24 Сәуір, 2012

Бір халықпыз, бір тағдырмыз!

311 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бір халықпыз, бір тағдырмыз!

Сейсенбі, 24 сәуір 2012 7:23

Бүгінде Қазақ еліон сан ұлттар менұлыстардыңордалы ұйығына, шадыман күлкілібақыт ордасынаайналыпотырғандығыбелгілі. Мұнданәсілге бөлу, дінгебөлу, ұлтқа бөлужоқ. Ала қойдыбөле қырықпағанәділетті де сали­қа­лы саясат ұстанғанҚазақстандататулық пен тұрақтылық орнағаны да сондықтан деп білуіміз керек. Алынтымақты жерге ырыс пен бақ қонақтап, әмсе баяндылықпен тұ­рақтайтынын халқымыздың ғасырлар бойғы даналығы дәріптеп келеді.

 

Сейсенбі, 24 сәуір 2012 7:23

Бүгінде Қазақ еліон сан ұлттар менұлыстардыңордалы ұйығына, шадыман күлкілібақыт ордасынаайналыпотырғандығыбелгілі. Мұнданәсілге бөлу, дінгебөлу, ұлтқа бөлужоқ. Ала қойдыбөле қырықпағанәділетті де сали­қа­лы саясат ұстанғанҚазақстандататулық пен тұрақтылық орнағаны да сондықтан деп білуіміз керек. Алынтымақты жерге ырыс пен бақ қонақтап, әмсе баяндылықпен тұ­рақтайтынын халқымыздың ғасырлар бойғы даналығы дәріптеп келеді.

Міне, бізбен әңгімесінде нақ осы орайдағы өрелі ойларын Қазақстанхалқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері, «Корей мемлекеттік республикалық музыкалық комедия театры» қазыналық кәсіпорнының директоры, «Қазақстан халқы Ассамблеясыәлеуметтік консорциумы» қоғамдық қорының бас дирек­торы, Қазақстанның «Самұрық» ұлт театрының бас директоры Любовь НИортаға салып еді:

Біз қазірде Қазақстан хал­қының ордалы да ортақ, тату-тәтті де өнегелі отбасында, керегесі кеңінен тартылған шапағатты шаңырағының ас­тын­да өмір кешудеміз. Тек па­расатқа ғана жүгінген, мейі­рім мен махаббат лебізіне ғана құлақ асатын бұл ордада ешкім де адамдарды ұлтына қарап бөлмейді. Бұл жерде бәрінен бұрын ізгілік пен адал­дық, шынайы шын­шыл­дық пен достық жоғары ба­ға­ланады. Мен өзім ана ретінде, әже ретінде әрбір қазақ­стан­дық үшін бейбітшілік пен тыныштықтан, өз балалары­мыз­дың болашағы мен өз шаңырағымыздың беріктігіне деген сенімділіктен маңызды ештеңе жоқ деп есептеймін. Бұл сенімге баратын жол бағ­зы замандардан бері белгілі. Барлық уақыттарда мейірім­ді­лік пен даналық, өзара құр­мет пен сыйластық, адам­дар­дың ынтымағы мен ақыл-па­расат, бір-бірін тыңдап, түсіне білуі бейбітшілік пен тыныш­тыққа бастайтын болған.

Мен он жылдан астам уа­қыт бойы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болып келемін. Соның арқасын­да көп этносты Қазақстан хал­қының мәдениетаралық және этносаралық үйлесімді үндесуіне белсенді қатысып келе жатқанымды мақтан тұ­тамын. Ал осынау игілікті іс, ізгі ниетімді мен Қазақ­стан­ның «Самұрық» ұлт театры және «Қазақстан халқы Ассамблеясы әлеуметтік консорциумы» әлеуметтік қоры ар­қылы іске асырудамын.

Қазақстанның «Самұрық» ұлт театры Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясында айтылған Елбасы тапсырмасы бойынша құрылған болатын. Бұл театрдың ерек­шелігі сол, ол бір мезгілде бірнеше тілде жұмыс істейді. Театр сахнасында арнайы ша­қырылған шығармашыл, дарынды, қазақстандық қоғам­ның бірлігін өнер тілінде бейнелеуге қабілетті дара тұл­ғалар қызмет етпек. Сөйтіп, олар көркемдік құралдар ар­қы­лы Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының елдегі біртұтас рухани кеңістікті нығайту орайындағы міндеттерін шешуге септігін тигізбек.

Ал осы біртұтас рухани кеңістік дегеніміз байырғы парасатты қазақ ділінде тия­нақ табады. Сөйтіп, ол то­ле­ранттылыққа, ынтымаққа, өз­ара сенімге және бүгін таңда 130-дан астам этностардың бесігіне айналған ел мен жерге деген отаншылдыққа, яғни патриотизмге жол ашпақ. Біз­дің мәдениетіміз қазақ­стан­дық қоғамның моральдық-адам­гершілік негіздерін өз бойына дарыта отырып, әрі соның соны сипатты көр­сет­кіші де болып табылады. Сон­дықтан өнер арқылы ор­тақ еліміздің бірегей дара­лы­ғын сақтап, әрі қарай дамытуымыз заңды. Осы жағдайда көпұлтты Қазақстан халқы мәдениеттерінің өзара сіңісіп, терең тамыр жайып баюы оның руханиятына да игі ық­пал етеді. Осылайша толерантты, бірнеше тілді меңгерген, оң өзгерістерді ашық қабыл­дауға икемді және бабалар дәстүрлерін көздің қара­шы­ғындай сақтайтын Қазақстан азаматының қайталанбас бей­несі қалыптаспақ.

«Самұрық» ұлт театры бел­гілі жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің пье­сасы бойынша қойылған өзінің алғашқы «Бақыт құсы» атты спектаклін Қазақстан Тәуел­сіздігінің 20 жылдығы­на арнады. Ұлт театры – осын­дай үлгідегі тұң­ғыш театр. Қа­зақстан бойынша оның әзірге баламасы жоқ.

Соңғы бес жыл бойында Ассамблея аясында «Қазақ­стан халқы Ассамблеясы әлеу­меттік консорциумы» қо­ғамдық қоры мен Мұхтар Әуе­зов қоры бірлесе отырып, жүйелі де мақсатты жұмыс жүргізіп келеді. Еліміздің бір­тұтас рухани кеңістігін құру жолында «Жібек жолы бой­ын­дағы әңгімелер» форматын пайдаланудамыз. Бұл орайда Қазақстанмен ғана шектеліп қалмай, ізгілікті мұрат-ние­тімізге Орталық Азияның бас­қа да республикаларын тар­тудамыз. Сөйтіп, үнқатысу өрі­сі кеңейе түсуде. Бұл деге­ніңіз, қазақстандық отансүй­гіш­тік пен патриотизмді, то­леранттылықты және әрбір азаматтың ел мен отбасы ал­дындағы жауапкершілігін тәр­биелеуге бағытталған тағы бір ілкімді жоба болып отыр.

Айта кетерлік бір жағдай, осы әлеуметтік консорциум Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің бастамасы бойынша құрылған еді. Олар бизнестің әлеуметтік жауап­кер­шілігін жақсы түсініп, осы ретте сөзден іске көшудің тәуір үлгісін көрсете білді. Дү­ние жүзінің көптеген елде­рін қаржылық дағдарыс жайлап, тұрмыс дәрежесі төмен­деп жатқан кезде біздің Қа­зақстанымызда көйлек көк, тамақ тоқ дегендей берекелі барқадар жағдай қалыптасып отырғанына шүкіршілік етеміз. Бұл да елімізде жүргізіліп отыр­ған салиқалы да сарабдал саясаттың арқасында мүм­кін болған біздің бір бақытымыз шығар. Біздің Ұлт театрымыз еліміздегі Ұлттық әл-ауқат қорымен аттас болып, «Самұрық» деп аталға­нын да бір ерекше жақсылық нышанына балаймын. Дулат Исабековтің спектаклінде айғақталғандай, осы «Бақыт құсы» біздің басымыздан мәңгі кетпесін демекпін.

Қорытындылай келе айтарым, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы мәдениетаралық және этнос­ара­лық үнқатысудың бірегей тетігіне, мемлекет пен азамат­тық қоғамның бірлесе іс-қи­мыл жасауының серпінді құ­ралына һәм дәнекеріне айналды. Біз, Қазақстанның ата- жұртында ыстықтай елжіреп бауыр басып, тереңнен тамыр тартып мекендеген сан алуан этностардың өкілдері өзіміз­дің ортақ Отанымыздың бір­лік-берекесін сақтау орайын­да­ғы жоғары парыз жауап­кер­шілігін барша жан-дүние­міз­бен саналы түрде ұғынып се­зі­неміз. Себебі, біз Тәуел­сіз­діктің 20 жылында бір халық, бір тағдыр болып сомдалып үлгердік.

Жазып алған Қорғанбек АМАНЖОЛ.

Соңғы жаңалықтар