«Ақтөбе облысында өтетін Жастар жылының іс-шаралар жоспарының негізі былтыр қараша айында өткен «Жас барыс» алғашқы өңірлік форумында жастардың өздері айтқан ұсыныстары мен идеялары болды. Жоспарға сай облыста 300-ден аса іс-шара өтеді. Оның ішінде 14-29 жас аралығындағы 200 мыңнан аса ақтөбелікті қамтитын халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар. Олардың барлығы да Елбасының жастарды баспанамен, жұмыспен, қол жетімді кәсіби біліммен қамтамасыз ету, жастардың кәсібін қолдау, еріктілер қызметін жандандыру, патриоттық ұйымдарды күшейту бойынша қойған міндеттерін шешуге бағытталған»,- деді Б. Сапарбаев.
Айта кетейік, Жастар жылындағы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру ендігі белсенді кезеңге енді. Мәселен, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін бірегей бағдарлама іске қосылды, оған сәйкес облыстың 29 жасқа дейінгі тұрғындары алдын ала жарнасы 350 мың теңге және ай сайынғы төлемі 35 мың теңге болатын бір бөлмелі пәтерді ипотекамен сатып ала алады. Осы бағдарламаның алғашқы пәтерлеріне елу ақтөбелік жас ие болды.
Өңір басшысы кездесу барысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жұмысшы жастарға, еріктілер қозғалысынғ срнымен қатар спорттық инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлінетінін мәлімдеді.
Мәселен, Ақтөбеде құны 2 млрд теңге болатын Ақпараттық технологиялар орталығының, жеңіл атлетикалық манеж (1,5 млрд теңге), бокс орталығы (1,2 млрд теңге) құрылысы басталды, ал аудан орталықтарында тоғыз заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады деп жоспарланып отыр. Жастардың кәсіпкерлік бастамасы бұлардан басқа стартаптарды қаржыландыруға 40 млн теңге бөлу арқылы қолдау табады.
Қоса кетейік, Ақтөбе облысы халқының төрттен бір бөлігі немесе 208 мың адам – 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Облыс әкімі олардың ешқайсысы Жастар жылының артықшылықтарынан кенде қалмауынатап өтті.