27 Сәуір, 2012

Дос жүрегіне шекара кедергі емес

450 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Дос жүрегіне шекара кедергі емес

Жұма, 27 сәуір 2012 1:39

Атырауда IV халықаралық фестиваль өтті

Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық байланыстың жарқын куәсі Атырау мен Астрахань облыстарының мысалынан айқын аң­ғарылып келеді. Көршілес облыс­тар­дың өзара іскерлік байланыс орнатуы 1995 жылдан бастау алады. Содан бергі кезеңде көршілер экономиканың барлық дерлік саласы бойынша, соның ішінде, шағын және орта бизнестегі ынтымақтастық келісімдерін берік орнатты. Соның дәлеліндей жыл сай­ын Атырауға Астраханның, мұнайлы өңірге ресейлік көршілердің іскер топ­тарының сапарлап келуі жиілей түсті. Көршілес облыстар тек экономикалық тиімділікті көздеген барыс-келіспен шектелмей, ұрпақтар сабақтас­ты­ғын­дай рухани, мәдени байланыстың қанат жаюына да мән беріп отыр.

 

Жұма, 27 сәуір 2012 1:39

Атырауда IV халықаралық фестиваль өтті

Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық байланыстың жарқын куәсі Атырау мен Астрахань облыстарының мысалынан айқын аң­ғарылып келеді. Көршілес облыс­тар­дың өзара іскерлік байланыс орнатуы 1995 жылдан бастау алады. Содан бергі кезеңде көршілер экономиканың барлық дерлік саласы бойынша, соның ішінде, шағын және орта бизнестегі ынтымақтастық келісімдерін берік орнатты. Соның дәлеліндей жыл сай­ын Атырауға Астраханның, мұнайлы өңірге ресейлік көршілердің іскер топ­тарының сапарлап келуі жиілей түсті. Көршілес облыстар тек экономикалық тиімділікті көздеген барыс-келіспен шектелмей, ұрпақтар сабақтас­ты­ғын­дай рухани, мәдени байланыстың қанат жаюына да мән беріп отыр.

Айтқандай, Атырау мен Астрахань топырағын мекен еткен этностар ара­сында да тығыз байланысты жандан­ды­ра түскен «Дос жүрегін шекара бөле алмайды» атты халықаралық фес­тиваль өткізу дәстүрге енді. Биыл бұл фестиваль төртінші рет Атырауда өтті. Оған мұнайлы өңірдегі этномә­дени бірлестермен бірге Ресейдің Волгоград, Астрахань облыстарынан да осындай орталықтардың өнерлі өкіл­дері белсене атсалысқан қатысушы­лар­ды облыс әкімінің орынбасары Серік Айдарбеков құттықтады. Атырау­да­ғы халықаралық фестивальға астра­хандықтарды бастап келген «Жол­дас­тық» қазақ мәдени қоғамының төраға­сы Ахмет Жаркенов ежелден көршілік хақының маңызына баса мән беретін екі ел арасындағы ынтымақтастық, іскерлік әріптестіктің аясы кеңи түс­кенін газет тілшісіне былайша сипаттап берді:

– Жаһандану дәуірінде көршілес елдердің өзара байланысты өркендете түсуі үлкен мәнге ие. Себебі, көрші ел­дердегі халықтар, конфессиялар ара­сындағы түсіністік пен достықты да­мыту – мемлекетаралық тұрақтылық пен толеранттылықты сақтаудың бас­ты факторы бола алады. Өйткені, Ре­сейдің оннан өңірі Қазақстанмен ше­кa­раласып жатыр. Соның ішінде Ас­трахань облысы мен Қазақстанның Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарымен тарихи, мәдени, әлеу­мет­тік-саяси, экономикалық байла­ныс­тарды өркендетуде шешімін тап­пайтын мәселе туындаған емес. Ас­трахань өңірінде мәңгілік тыныс­таған Бө­кей ханға кесене тұрғызылуын шекаралас өңірлер арасындағы тарихи то­ле­ранттылықтың дәлелі дей аламыз.

Ал фестиваль барысына тоқталар болсақ, өзге этностардың өкілдері өз тілдерінде ғана ән шырқаған жоқ. Бас­қа ұлттардың әнін де әуелетті, биін де дөңгелене биледі. Мәселен, Аты­рау­дағы «Мұрагер» фо­л­ь­клорлық ансамблі қа­зақ сазгерлерінің күй­ле­рін орындаумен бірге, «Еврей мелодия­сы» секілді өзге ұлт­тардың туындыларын да нақышына келтіре орындады. Украин мә­дениетін дамытуға ден қойған «Хуторянка» этномәдени бір­лес­тігінің өнерлі өкіл­дері қазақтың «Сары­жай­лау» әнін тамыл­жыта орындағанда, зал толы көрермен ерек­ше ықылас та­ныт­ты. Осы әнді орын­да­ған топтағы украин аруының қазақ биін бұрала билегені де халықтар арасындағы достық шекара болмайтынын анық аңғартып тұрды.

Ресейден келген қазақ, орыс, түр­кімен, чешен-ингуш, казак этномәдени бірлестіктерінің өкілдері өз өнерлері­мен атыраулық өнерсүйер қауымның талқысына салды. Газет тілшісіне ресейлік қонақтар Қазақстандағы этнос­аралық татулықты нығайтудың өнеге аларлық тұстары туралы пікірлерін білдірді. Мәселен, Астраханьдағы чешен қоғамдық ұйымына жетекшілік ететін Салавади Абдулкадиров: «Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының құры­луын Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың этносаралық достықты ны­ғай­тудағы көреген шешімі деп есептеймін. Өйткені, Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт пен өзге де этнос­тарды бір-бірімен жақындастырып, бірлік пен ынтымақта өмір сүруін қа­лыптастыруда Ассамблеяның рөлі ерекше. Осы үрдісті біздің Ресейде де қолданса ғанибет болар еді», деді.

Ресейлік «Кириллица» қоғамдық ұйымының төрағасы Максим Анюшин мұндай халықаралық фести­валь­дің ел­аралық байланыстарды одан әрі жан­дандыруда тағылымдық тұста­ры­на ай­рықша көңіл аударды. «Біз бүгін Аты­раудағы көптеген этномәдени бірлес­тіктердің өкілдерімен өзара пікір алысып, түрлі тақырыпта ой бөлістік. Өнер ұжымдарының өнер­лерінен рухани нәр алдық, басқаша айтқанда, жанымызды байыттық. Атыраудан жаңа достар таптық. Өйткені, дос жү­регіне шекара кедергі бола алмайды», деген пікірімен бөлісті.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.

Атырау облысы.