25 Сәуір, 2012

Береке беріктірген бірлік

270 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Береке беріктірген бірлік

Сәрсенбі, 25 сәуір 2012 7:38

Қазақстанның өркен­де­ген өмірі, ны­ғайған қуаты ең алдымен елдегі барлық этностардың туысқандық пен ынтымаққа ұмтылысының арқасы десек, осының дәлеліне жарқын мысалдар жетіп артылады. Бү­гін­нен ертеңге жал­ғасқан жасампаз істерді жарастырушы, жаңғыртушы құтты ұя тұрғысында тұғы­ры биік Қа­рағанды өңірі соның үлгілі ортасы деуге әбден лайық. Басы бұдан бір ғасырдан ас­там бұрын тамыр тартқан, одан беріде қоғам, уақыт өз­герістері сан этностарды то­ғыстырып, тағ­дыр табыстыруы тұрғы­лықты жұрт­тың бауыр­мал­дық құ­шағы әсері екені олар ұмыта қоймас ыс­тық сезім. Бар­лығы үшін Қа­зақтан ортақ Отан, оның бір бөлшегі – Арқа төрі мерейлі мекен.

Сәрсенбі, 25 сәуір 2012 7:38

Қазақстанның өркен­де­ген өмірі, ны­ғайған қуаты ең алдымен елдегі барлық этностардың туысқандық пен ынтымаққа ұмтылысының арқасы десек, осының дәлеліне жарқын мысалдар жетіп артылады. Бү­гін­нен ертеңге жал­ғасқан жасампаз істерді жарастырушы, жаңғыртушы құтты ұя тұрғысында тұғы­ры биік Қа­рағанды өңірі соның үлгілі ортасы деуге әбден лайық. Басы бұдан бір ғасырдан ас­там бұрын тамыр тартқан, одан беріде қоғам, уақыт өз­герістері сан этностарды то­ғыстырып, тағ­дыр табыстыруы тұрғы­лықты жұрт­тың бауыр­мал­дық құ­шағы әсері екені олар ұмыта қоймас ыс­тық сезім. Бар­лығы үшін Қа­зақтан ортақ Отан, оның бір бөлшегі – Арқа төрі мерейлі мекен. Ай­мақтағы 115-ке жуық түрлі этностардың арасында қалыптасқан түсі­ніс­тік пен келісім ахуалы ұйымшыл­дық­ты ұйыстырып, әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық өрлеуге алтын арқау болуы көп­шілік көңілін көріктендіре түскен. Кез келген, тіпті ең аз ұлттық топтың мүдде­сіне шынайы құрмет-сыйласымдықтың негізі. Жалпы білім беретін мектептерде неміс, корей, татар, поляк тілдері оқыты­лады. Этномәдени бірлестіктердің бәрі­нің жанында ана тілді оқып-үйрететін жексен­білік мектептер жұмыс істейді. Соған қоса, мемлекеттік тіл меңгеріледі.

Облыстық әкімдікте өткен өңірдегі этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесуде ұлтаралық қатынастарды уа­қыт талап-талғамына сай дамыту мәсе­лесі алға тартылып, достық пен бірлікті қадірлеу, көздің қарашығындай сақтау мақсатындағы іс-ізденістер жөнінде келелі әңгіме қозғалды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық филиалы ғылыми-сараптау тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский, Қазақстан корейлері қауымдастығының өңірлік бөлімшесінің төрайымы Лилия Ким, теміртаулық гректердің «Потнас» ұйымының басшысы Деспина Касапиди өз сөздерінде қазақстандықтардың осындай бейбіт және тату-тәтті шаңырақ астында тұрып жатуы тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген басты байлық болып табылатындығын айтты. Қатарлары толығу үстіндегі, қазір 70-ке жуықтаған бұл бірлестіктер тек этностар үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл қоғамға, мемлекет­тік мүддеге қажетті істерді бірлесіп жүргізуге белсене атсалысып келеді. Әр этнос тұрақты мекеніне балайтын елдің, жердің тарихын, тілін, ділін, дінін сыйлап, сонымен бірге, төл ұлтының құндылықтарын да қадірлеуді көтере алады. Осы орайда қай-қайсысы қызметіне еркіндік кең, жаңаруға мүмкіндік мол. Немістердің «Видергебурт, литвандардың «Литуаник», гректердің «Авги», армян­дар­дың «Эребуни» сияқты жергілікті ошақтарының игі іс-шараларының жаң­ғырығы алысқа асып, тарихи отандарына да мәлімділері аз емес.

Осындай облыстық ұйымдар жетек­ші­лері­нің біреуі «Құрмет», төртеуі ІІ дә­ре­желі «Достық» орденімен, бірқатарының «Қазақстан Республикасының Тәуел­сіз­ді­гіне – 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталуы елдің туысқандық тамырын нәр­лен­дірушілерге деген жоғары құрметті көрсетеді.

Кездесуде өңірдегі этностар ара­сын­дағы достықты нығай­туға, мә­дени байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін 30 этно­мә­дени бірлестікке облыс әкімінің гранттары тапсырылды. Оны алушылардың бірі «Полония» поляк қоғамының төрағасы Александр Сваричевский айт­қандай, мұндай қолдау мем­лекеттік және ана тілді оқып-үйренуге, қазақстандық отан­­шылдық сезімге тәрбие­леуге, ұлттық-салт дәстүрлерді дәріп­теуге серпін береді.

– Біз этностардың барлы­ғы­на бірдей мақсат-мүддесіне сай жасалып келе жатқан жағдайға дән ризамыз. Мұның бәрі рес­публикамыздың Тұңғыш Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назар­баев­тың көрегендік саясатының шапағаты екенін түсінеміз. Ті­ле­гіміз қазақтармен, барша қазақ­стан­дық­тармен бір. Ол – сүйікті Отанымыздың мерейі биіктеп, абыройы асқақтай беруіне үлес қосу. 17 жылда өңіріміздегі этнос­тық бірлестіктер елеулі азаматтық күшке айналды, олар­дың қатысуынсыз бірде-бір маңызды қо­ғам­дық-саяси шаралар өтпейді. Мұндай сенім мен жауап­кер­шілікті ақтауды парыз санаймыз, – деді бізбен тілдескенде әзер­бай­жанның «Номус» этномәдени бірлес­тігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшесі Агиф Гамилоғлы Мамедов.

Жылдар бойы көрші-қолаң, дос-жаран сыйлас-сырлас болып өмір сүріп, соған үй­рен­ген қарағандылықтар ынтымақ пен бір­ліктің қадірін жақсы біледі. Сондықтан да достыққа, бауырмалдыққа қашанда берік.

Айқын НЕСІПБАЙ.

Қарағанды.