бірлестіктері қолдады.

Ал орыстар «Гусиный перелет», қазақтар «Қаз қонақ», «Құс қонақ» атап кеткен күн астындағы табиғат ескерткіші деген не? Бұрындары өзен жа­ға­лауына көктем келісімен-ақ дала қаздары жайылып жү­ріп­ті. Зерттеушілердің ай­тып жүр­геніндей, бұл орынды сонау 1928 жылы палеонтолог Ю.Орлов деген орыс саяхат­шы­сы ашқан көрінеді. Бұл жерден бірнеше мыңдаған тас­ба­қа, кесіртке, махайрод-мы­сық, жираф және үш тұяқты гиппарион жылқысы сияқты ертедегі сүтқоректілер сүйек­те­рі­нің қал­дықтары табылған. Бұрынғы жануарлардың сүйек­тері жерленген делінеді. Қазір бұл жер еліміздегі ерекше қор­ғалатын табиғи аумақтар қа­та­рына алынды.

Осы «Қаз қонақтың» әлем­дегі 20 палеонтологиялық ескерткіштер тізіміне енетіні кө­мі­лген тарихи жәдігерлердің кө­нелігінде. Неоген кезеңінде мекен еткен жануарлардың қал­дықтары жерленген жер, аршылған сүйек қалдықтарын үш ашалы гиппарион (жылқы), керік, мастодонт пілдерінің арғы тегі, қылыш тісті жолбарыстар, мүйізтұмсықтар, морж секілді ескек аяқты жануарлардың да сүйек­тері табылған көрінеді. Сонау жылдары Мәскеуден экспедиция келіп, қазба жұмыстарын жүргі­зіп, 16 тоннадан астам сүйектерді сол жаққа алып кетіпті. Ал ға­лымдар 20 бұғы, 40 керік, 130 мүйіз­тұмсық, 200 гиппарион жыл­қысы және басқа да жануарлар қалдықтары табылғанын айта­ды. Қазіргі уақытта Мәскеудегі па­леон­тологиялық музейде «Қаз қо­нақтан» қазып алынған жәді­гер­лер тұрған көрінеді. Көрінген нәрсені өздеріне таңып ала қоя­тын орыстар бұл көне сүйектерді ол жаққа бекер алып кеткен жоқ. Сол уақыттарда теміржол бас­шы­лары көне тарихи жәдігерлердің өзге ел жаққа вагон-вагон болып кетіп бара жат­қанына жаны ашып, әртүрлі сылтау айтып, өз жерімізде қалдырғылары да келген көрі­неді. Өктем уақыт басқа еді.

Ал өзімізде аталмыш жәдігер­лердің тек көшірмелері ғана қал­ды, жергілікті өлкетану музейінде бар. Кейін қазақ ғалымдары да зерттейді. Ендігі мәселе – аспан астындағы «Қаз қонақ» музейін жәдігерлерімен қоса сақтап қа­лу­да болып тұр. Өйткені, бір жағы­нан Ертістің толқыны шайып, тарихи жәдігерлер сумен бірге ағып кетіп жатса, екінші жа­ғы­нан қала тұрғындары бұл жерді қоқыс төгетін, ит қыдыр­та­тын орынға айналдырып ал­ған­дары өкінішті. Ежелгі жануарлар сүйегі жатқан бұл жерді қалай да сақтап қалу керек. Бұл біздің төл тарихы­мыз­бен де байланысты, ашыл­ма­ған үлкен бір сыр жатқандай. Міне, сондықтан да жыл сай­ын «Жасыл ел» жастар отряды мен студенттік құрылыс ұйым­дары «Қаз қонақ» аумағында сенбілік өткізіп, тазалық жұмыстарын жүргізетіндері де тегін емес.

Биыл да солай. Жастар, сту­денттер «Қаз қонақ» аума­ғын тазалады. Сенбілікке 200-дей студент жастар қатысты. Жастар ежелгі жануарлар ес­керт­кіштерінің қалпына келтіруін және сол жануарлардың сүйектерін іздеп тауып, одан әрі зерттеуді де қолға алуда. Облыстық студенттік құрылыс штабы мен «Жасыл ел» жастар отряды сенбілік кездерінде та­биғат ескерткіштерін қалпына келтіретін бағдарламаларды да жүзеге асырмақшы. Бұл күні жастар «Қаз қонақта» таза­лық­ты қалпына келтіруден басқа, елдік рухты көтеретін, жас­тар­дың ой-өрісін, бойларын шы­нық­тыратын әртүрлі ойындар да өткізді.

Фарида БЫҚАЙ,

Павлодар облысы.