25 Сәуір, 2012

Игілікті ізденістер нәтижесі

303 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Игілікті ізденістер нәтижесі

Сәрсенбі, 25 сәуір 2012 7:36

Күні кеше адамзат ар­ман­даған өркениеттің өнеге­сін­дей, әлеуметтік дамудың ша­рықтау шегіндей көрінетін кәрі дүние – Еуропа мен Америка Құрама Штат­тары­ның аяқ астынан шай­қалып, астан-кестен болу­дың аз-ақ алдында тұрған экономикасы жайлы оқып-біліп, дүние­жү­зі­лік дағ­д­арыстың ке­лесі нө­пі­рі тақап қалды деген болжамдарды ес­тіп, «Қазақ­ста­ны­мыздың ер­тең­гі жағдайы не болар екен?» деп, кү­мән­данып жүрген ке­зі­мізде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауын жариялап, көңілі­мізді орнына түсірді.

 

Сәрсенбі, 25 сәуір 2012 7:36

Күні кеше адамзат ар­ман­даған өркениеттің өнеге­сін­дей, әлеуметтік дамудың ша­рықтау шегіндей көрінетін кәрі дүние – Еуропа мен Америка Құрама Штат­тары­ның аяқ астынан шай­қалып, астан-кестен болу­дың аз-ақ алдында тұрған экономикасы жайлы оқып-біліп, дүние­жү­зі­лік дағ­д­арыстың ке­лесі нө­пі­рі тақап қалды деген болжамдарды ес­тіп, «Қазақ­ста­ны­мыздың ер­тең­гі жағдайы не болар екен?» деп, кү­мән­данып жүрген ке­зі­мізде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауын жариялап, көңілі­мізді орнына түсірді.

Тәуелсіздіктің жиырма жы­­лында туған елімізді соқ­тық­палы, соқпақты жолда адас­тыр­май алға бастап, төрт­күл дүние­ге түгел танытып, Еуропаның төріне шы­ғарған Тұңғыш Прези­денті­міз әлем­дік қаржы дағдарысы бас­тал­ған сындарлы шақта «Дағ­да­рыс­тан жаңару мен дамуға» атты Жолдау арнап, халқы­мыз­ға дем беріп, дүр сілкін­дір­ген еді. Осы жолы одан да ауқымды міндеттер белгілеп, еліміздің дамуының жаңа кезеңіне қадам бас­қа­нымызды паш етті. Бүгінде бәріміз де қолтығымызға қа­нат байла­ғандай күй кешіп, жасампаз істерге жұмылу үстіндеміз.

Елбасымыз кезінде көре­ген­дікпен құрған Ұлттық қор­дың мол қаржысы елі­міз­дегі электр энергиясының тапшы­лы­ғын жоятын Балқаш жылу электр стансасын салу, Жез­қаз­ған – Бейнеу, Арқалық – Шұ­баркөл жаңа темір жол же­лі­лері құрылысына кірісу, Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өн­дірісін, Атырау мұнай өң­деу зауытында мұнайды те­рең өңдеу кешенін құру, Қа­ра­шы­ға­нақ кен орнында қуат­ты газ өңдеу зауыты құры­лы­сын бастап, елді газдан­ды­руға кірісу сияқты жаңа ға­ламат жоба­лар­ға жұмсалатын болып отыр. Алла бұйыртса, ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшы­мен қорғап, кейінгі ұрпақ­та­рына мирас етіп кеткен басты мұрамыз – кең байтақ қазақ жерінің байлығының игілігін халқымыз молынан көретін ақжарылқап заман алыс емес.

Елбасымыз биылғы Жолдауында да мемлекеттік тіл мә­­селесін айналып өтпей: «Қа­­зақ тілі, біздің мем­ле­кет­тік тіліміз өсіп-өркендеп келе­ді. 2020 жылға қарай мем­ле­кет­тік тілді меңгер­ген­дердің қатары 95 пайызға дейін жете­тін болады. Елі­міздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне де­путаттар мен мемлекеттік қыз­­меттегілер өз үлестерін қо­су­лары керек» деп атап көрсетті. Кеңес өкіметі тұсында ұлтсыз­дан­дыру саясаты ерекше екпін­мен жүргі­зіл­ген Қызылжар өңірінде де тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде мемлекеттік тілімізге деген көзқарас түбе­гей­лі өзге­ріп, көңілге зор үміт ұялататын елеулі бетбұрыс жү­ріп жатыр. Соның дүмпуімен тәуелсіздік жылдарында Петропавл қа­ласында жаңадан бес қазақ мектебі ашылып, олар­дың саны алтыға жетті. Бұған қоса, облысымызда кеңес өкі­меті тұсында орыс тілінде оқы­ту­ға көшірілген 94 қазақ мек­те­бі түгел қалпына келтірілді.

Ал үстіміздегі оқу жылында өңірдегі 6 аралас мектеп таза қазақ тілінде оқытуға кө­ші­рілді. Ал қалада соңғы салын­ған 1100 оқушыға арналған қазақ мектеп-гимназиясы 2007 жылы пайдалануға берілген болатын. Содан кейін әлемдік қаржы дағдарысы килігіп, пе­тропавлдық ата-аналар қолқа­лап сұрап жүрген жетінші қа­зақ мектебін салуға қаржы бөлінбей қалды. Осыны ескерген облыс әкімі Серік Біләлов 2008 жылғы мұғалімдердің дәстүрлі тамыз мәслихатында қала басшыларына оқушылар саны азайған орыс мектеп­тері­нің жанынан қазақ сыныптарын ашу жөнінде тапсырма берген еді. Содан бері қала­да­ғы 12 орыс мектебінің жанынан қазақ сыныптары ашылып, олар аралас білім мекеме­лері­не айналдырылды. Оларда өт­кен оқу жылында 400 қазақ баласы өз ана тілінде білім алды. Ал үстіміздегі жылғы ақпан айында болған білім басқар­ма­сының кеңейтілген алқа отырысында өңір басшысы алдағы уақытта қаладағы екі-үш аралас мек­теп­ті біртіндеп қазақ­шаға толық кө­шіру, аудандарда да қазақ мек­тептерінің санын көбейтуді қа­растыру туралы тапсырма бер­ді. Облыс әкімі­нің бұл ше­шімі де Елбасы Жолдауынан туындаған орынды шешім деп білеміз.

Осындай игілікті істердің нәтижесінде өткен оқу жылында Қызылжар өңіріндегі жалпы орта білім ордаларында қа­зақша оқыған қазақ бала­ларының саны 62 пайызға дейін жетті. Ал 1990-1991 оқу жылында облыстағы қа­зақ балаларының небәрі 25 пайызы ғана өз ана тілінде білім алған болатын. Бұл Елбасымыздың «Қазақстан­ның болашағы – қазақ ті­лінде!» деген қағидалы сөзі, салиқалылықпен жүргізіп келе жатқан тіл саясаты өз жемісін бергендігінің айғағы.

Қазақ тілінің қоғамды біріктіруші фактор ретіндегі рөлі де біртіндеп артып келе жатқаны кәміл. Мәселен, үсті­міздегі оқу жылында облыс орталығындағы ұлты бас­қа 70 ата-ана өздерінің ұл-қыздарын қазақша оқытуды жөн көріпті. Ал қызылжар­лық тіл жанашырлары 1990 жылы Петропавлда үй жаға­лап үгіт жүр­гізіп, 15 қазақ ата-ананы әрең көндіріп, ана тіліміздегі ал­ғаш­қы сыныпты әрең аштыр­ған еді. Сондай-ақ, өткен жылы Петропавл­дағы қазақ клас­си­калық гимназиясы өз ғима­ратының тарлығынан қиын жағдайда қалғанда, көршілес №7 орыс орта мектебінің директоры Татьяна Анцибор тү­сіністік танытып, өзі бас­қа­ратын бі­лім мекемесінің бір қа­батын түгел босатып бер­гені де ұлт пен ұлыстың арасын жа­қын­дастыра түсетін игі­лікті іс, ризашылықпен ай­туға тұрар­лықтай өнеге емес пе?! Айта берсек, ұлы Мағжан елі – Қызылжар өңірінде мұн­дай жарқын мысалдар жетерлік.

Әрине, ана тіліміздің қол­да­нылу аясын кеңейтуде, мәртебесін арттыруда кемшін соғып жатқан тұстар әлі де аз емес. Тіл жанашырларын, әсі­ре­се, ірілі-кішілі мемле­кет­тік қызметшілердің көпші­лі­гінің өз ана тіліне шорқақ­тығы қынжылтатыны аян. «Сын түзелсе, мін де түзе­ле­ді» дегендей, уақыт өте келе мұндай олқылықтардан да біртіндеп арылатын болармыз. Себебі, өткен жылғы қыр­күйек айында Көкшетау қаласында өткен Халық­ара­лық «Қазақ тілі» қоғамының V құрылтайында сөйлеген сөзінде сол кездегі Мәдениет министрі, бүгінгі Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің алдағы уа­қытта қабылданатын тіл туралы жаңа заңға мемлекеттік қыз­метшілер үшін мемле­кет­тік тілді білудің міндеттілігі ту­ралы бап енгізуге күш саламыз деп уәде бергені көңі­лімізде маздаған үміт отын үрлей түсті. Міне, еліміздің тіл­дер және мемлекеттік қыз­мет туралы заңнамаларына осындай бап енгізіліп, жан-жақты ойластырылып, кезең-кезеңімен іске асырылса, мұ­ның өзі ана тіліміздің қолда­нылу аясын одан әрі кеңейту бағытындағы кезекті бір аса маңызды қадам болар еді деп ойлаймыз.

 Кәрібай МҰСЫРМАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.

ПЕТРОПАВЛ.